С.Сейфулллин атындағы кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінде кітапханалық қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында оқырмандардың қажетті әдебиеттерін еркін таңдап, уақыттарын тиімді пайдаланып, ақпараттық сұраныстарын толық жүзеге асыруы үшін шектеусіз қолжетімділік қарастырылған. Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің басты мақсаты – барлық деңгейдегі оқырмандарға ақпарат беру, талаптарын тез және сапалы орындау болып табылады. Оқырмандардың оқуға және кітапқа деген тұрақты қызығушылықтарын қалыптастыру. Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі абонементтен және оқу залынан тұрады.Оқырмандарға кітапханадан әдебиеттерді үйге алуға мүмкіндік беретін бірден-бір бөлім – абонемент бөлімі. Бөлім қорында әдебиеттер орыс, қазақ тілдерінде жинақталған. Бөлімде басым көпшілігі көркем әдебиет және әр-түрлі сала бойынша әдебиеттерді қамтиды. Оқу залы - толассыз ағып жатқан ақпараттар тасқынын дер кезінде оқырмандарға жеткізіп, сұранысын қанағаттандырады. Бөлім қызметкерлері оқырмандарды көптеп тарту, кітап оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында түрлі мәдени іс-шаралар ұйымдастырады. Оқырмандарға қызмет көрсету  бөлімінің  қызметкерлері оқырмандармен кең көлемде, атаулы күндерге, әр тақырыптарға байланысты, жаңа түскен әдебиеттерге арналған кітап көрмелері, тарихи-танымдық кештер, әдеби-сазды  кештер, әдеби қонақжай, кездесу кештері, дөңгелек үстел отырыстары, поэзия кештері, презентациялар өткізіп тұрады. Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінде «Қаламгерлер клубы» жұмыс жасайды. «Қаламгерлер клубы» өлкенің ақын – жазушылары, зиялы қауымы мен кітапхананың бірлескен жобасы.

Бөлім жетекшісі:                             Бірәлі Ә.Б.

Пікір білдірді (1) Қаралды: 154