Капкеева Шарипа Құрманқызы

 

1975 жылы       Шымкенттегі Әль-Фараби атындағы педагогикалық мәдениет институтының кітапхана факультетін бітіргеннен кейін жолдамамен Жезқазған қаласына келіп «Металлург» мәдениет сарайының кәсіподақ кітапханасына кітапханашы болып орналасты.

1978 жылы    облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында аға кітапханашы, аға әдіскер, ғылыми-әдістемелік бөлім меңгерушісіне дейін көтерілді. Осы жылдар ішінде облыстық кітапхананың кітап қорының қалыптасуына, құнды кітаптармен толықтыруда көп еңбек жасады. Бірнеше рет іс-сапармен облыс кітапханаларына тәжірибелік көмек көрсетті.

Москва, Нижний

тагиль, Уфа, Қазан,Свердловск, Могнитогорск. Ижевск қалаларында болып, «Еңбекті ғылыми түрде ұйымдастыру» туралы тәжірибе алмасты.

1987 жылы    жасөспірімдер кітапханасының директорлығына дейін көтерілді.

1995 жылы    Стамбул қаласында өткен Дүниежүзілік кітапханашылар қауымдастығының халықаралық федерациясының мүшесі ретінде 61-ші конференциясына қатысты.

1997 жылдан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханалары біріктірілді. Оған Шарипа Құрманқызы директор болып бекітілді.

2005 жылы    қалалық мәдениет бөлімінің «Мәдениет шамшырағы» алтын белгісімен марапатталды.

2006 жылдан бастап С. Сейфуллин атындағы қалалық әмбебап кітапханасына кітапхана директоры болып қызмет атқарды.

2010 жылдың  1-ші сәуірінен «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ММ-сі директоры.

2011 жылы     ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы мерекелі медалімен, ҚР Ақпарат министрінің «Мәдениет қайраткері» төс белгісімен марапатталды.

Өз ой-пікіріңізді білдіріңіз

Сіз қонақ ретінде ой-пікір білдіре аласыз

0

Ой-пікір білдіргендер

Load Previous Comments