«Ақылдың сөнбейтұғын шамшырағы» атты оқырмандар сайысының 

СЦЕНАРИЙІ

Өтетін уақыты: 21 сәуір 2016 жыл

Өтетін орны: С. Сейфуллин атындағы кітапхананың  мәжіліс залы

 Музыка ойнап тұрады.

Көрмелер:

Байназарова Жібек: «Оқырман жаны –сыр сандық» көрме – дәмді тағам (С.Сейфуллин кітапханасы)

Ерназар Саят Ерланұлы: «Әуестенсең әрнеге, ертең тұрар көрмеде» әуесқой-көрме (М.Әуезов атындағы кітапхана -филиалы)

Нақай Малика Әмірбекқызы: «Өнердің жүзіп өріне» көрме –шабыт (Балалар мен жасөспірімдер кітапханасы)

Әсетова Гүлжанат: «Сүтте сансыз сыр бар» көрме –тағам (№2 үлгілі кітапхана -филиалы)

Сұрағанова Бейсенкүл Назарқызы «Киелі өнер – қолтаңбасы» көрме – бұйым (№9 үлгілі кітапхана -филиалы)

Балтабекова Дилназ «Бояулар сыр шертеді»  көрме- вернисаж (№7 кітапхана -филиалы)

Жүргізуші: Армысыздар қадірменді қонақтар, кітап сүйер оқырман қауым!  Кітап жүректі үлкейтетін, жанды тазартатын, сананы көркейтіп, адамның рухани шөлін қандырар қайнар көзі. Ақынды ақын еткен де, жаманды жақсы еткен де кітап. Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне арналған «Ақылдың сөнбейтұғын шамшырағы» атты оқырмандар сайысына  қош келдіңіздер!

Уа, жиылған халайық!

Түгел бері қарайық,

Сөзінің бар киесі,

Рухани әлем иесі,

Кітап Ханшайымына

Баршамыз назар салайық.

Ести алмай лебізін

Әсте өкініп қалмайық.

Музыка ойналып : Ортаға кітап киіміндегі Ханшайым шығады.

Кітап Ханшайымы:

Мен – Кітап Ханшайымымын,

Иесі  рухани әлемнің.

Әкелдім кітап патшалығының

Бәріңе жалынды сәлемін!

Мен – білімнің түпсізі, аспанымын,

Мен – ғылымның тұңғиық бастауымын,

Рухани нәр берер бұлақпын мен,

Меніменен байиды бар танымың.

Мен – рухани әлеммін, кітап атым,

Баға жетпес байлықпын, асыл затым,

Мені көктен түсірді жаратқаным

Шын қажеті болған соң адамзаттың.

Мен – кітаппын, білімнің бұлағымын,

Жауабымын сауал мен сұрағыңның,

Ақылшыңмын, ұстазбын, ғажайыппын

Бағдаршаммын, адаспас шырағыңмын.

Жүргізуші:Кітап – нәзік те, тұнық әлем!

Кітап Ханшайымы:  «Әлем кітап беттеріне жазылу үшін жаратылған»

Жүргізуші: Кітап – білімнің түпсіз аспаны, терең бастауы!

Кітап Ханшайымы:   Кітап – рухани қазына, байлық, өмір айнасы, замана сыры, тарих шежіресі, оқу тәрбие құралы.

Жүргізуші: Кітап – ғылым, ол бүкіл адам баласына ортақ кітап бар білімнің, бар ғылымның бастауы.

Кітап Ханшайымы:   Кітап барлық заманда да білім қазынасының ғажайып қоймасы.

Жүргізуші: Кітап бәріміздің де мәңгі сенімді достарымыз, серіктеріміз   болсын!

Кітап ханшайымы: Әрқашанда  жүздеріңіз жарқын, жолдарыңыз даңғыл болсын!

Ән:

Кітап ханшайымы:

Биіктетер білімнің ақ ордасын,
Мерекең құтты болсын, оқырманым!
Қол соғып, қошеметтеп қарсы алайық,
Келешек ғалымдар мен даналарды!
Қарсы алайық жаңа ғасыр перзенттерін,
Көшбасшысын, керемет кемеңгерін,
Болашақ елбасы мен, министрлер,
Ерен ер қазағымның төрелерін.
Ішінде әнші де бар, ақын да бар,
Хас талант, қасиетті дарын да бар,-
Дей келе,  сайысымызға қатысушы оқырмандарымызды  ортаға шақырайық.

