«СарыАрқа кітапханасы» топтамасынан шыққан «Арқаның ақ таңы»,     «Арқадағы арда жыр» атты  кітаптарының тұсау кесер кешінің сценарийі

Өтетін орны: С.Сейфуллин атындағы кітапхананың мәжіліс залы

Күй: «Сарыарқа»

Жүргізуші : Қайырлы күн құрметті қонақтар, жыр сүйер оқырман қауым! Мәдениетіміздің майталмандарын, әдебиетіміздің ұлылығын, поэзиямыздың пырағын, «сөздің сәйгүлігі, ойдың озарманын қолдайтын халайық!

Жүргізуші : Білім шуағын төгетін нұрлы мекен  үшін бүгін қуанышты жағдай. Білім кемесі тағы да «СарыАрқа кітапханасы» топтамасынан шыққан 100 атаумен толыға түсті.

Жүргізуші : Сарыарқа жазушылары мен ақындарының шығармашылығын жүйелеп,  Елордалық «Фолиант» баспасында шыққан еңбекте 800 автордың шығармасы жинақталған.
 Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа жеке том арналды. Онда журналистердің болашақ Ұлт көшбасшысының Қарметкомбинатта жұмыс істеп жүрген кезінде жазған материалдары бар.

Жүргізуші : «Тәуелсіздік жылдарындағы Сарыарқа» томы да жергілікті БАҚ-та қазақ және орыс тілдерінде жарияланған материалдардан топтастырылған.

Жүргізуші : «Жаңа дәуір әдебиеті» сериясында алашордашылар Әлихан Бөкейханов, Жақып Ақбаев, Әлімхан Ермековтың туындылары жинақталған. Қарлагта қамауда болғандардың туындылары да шет қалмады.

 Жүргізуші : Аталған антологияда Орталық Қазақстан өлкесінде туып-өскен Қаз дауысты Қазыбек би, Бұқар жырау, , Әсет Найманбайұлы, Мәди Бәпиұлы, Тайжан, Шашубай, Нарманбет, Қасым Аманжолов, Әлжаппар Әбішев сынды көптеген халқының перзенттерінен  бастап бүгінгі жас дарындарға дейінгі үш жүз алпыс екі автор қамтылған екен.

 Жүргізуші : «СарыАрқа кітапханасы» топтамасынан шыққан «Арқадағы арды жыр» мен «Арқаның ақ таңы» атты қос кітапқа енген жырлары иірімі терең, нәзік болып келеді, табанды қайсарлыққа арқа сүйейтін нәзік жандарымыздан бастағанды жөн көрдік. Олай болса «Өлең өлкесінің самалдары» атты жыр кешіне қош келдіңіздер!

Жүргізуші : Әр тараптан жыл құсындай куаныш жетелеп келетін кітаптардың патшалығы кітапхананың қонақтарымен таныстырайық:

1.Нұрлыбаева Салтанат Сүлейменқызы - Жезқазған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы

2.Мырзабеков Батырбек Тыныштықбайұлы - Қазақстан Жазушылар Одағының Жезқазған қалалық филиалының және С.Сейфуллин атындағы кітапхананың қаламгерлер клубының төрағасы

3. Әлеуханұлы Базарбай – аймақтық « Дидар» телеарнасының директоры

4..Ештанаев Ғазиз Елеусізбайұлы – филология ғылымдарының кандидаты, доцент, «Тілтану» оқу орталығының басшысы

5.Ахметов Кенжебай Карбозұлы - филология ғылымдарының кандидаты, доцент, драматург

6. Алпанбаева Эльвира Қадіржанқызы   – «Жезказганский вестник» газетінің бас редакторы

7.Түсіпов Ізтөлеу Бекенұлы  – аймақтық «Дидар» телеарнасы директорының кеңесшісі, ҚР Журналистер Одағының мүшесі

Жүргізуші : Ұл­тымыздың қанына сіңген өр міне­зін, ақыл-парасатын, адал рухын, адам­­гершілік қасиетін, даладай дар­­хандығы мен данагөйлігін паш ете­тін сыршыл жырдың  кербездері:

8.Смағұл Сара Кәрімсаттарқызы

9. Траисова Үміткүл Олжайқызы

10.Жумкина Света Серікбайқызы  

11.Үмбетова Алмагүл Қоғабайқызы

Жүргізуші : Алғашқы құттықтау сөз кезегі рухани білімнің, рухани мәдениеттің жанашыры: Жезқазған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Нұрлыбаева Салтанат Сүлейменқызына  беріледі.       

 Сөз:

 

Жүргізуші: Бойына Алладан дарыған ақындық қасиетін халқына сыйлап кеткен ақынымыз марқұм Нұрәсила Бәрменбева апамыздың да өлеңдері «Арқаның ақ таңы» жинағына енген. Олай болса жыр кешіміздің шымылдығын Нұрәсила Бәрменбевадан бастағанды жөн көрдік.

Бейнебаян: Нұрәсила Бәрменбева туралы.

Өлеңдері: «Жезқазған», «Ырысты өлкем», «Жастарға», «Өлең мен өзім», «Ұлытау».


Жүргізуші: Нұрәсила Бәрменбеваның өлеңдерін оқыған М.Әуезов атындағы кітапхана –филиалының «Жас толқын» поэзиялық клубының оқырмандары

Жүргізуші: Киелі поэзия әлемінде өзіндік үн, өзіндік сыр, өзіндік бояу, ажары бар, сырлы да нәзік өлеңдерімен оқырман қауымын елең еткізіп, жырмен тербеп жүрген ақынымыз –Сара Смағұл.

