«Ақылы - асыл,  аты –аңыз»

                                 Дулат Бабатайұлы  «Өсиетнама»

                                             ( патриоттық кеш)

 Мақсаты:Қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі суырыпсалма ақын, ойшыл, талантты тұлға  Дулат Бабатайұлының шығармашылығын кеңірек насихаттау.Оқырмандардың тіл шеберлігін, дүниетанымдық көзқарасын арттыру, туған жерінің елжанды азаматы болуға, имандылыққа, парасаттылыққа  отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Ақын туралы нақыл сөздер, «Дулат Бабатайұлы Өсиетнама»  бейеролик ұзақ. 3 мин.   «Заманның зарын  жырлаған  Дулат ақын» кітап  көрмесі, «Ақының даналық дариясы» бейнеролик.

     Кітапханашы:

      Сырымды менің сұрасаң,

      Тұманның суық суындай

      Кеудеме қайғы толған соң

      Тынық сумен жуынам

      Сорғалаған нөсердей,

      Жырын тыңда Дулаттың»  деп ақын жырлағандай бүгінгі біздің

 патриоттық кешіміз  ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі-

ақын, ойшыл - Дулат Бабатайұлының шығармашылығына арналады. «Бір ел, бір кітап» республикалық акциясы бойынша зар заман ақындарының арасындағы  жарық жұлдыз - Дулат Бабатайұлының «Өсиетнама» кітабы жыл бойы оқылатын болады. Акцияның мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау,  қоғамның оқуға деген ықласын көтеру. Дулат ақын туралы бейнероликті тамашалайық.

«Дулат Бабатайұлы Өсиетнама»  ұзақ. 2.05  мин. 

/Ақын өмірі мен шығармашылығы туралы  қысқаша дерек/

1- Жүргізуші

 Дулат ақын бұрынғы Семей облысы  Аякөз ауданының Қызылжолда деген атамекенде 1802 жылы дүниеге келген. Дулат ескіше оқыған, сауатты ақын болған.

Ол өзінің толғау-жырларында көптеген келелі мәселелерді көтеріп, өз заманының шындығын көрсекткен. Ақын жырлары 1880 жылы Қазан қаласында «Өсиетнама» деген атпен кітап болып басылып шығып, жинаққаақынныңсолкезеңдегіқазақелініңсаяси-әлеуметтікөміріңшыншылдықпенжырлағаной-толғаныстарыенген. Ол-Патшалық Ресейдің қазақ өлкесін күшпен отарлау кезеңін, одан туған зобалаңды өз көзімен көріп, соған барынша наразылық білдірген. Отарлау саясатының қазақ елін талан-таражға салу әрекетіне қарсы шыққан, халықты күреске шақырған күрескер ақын. Енді ақынның «Осындай заман кез болды» жырын тыңдайық.

1 оқушы Гүлмаржан Қасымбекова

        «Елің түсті езгіге,

        Жол бермей дұрыс сөздіге,

        Көр соқыр бермей тізгінін

        Көкірегі көздіге:

        Елдің қамын жейтұғын,

        Мынауың теріс дейтұғын,

        Шетке қарсы тұратын

        Ішіңнен шыққан адам жоқ.

        Кешегі қайран сәулетің,

        Толықсыған дәулетің,

        Кең несібе нәубетің,

        Береке бірлік ұйтқылы

        Басыңнан кетіп жүйткіді-

        Қайта айналып келмейді,

        Іздегенмен саған жоқ.

        Осындай заман кез болды,

        Ер дегенім ез болды,

        Қамқа, торғын бөз болды,

        Саф алтының жез болды,

        Арындаған тұлпарың

        Азғындап шабан, шалаң боп.

 Кітапханашы

Ақын жастайынан теңсіздік пен әділетсіздік зардабын көзімен көріп, жанымен сезінген. Сол қиындықтарға қарамастан өнер жолын жастайынан қуып өсті.Жастарға үлгі-өнеге берерлік, тәрбиелік маңызы зор өлеңдері, көптеген нақыл сөздері мен өсиеттері тәлім –тәрбиеге толы. Ендеше

ойшыл ақының  «Даналық дария сөздеріне» назар аударайық

Экранда «Даналық дария-Тәуекел»

Кітапханашы

Дулат ақын өз заманының айнасы ғана емес, сол заман тудырған халық зарының түп себебін танытқан ойшыл. Елінің ұлттық дәстүрі мен ұлттық келбеті, халқының ішкі жан-дүниесінің отаршылдар табанының астына тапталуы оның жанына батады. «Еспенбет» дастаның басты тақырыбы-туған жеріне оралып, еліне қамқор бола білген батырдың ерлігі.

Бұл дастанда халықтың көзін ашу, заманмен аяқты тең басуды, ақиқат үшін

күрескер болған Еспенбет батыр тұлғасындағы жақсылық, ізгілікті, айқын суреттеген.  

  

2 оқушы «Еспенбет» дастанынан үзінді Төлеу Әсел

 Жатса-тұрса, Еспембет

Тұлпар мінсем деуші еді,

Қару сайман асынып,

Шепті бұзсам деуші еді

Ішқұса болып асығып,

Туған елін ойласа,

Қалатын жасып, басылып

********************* 

Өле-өлгенше ел болды

Еспенбеттің арманы.

Өзімен бірге жасады

Астындағы тарланы.

Бәрін айт та,бірін айт,

Еспенбеттей ер туса,

Ер күтетін ел қайда?

        «Сарыарқа» күй орындайтын Лейла Мырзатова

 Жүргізуші

Ақын жырлары отарлық езгіні жеткізе әшкерлеп, ұлт бостандығы, ұлт мәдениеті,  ұлт тәрбиесі мен рухани жан тазалығы жолында көркем сөз өнеріне өшпес із қалдырған.