Өтенов Айдос Аманжолұлы - №9 үлгілі кітапхана- филиалының оқырманы (ЖИГК)

Құттыбай Манара Қанатқызы – Балалар мен жасөспірімдер кітапханасының оқырманы (политех. колледж)

Болатова Камшат  Қуанышқызы  – М.Әуезов атындағы кітапхана –филиалының оқырманы. (Саз колледжі)

Мұханбетжан Толқынай Арманқызы – С.Сейфуллин атындағы кітапханасының оқырманы (саз колледжі)

Уалинова Ирина - №2 үлгілі кітапхана- филиалының оқырманы (Тау –кен колледжі)

Төлегенова  Ботагөз Серікқызы -№7 кітапхана –филиалының оқырманы (ЖГК)

Жүргізуші: Сайысымыздың мақсаты: оқырмандарды кітап оқу өнеріне, дүниетанымын кеңейтуге, басқа  кітапхана оқырмандарымен достық алтын көпірін орнату. Алайда, қазынаның асылы, өмірдің шырағын жағар құнды мұра кітапты қызыға оқуға бағытталған сайысымыздың қазылар алқасымен таныстыра кетейік.

1.Мусина Балбөпе Кадыкенқызы – Қазылар алқасының төрайымы,  Кітап қорын  толықтыру және өңдеу бөлімінің бөлім жетекшісі

2.Сүлейменова Самал Қайратқызы -Қазылар алқасының мүшесі, Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің маманы

 3. Сейсебаева Жанат Рахымжанқызы- Қазылар алқасының мүшесі,  «Тілтану» оқу орталығының әдіскері.

Кітап ханшайымы: ХХІ ғасыр-білім, ғылымның ғасыры. Еліміздің Еуразия жүрегіндегі Жаңа Қазақстанды өркендетудің 2050 жылға дейінгі бағдарламасында талабы таудай, қабілетті, іздемпаз жастар ұлтымыз үшін абырой екені, ондай жастардың әлемдік бәсекелестікке төтеп беретіні, ұлт ақыл-ойының ұйытқысы болатыны көрсетілген. Өркениеттің көшінен қалмау үшін біз білім сапасын арттырып, адам ресурсын байытуымыз қажет. Болашақ білімді жастарымыздың қолында. Сайысымызға ақ тілегін білдіру үшін ортаға ОКЖ –нің  директоры   Капкеева Шарипа Құрманқызын шақырамыз.

Кітап ханшайымы: Қатысушылар сахна сыртына дайындалуға рұқсат.  

Жүргізуші: Қазақстан –егеменді ел, тәуелсіз ел,

                    Болашаққа нық басып буынған бел.

Көкке өрлеген, байрақты желбіретіп

Қуаныш пен шаттыққа қадам басқан ел –дей келе Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығының аясында ұйымдастырылған сайысымыздың алғашқы белесі «Визитка». Қазылар алқасы сайыстың шарттары алдарыңызда. Бағалау 5-10 ұпай аралығында. Сайыскерлерімізге сәттілік тілек тілеп бастайық.

Өтенов Айдос Аманжолұлы - №9 үлгілі кітапхана- филиалының оқырманы (ЖИГК)

Құттыбай Манара Қанатқызы – Балалар мен жасөспірімдер кітапханасының оқырманы (политех. колледж)

Болатова Камшат  Қуанышқызы  – М.Әуезов атындағы кітапхана –филиалының оқырманы. (Саз колледжі)

Мұханбетжан Толқынай Арманқызы – С.Сейфуллин атындағы кітапханасының оқырманы (саз колледжі)

Уалинова Ирина - №2 үлгілі кітапхана- филиалының оқырманы (Тау –кен колледжі)

Төлегенова  Ботагөз Серікқызы -№7 кітапхана –филиалының оқырманы (ЖГК)

1- белес: «Визитка» 

Кітап ханшайымы: Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. «Кітап - алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани  өсиеті.  Кітап – мәңгілік парасаттың ең киелі ғибраты, қоғамның мәдени күштерін дамытудың қуатты құралы, қайнар бұлағы. Ақылына ақы сұрамайтын асыл қазынаcы  кітапты жарнамалайтын 2-белес «Жаңа кітаптар әлеміне»  де келіп жеттік. Тек кітап қорына түскен  жаңа бір кітапты жарнамалау керек.  