Бейнебаян: Сара Смағұл туралы

 

Жүргізуші:Сара Смағұлдың қырыққа тартар өлеңдері «Арқаның ақ таңы» жинағына енген.  Сара Кәрімсаттарқызы кітапқа кірген бір –екі туындыларыңызды оқып берсеңіз.

Сара Смағұл: «Жасай бер, азат, еркін қазақ елі.», «Құндылық», «Қайран уақыт»

Күй: 

Жүргізуші: Поэзия - өзінше сұлу, өзінше әрлі, өзіндік ой-түйіні, өрнегі бар, жан- дүниеңе ти­гі­зер әсері бөлек әлем. Сондықтан да жыр көгіндегі әлгі жұлдыздар жақұт­тай жарқырап, әрқайсысы әр қы­рынан, ерекше құбылып, поэзия ас­панын асқақтата түсетіні сөзсіз. Даланың қа­ра желі мен селдеген көк нөсеріне төтеп беріп, жайнап өсетін жауқа­зын­ға ұқсайтын ақын қызымыз - Жумкина Света Серікбайқызы.   

Бейнебаян: Света Жумкина  туралы

Жүргізуші: Света Серікбайқызы сәулелі сезімнің сыңғырлы үнін, жүрек дүрсілі һәм қоңырауын оқырмандарға кітапқа кірген өлеңдеріңіз арқылы жеткізсеңіз.

Света Жумкина: «Нартәуекел», «Өмір»

 

 

 

Жүргізуші:

Жыр ғұмырды бүгінде ұға алар кім?

Ұқсас болмас тірлігі мың адамның,

Түсің жаным, түсінбе, өзің білші,

Қасіреті таусылмас әр адамның.

Жыр ғұмырды бүгінде ұға алар кім? –деп жырға қосқан ақынымыз Трайсова Үміткүл Олжайқызы да ортамызда.

Бейнебаян: Үміткүл Трайсова  туралы

Сырлы да, сиқырлы поэзия  әлеміне өзіндік  қалам тартып жүрген Үміткүл Олжайқызын қошаметпен ортаға шақырайық. Үміткүл апай жырдан шашу шашшаңыз.

Үміткүл Трайсова: «Мақпал түн», «Үзілмеген үміт»

 

Жүргізуші:

Көкжиектен көтерілген ғажап күн,

Көңілдерден болмасыншы азап-мұң.

Жаным еркін, әнім еркін болсын тек,

Өйткені мен дала қызы, қазақпын.  – деп табиғатпен оның төл баласындай сырласа отырып, өлеңді кестеше тоқып, түрлендіріп шығаратын ақын қызымыз - 

Үмбетова Алмагүл Қоғабайқызы. Алмагүл Қоғабайқызының жиырмаға тарта өлеңдері «Арқадағы арда жыр» жинағына енген.

Бейнебаян: Алмагүл Үмбетова  туралы

Жүргізуші: Алмагүл Қоғабайқызы  поэзия әлемінде өз ойынызды өрнектеп бере білетін, мазмұнды да мағыналы өлеңдеріңізді оқырмандарыңыздың жүрегіне жеткізсеңіз.

Алмагүл Үмбетова: «Жүрегімде жазылмаған жырлар бар», «Ертегі – өмір өтуде»  

Жүргізуші: Академик Серік Қирабаев пен ақын Ғалым Жайлыбай «Сарыарқа кітапханасы» сериясы – аймақтың паспорты десе артық емес. Аса бағалы құндылық. Көзайым інжу-маржан. Бұл – билік пен зиялы қауымның бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарған жемісті аққұла еңбегі» – деп бағалады.   Қазақ әдебиетінде өз соқпағын салып, даңғыл жолын қалыптастырған  Батырбек Тыныштықбайұлы, Ғазиз Елеусізбайұлы, Кенжебай Карбозұлы және ҚР Журналистер Одағының мүшесі Базарбай Әлеуханұлы не дейді екен. Ақ  тілектің лебіздері өздеріңізде.                                                                                                                                            

Күй:

Жүргізуші :«Сарыарқа кітапханасы» сериясымен шыққан бүгінгі екі кітап  қара өлеңнің бесігі, қара қазақтың несібі болған ақындарымыздың  жауһар жырлары топтастырылғанына жыр кешінде куә болдыңыздар.  Қорытынды сөз кезегін ОКЖ –нің директоры  Капкеева Шарипа Құрманқызына береміз.

Жүргізуші :Қарағанды облысы еліміздің өнері мен мәдениетінің де, әдебиетінің де ұлы тұлғаларын тудырған асқақ аймақ екенін, рухани бай мұрамызды - ұлы тұлғалар шығармаларын сақтап қалу және келешек ұрпаққа қалдыру үшін құрметті оқырман қауым  «Сарыарқа кітапханасы» сериясының кітаптарымен сусындайық деген ақ тілекпен ОКЖ- сі бүгінгі жыр кешін аяқтайды.  Келесі кездескенше аман-сау болыңыздар!

Жауапты: ОКЖ директоры Капкеева Ш.Қ.                            

Құрастырған: «Кітапханаларды дамыту ісі және  әдістемелік жұмыс»

                         бөлімінің меңгерушісі  Елубекова Қ.Т.

Өз ой-пікіріңізді білдіріңіз

Сіз қонақ ретінде ой-пікір білдіре аласыз

0

Ой-пікір білдіргендер