parasat zholy 

  3 ақпан 2021 жылы сағ. 11.00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында (Достық көшесі, 11) «Адалдық алаңы» жобасы аясында облыстық, аудандық және ауылдық кітапханалар жанында «Парасат жолы» (Дорога добропорядочности) өңірлік орталықтарының ашылуы өтті.

   Негізгі мақсаты – ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен бірлесе отырып, қоғамда парасаттылық идеологиясын ілгерілету.
Орталықтарды ашу барысында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев пен Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова «Адалдық алаңы» жобасы аясында облыстық, аудандық және ауылдық кітапханалар жанындағы «Парасат жолы» орталықтарының (Дорога добропорядочности) бірлескен жұмысы туралы Меморандумға қол қойды.

   

“Парасат жолы” орталығының ашылу салтанаты өтті

11.03.2021 жылы "Жезқазған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" КММ-сінде ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевтің ынтымақтастық туралы меморандумына сәйкес
    “Адалдық алаңы” жобасы аясында “Парасат жолы” атты жаңа өңірлік орталық ашылды. Салтанатты іс-шараға Қарағанды облысы мәслихатының депутаты, Қарағанды облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті жанынан құралған ақпараттық насихат штабының басшысы Бекзат Алтынбеков, Жезқазған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Гүлзада Шомаева, Жезқазған археологиялық-тарихи мұражайының директоры Раушан Капарова, ақын, қаламгер Батырбек Мырзабеков, жазушылар Одағының мүшесі, ақын Ғазиз Ештанаев, Жезқазған қаласының құрметті азаматы, Төлеген Бүкіров, ҚР мәдениет қайраткері Салтанат Нұрлыбаева, "Жезқазған қаласы ішкі саясат бөлімінің жастар ресурстық орталығы"КММ мамандары мен кітапхана қызметкерлері, қоғам белсенділері қатысты.
     Іс-шараның негізгі мақсаты – бұқара халық пен шығармашыл зиялы қауым өкілдері бірлесіп, қоғамдағы парасаттылық идеологиясын ілгерілету.
«Парасат жолы» Орталығының негізінде жастардың танымал ақын-жазушылармен, зиялы қауым өкілдері және мемлекет, қоғам қайраткерлерімен кездесулері өткізу жоспарланған. Бұл қоғам  мен зиялы қауым өкілдерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда тиімді шешімдер әзірлеу жөніндегі жұмысқа тарту үшін бірегей алаң болмақ. Сонымен қатар, орталықтың ашылуы азаматтық қоғамның түрлі өкілдері арасындағы өзара іс-қимылдың тиімді алаңына айналады.
    Алдағы уақытта мағынасы кең, мазмұны бай, тақырыбы терең сұхбаттар арқылы ел көңілінен шығатын көкейкесті мәселелер осы орталықта талқыланатын болады.

  

Мемлекеттік органдардың сенім телефондары 

Сыбайлас жемқорлық туралы заң: 

Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған
сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және
көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 - 2017 жылдарға арналған
іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған
сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы

 

2021 жылғы «Парасат жолы» аясында жүргізілетін іс – шараның жоспары
С.Сейфуллин атындағы кітапханадағы «Парасат жолы» орталығының жұмыс жоспары

