-        Кітап қорын ұйымдастыру және пайдалану бөлімі-қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің құрамындағы бөлім болып табылады.

-        Бөлім оқу, пайдалану және қор құжаттарын сақтауды іске асыруды ұйымдастырады және кітап сақтау бөлімінің міндеттерін орындайды.

-        Қорды орналастыру кезінде баспалардың сақталу және жайғастыру тәртібі сақталуы тиіс. Өңделмеген баспа басылымдары мен материалдар қолдануға берілмейді.

-        Бөгде адамдардың қор сақталатын бөлімдерге кіруіне жол берілмейді.

-        Кітап қорын сақтау бөлімінде көпшілік іс-шаралар өткізуге жол берілмейді.

-        Кітапхана басылымдарды жаңғырту және ағымдағы жөндеу жұмыстарын(түсіп қалған парақтарды жапсыру, жыртылған жерлерді жапсыру, мұқабаны, қатырма бетті желімдеу) ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

-        Ұзақ және тұрақты сақтау мақсатында құнды басылымдардың сақтандыру сандық қоры(электрондық көшірмелері) құрылады.

-        Артық дублетті әдебиетті баска кітапханаларға сұранысы бойынша олардың ведомстволық бағыныштылығына қарамастан бере алады.

-        Көнерген, дублеттік, жоғалтып алынған, мазмұны бойынша ескірген баспа басылымдары мен материалдар есептен шығарудың тәртібі туралы нұсқаулыққа сәйкес есептен шығарылады.

-        Кітапхана қорында сақталатын баспа басылымдары мен материалдар оқырмандардың қолданысына абонемент бөлімі бойынша беріледі.

-        Кітапхана қызметкерлері оқырмандық берешектерді болдырмау және жою бойынша тұрақты жұмыстар жүргізеді.

                                                         Бөлім меңгерушісі: Алимбаева Н.Р.

Пікір білдірді (1) Қаралды: 97