Қазақ үшін ауыр кезеңдерде теңдік үшін, азаттық үшін елін біріктіруге үн қосқан.

3  оқушы  Скендирова Нұрайым

                                     "Айтқызбасымды айтқыздың"

Менің атым – Байғыз қарт,
Көзге түсер сиқым жоқ,
Орынсыз күлер күлкім жоқ,
Есепсіз ұйықтар ұйқым жоқ.
Көзге қораш бойым бар,
Теңізден терен ойым бар,
Шынардан биік санам бар,
Атан өгіз ағызған
Ақылдан алпыс салам бар.
Қорған құрыш сөзім бар,
Бұлттан өтіп, мұнарды
Болжайтұғын көзім бар...
Қайратымнан атым зор
Белгілі атым әлемге.
Қорашсынсаң денемді,
Кеудем – ақыл сарайы,
Кірем десең, кел, міне, –

 Жүргізуші

Бұқар мен Ақтамберді жырауларды ұстаз тұтқан, өлеңді ауызша да жазбашада шығарған Дулат жырау қазақ поэзиясын мазмұн, тақырып жағынан байыта түсті.

Ақынның жеке жыр жинағы “Замана сазы” деген атпен  1991 жылы жарық көрді.  Ақынның  “Тегімді менің сұрасаң”, “О, Сарыарқа, Сарыарқа”, “Асқар таудың сәні жоқ”, т.б. жырлары мен жеке кісілерге айтқан “Сүлейменге”, “Бараққа”, “Кеңесбайға”, т.б. арнау өлеңдері енді.

Шығармашылын зер салып, зерттеген Ұлттық Ғылым Академиясының мүшесі, Мемлекттің сыйлықтың лауреаты Р. Сыздықова «Дулат-Абайдың алдында өткен  қазақ зергерлерінің ішіндегі ең мықтысы. Ол мәдени-рухани дүниемізден өз орын, үлке орын алуға тиіс ақын» -деп баға берген.

Экранда Д.Бабатайұлының  жастарға арналған өсиетіне назар аударайық

 «Даналық дариясы»

 Жүргізуші

 Ақын –«Сауыр жерден айрылып»  жырында туған өлкесінің сұлу табиғатын ардақтап, өзін соны қорғаған қызғышқа теңейді. Елін, жерін жанындай жақсы көріп, оның тағдырын ойлап, күйзелген ұлы жырау тек шындықты, шынайы сезімді бейнелейді. Оның туған жер туралы толғауларының тарихи мәні де, тәрбиелік кұндылығы да сонда.

4      оқушы  «Сауыр жерден айрылып»  Сабырахым Аслан

 Тауды екіге жарасың

 Тасты қашап арасын.

 Кесіп өтіп кезеңді,

Аякөз, қайда барасың?!

Жағаңдағы сұлу тал,

Саясының шөбі бал,

Ерекше семіз ішкен мал.

Сумаң қағып сүйріктей,

Шалқып шапқан жүйріктей

Екіге бөліп ерке су

Қас пен көздің арасын!

Аякөз, сенің бойыңда

Несібе, ырыс тегіс қой,

Сай-салаң тоған жеміс қой,

Қырың –малдың кіндігі,

Ойың-өнім егіс қой

Айтуға ауыз келеме,

Аякөз кімнің жері еді?

Жер сауырын-жайлауды

Ел сауыры дер еді

Жер кімдікі дегенде,

Аға сұлтан, қазылар

Не деп жауап береді?

             

«Заманның зарын жырлаған-Дулат ақын!»  көрмеге шолу.

Кітапханашы

Сөз соңында айтарымыз, тарихсыз халық болмайды. Тарих өз бетімен жасалмайды, тарихты қазағым деп күңіреніп өткен, қаламын найза, тілін қылыш қылып күресіп өткен Дулат сияқты тума таланттар жасайды. Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Дулат Бабатайұлы мұрасын танып білу, ақын  жырлары оқу арқылы  ұрпақ санасына ұ лтжандылық, патриоттық сезімдерін  оята отырып, Отансүйгіштікке тәрбиелеу болып табылады. Дулат ақын ұлт-азаттығын, тәуелсіздікті жырлаған.  Тәуелсіздіктің 25 жылдығығы аясында, «Бір ел-бір кітап» акциясы бойынша өткізіліп жатқан Д.Бабатайұлының шығармашылығына арналған патриоттық кешімізді осымен аяқталды. Өзі өлседе, артына өшпес мұра қалдырған ақын шығармашылығы ұрпаққа үлгі-өнеге.

                                    Пайдаланған әдебиеттер :

  1. Бабатайұлы Д.  Шығармалары : Өлеңдер, дастандар, мысал-өлеңдер

          зерттеулер, пікірлер – Алматы: «Ана тілі» баспасы, ЖШС, 2016.-296 б.

  1. Ай заман-ай, заман-ай...(Бес ғасыр жырлайды): 2 томдық (Құрастырушы М.Мағауин, М.Байділдаев).-Алматы, Қазақ ССР Баспасөз жөніндегі мемлекеттік комитеті Бас редакциясы-РРБ. 1991 Т2-496 б.
  1. «Қазақстан» Ұлттық энциклопедиясы /Бас ред. Ә.Нысанбаев.-Алматы: 2001.-720 б.
  1. Бабадан қалған асыл сөз: Қазақ халқының тарихындағы ұлы тұлғалардың Отан, патриотизм туралы нақыл-өсиеттері, даналық ойлары мен қанатты сөздері /Құраст. А. Акишева.-Алматы: Раритет, 2015.-200 б.

Өз ой-пікіріңізді білдіріңіз

Сіз қонақ ретінде ой-пікір білдіре аласыз

0

Ой-пікір білдіргендер