Өтенов Айдос Аманжолұлы - №9 үлгілі кітапхана- филиалының оқырманы (ЖИГК)

Құттыбай Манара Қанатқызы – Балалар мен жасөспірімдер кітапханасының оқырманы (политех. колледж)

Болатова Камшат  Қуанышқызы  – М.Әуезов атындағы кітапхана –филиалының оқырманы. (Саз колледжі)

Мұханбетжан Толқынай Арманқызы – С.Сейфуллин атындағы кітапханасының оқырманы (саз колледжі)

Уалинова Ирина - №2 үлгілі кітапхана- филиалының оқырманы (Тау –кен колледжі)

Төлегенова  Ботагөз Серікқызы -№7 кітапхана –филиалының оқырманы (ЖГК)

2- белес: «Жаңа кітаптар әлемі» - жарнамалау

Кітап ханшайымы: Тәуелсіз елді өркениетті әлемге танытып, дамыған елдер қатарына терезесі тең ететін күш – білім және білімді ұрпақ.

Келесі сайыстың жоспарында,
Түседі бәсекеге білімділік.

Олай болса оқырмандар сайысының 3-белесі яғни білімін тексеру:   «Білгенге маржан» деңгейлік сұрақ-жауап . Ортаға сайыскерлерді қошаметпен қарсы алайық. Әр оқырманға кезек –кезек 4-сұрақтан қойылады. Өздеріңіздің  таңдауларыңызға қарай,  тез әрі нақты жауап беру керек. Залдағылар тыныштық сақтауларыңызды сұраймыз. Таңдау сізде. Қай тақырып, қай ұяшықты таңдайсыз

Өтенов Айдос Аманжолұлы - №9 үлгілі кітапхана- филиалының оқырманы (ЖИГК)

Құттыбай Манара Қанатқызы – Балалар мен жасөспірімдер кітапханасының оқырманы (политех. колледж)

Болатова Камшат  Қуанышқызы  – М.Әуезов атындағы кітапхана –филиалының оқырманы. (Саз колледжі)

Мұханбетжан Толқынай Арманқызы – С.Сейфуллин атындағы кітапханасының оқырманы (саз колледжі)

Уалинова Ирина - №2 үлгілі кітапхана- филиалының оқырманы (Тау –кен колледжі)

Төлегенова  Ботагөз Серікқызы -№7 кітапхана –филиалының оқырманы (ЖГК)

1.Тарих.

 2.Әдебиет.

3. Өлке.

4.Спорт,Өнер.

5.Кітап. Кітапхана.

6. Елтану.

3- белес: «Білгенге маржан» - сұрақ –жауап  

Кітап ханшайымы:Бүгінгі сайыста Омарұлы Аманжолдың «Жанымдағы жазулар» өлеңдер жинағы жарнамаланған осы кітабына енген өлеңін немересі Назерке Жарылқасынова  орындап беруге өтініш білдірді. Назеркенін орындауында «Жезқазғаным» әнін қабыл алыңыздар.

Ән: Назерке Жарылқасынова  «Жезқазғаным»

Жүргізуші: Барша әлемді ұлан-ғайыр білімімен таң қалдырған Ұлықбек, Әл-Фараби сынды ғұламалар балалық балғын шағынан өмірінің соңына дейін кітаппен дос болғын. Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев өз бетінше ізденудің, кітапті көп оқудың арқасында шығармашылығын жетілдірді, әрі бірнеше тілді меңгерді, ойшылдардың еңбегімен танысты. Ал біздің сайыскерлеріміз «Шырқатайық шабытты» атты 4-белесте қай шығармадан үзінді оқып өнерлерін көрсетер екен. Олай болса «Шырқатайық шабытты» атты 4-ші белеске кезек берейік.

Өтенов Айдос Аманжолұлы - №9 үлгілі кітапхана- филиалының оқырманы (ЖИГК)

Құттыбай Манара Қанатқызы – Балалар мен жасөспірімдер кітапханасының оқырманы (политех. колледж)

Болатова Камшат  Қуанышқызы  – М.Әуезов атындағы кітапхана –филиалының оқырманы. (Саз колледжі)

Мұханбетжан Толқынай Арманқызы  – С.Сейфуллин атындағы кітапханасының оқырманы (саз колледжі)

Уалинова Ирина - №2 үлгілі кітапхана- филиалының оқырманы (Тау –кен колледжі)

Төлегенова  Ботагөз Серікқызы -№7 кітапхана –филиалының оқырманы (ЖГК)

4- белес: «Шырқатайық шабытты» - өнер көрсету  

Жүргізуші: Болашақта еркін өмір сүріп, ойлаған армандарымыздың орындалуы тек ерінбей терең білім алғанда ғана орындалары сөзсіз. Ал білім алудың басты құралы – кітап екенің бәріміз жақсы білеміз. Сайыскерлеріміз бүгінгі 4-белесте өздерінің білімдерін тағы бір дәлелдеді. Сайыс өз мәресіне жетті. Қазыларымыз өз шешім шығаруға

уақыт берейік.


Кітап ханшайымы:  Кітапхананың игілікті істерімен және кітапхананың білімді де, талантты «Үздік оқырмандарымен» таныстыңыздар. Кітапханадан кітап нәрімен сусындап қана қоймай, сонымен рухани орын шығармашылық жұмыстарымен шұғылдануына көп ықпалын тигізеді. Соның бір айғағы бүгінгі ұйымдастырылған көрмелер олай болса  көрмелермен танысайық.

Көрмелер шеруі:

Кітап ханшайымы: Қазылар алқасы да  өз шешімін шығарып келген сияқты. Марапаттау алдында әнге кезек берсек.

Ән:

Кітап ханшайымы: Бәсекеге қабілеттіліктің басты мақсаты-білім,ал білімнің кәусар бұлағы кітап екені бәрімізге аян. Сондықтан, еліміздің болашағы жастардың ғылым, білім жолындағы өмірлік құлшынысына жолдама беретін мәдени орталыққа айналып отырған бұл –Кітапхана. Рухани орданың басшысы  Шарипа Құрманқызы бүгінгі сайысты түйіндеп, сонымен шығармашылық көрмелердің авторларын марапаттасаңыз.

Марапаттау сәті: 

Кітап ханшайымы:  Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың  « Еңбегіңмен алған білімнің өзің үшін де, елің үшін де таусылмас асыл қазына болмақ» деген сөзімен қазылар алқасын және сайыскерлерімізді ортаға шақырайық.

Марапаттау сәті:

1-    дәрежелі Диплом:  Мұханбетжан Толқынай Арманқызы – С.Сейфуллин атындағы кітапханасының оқырманы (саз колледжі)

2-    дәрежелі Диплом:  Өтенов Айдос Аманжолұлы - №9 үлгілі кітапхана- филиалының оқырманы (ЖИГК)

3-    дәрежелі Диплом: Төлегенова  Ботагөз Серікқызы -№7 кітапхана –филиалының оқырманы (ЖГК)

«Ұшқыр ой» номинациясы: Болатова Камшат  Қуанышқызы  – М.Әуезов атындағы кітапхана –филиалының оқырманы. (Саз колледжі)

«Талант- ұшқын»  номинациясы: Құттыбай Манара Қанатқызы – Балалар мен жасөспірімдер кітапханасының оқырманы (политех. колледж)

«Мақсаты – биік» номинациясы: Уалинова Ирина - №2 үлгілі кітапхана- филиалының оқырманы (Тау –кен колледжі)

 Кітап ханшайымы: Кітап – атадан қалған асыл мұра, көненің көзі, ескінің сөзі. Ол – мәңгілікке сапар шеккен ақыл ескерткіші. Заманымыздың заңғар жазушысы М.Әуезовтың сөзімен айтқанда, «Кітап – әр адамның өмірлік досы».  Ендеше, кітап – білімді қару еткен жаңа әлемдегі жаңа еліміздің озық та өнерлі өкілі болайық!  Осындай игілікті шараларда кездескеше.


Жауапты: ОКЖ директоры Капкеева Ш.Қ.                            

 Құрастырған: «Кітапханаларды дамыту ісі және  әдістемелік жұмыс»

                          бөлімінің меңгерушісі  Елубекова Қ.Т.

Өз ой-пікіріңізді білдіріңіз

Сіз қонақ ретінде ой-пікір білдіре аласыз

0

Ой-пікір білдіргендер