1. «Парасат жолы» орталығының салтанатты ашылуы. Наурыз
2. «Қазақ көсемі!». Дөңгелек үстел. Наурыз. №7 кітапхана-филиалы.
( Қоғам және мемлекет қайраткері Ә. Бөкейхановтың туғанына 155 жыл).
3. «Хан Абылайдың арманы – ұлттың ұлы мұраты». Тікелей эфир. Сәуір.
( Абылай хан – 310 жыл)
4. «Ақын өлімі туралы аңыз!». Портреттік кеш. Сәуір. №7 кітапхана-филиалы.
(Ақын -Қ.Аманжолов-110 ж).
5. «Менің сүйікті кітабым». Букдатинг. Сәуір
6. «Жылытып жүрген жүректі..». Әдеби подиум. Сәуір. №9 модельді кітапхана-филиалы
(Жазушы Қ.Жұмаділовтің туғанына 85 жыл)
7.«Қазақ музыкасының жарық жұлдызы!». Музыкалық коктейль. Сәуір. №7 кітапхана - филиалы
(Қазақ музыкасын зерттеуші, көрнекті ғалым, әйгілі композитор, академик
А.Жұбанов 115 ж)
8. «Жас өлкетанушы» атты жастар мен жасөспірімдердің ғылыми жұмыстарының аймақтық сайысы. Мамыр
(Өлкетанушы, Жезқазған қаласының Құрметті азаматы, Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Сүтемген Тақабайұлы Бүкіровтің 100 жылдық мерейтойына арналған)
9.«Нұрлы бейнең өшпейді жадымыздан...». Тікелей эфир. Мамыр. №9 модельді кітапхана - филиалы
(Актер Серәлі Қожамқұловтың туғанына 125 жыл)
10. «Есірткіге елікпейтін ел боламыз!». ОДА қызметкерлерімен тікелей эфир. Мамыр. №7 кітапхана – филиалы
(Жасөспірімдермен ашық әңгіме)
11.«Бейбіт күн жасасын әлемде». Тарихи кеш. Мамыр. №6 кітапхана – филиалы. с. Талап
12.«Қаламымен қуанышты сыйлаған!». Портреттік кеш. Мамыр. №7 кітапхана – филиалы
( Жазушы Ш. Құмарованың туғанына 85 жыл).
13. «Мен өмірге ғашықпын» ОДА қызметкерлерімен, дін өкілдерімен, ювиналды полиция қызметкерлерімен тікелей эфир. Мамыр. №7 кітапхана – филиалы
(Суицидті болдырмау)
14. «Халқы сүйген қаламгер». Поэзиялық эстафета. Мамыр. №9 модельді кітапхана-филиалы
(Ақын О. Сүлейменовтің туғанына 85 ж.)
15. «Ұлытау жыршысы». Ақын-жазушылармен кездесу. Мамыр.
(Кен инженері, Қаламгерлік еңбектері үшін Қазақстан Журналистер одағының С.Ерубаев атындағы сыйлығына (1996), Кенесары хан атындағы республикалық сыйлыққа (2002) ие болған, «Түркістанға – 1500 жыл» айдарымен өткен халықаралық әдеби конкурстың жүлдегері Қуаныш Ахметовтың туғанына 75 жыл)
16. «Ұлы дала ұрпақтары!». Әдеби шолу. Мамыр. №7 кітапхана – филиалы
(Кенесары хан ескерткішінің Нұр- Сұлтан қаласында орнатылғанына 20 жыл). (2001 ж.).
17.«Өмірінің өзі дастан». Жыр дастан кеші. Мамыр.№9 модельді кітапхана-филиалы
(Қожабай Тоқсанбайұлының туғанына 180 жыл).
18. «Тарихтан тағлым – өткенге тағзым». Тарихшы Т. Алланиязовпен тікелей эфир. Мамыр. №2 модельді кітапхана-филиалы
31 мамыр – Ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу кеші.
19. «Тұрмыстық зорлық-зомбылық – қоғамның кеселі». Диалог-талқылау. Маусым. №8 кітапхана-филиалы
20. Бұқаралық ақпарат Күні аясында «Ұлытау және ұлт» журналының қызметкерлерімен кездесу. Дөңгелек үстел. Маусым.
21.«Вирустар – тіршіліктің жасушасыз түрі». Дәрігер кеңесі дөңгелек үстел.Маусым. Теректі ауылдық №3 кітапхана-филиалы
22. «Күй анасы - Дина». Блицтурнир. Шілде. №9 модельді кітапхана-филиалы
Күйші Д. Нүрпейісованың туғанына 160 жыл.
23. «Қаламы қарымды қаламгер». Бір кітапқа саяхат. Шілде.
(Жазушы А. Смайыл – 75 жас)
24. «Ерлігі Наурызбайдың ерек еді...». Әдеби променад видео тарих. Шілде. №7 кітапхана-филиалы
(Батыр Наурызбай Құптанбекұлының туғанына 315 жыл).
25. «Қаламымен шыңдалған!». Ғұмырнамалық кеш. Шілде. №7 кітапхана-филиалы.
(Ақын, айтыскер Мұханбетқали Сейтқазиевтің туғанына 65 ж).
26. «Ақындық ғұмырдың айшықты сәті». Әдеби караоке. Шілде
(Ақын И. Сапарбай – 80 ж)
27. «Мыс балқытқан мысты жер!». Дөңгелек үстел. Шілде. №7 кітапхана-филиалы
(Металлургтермен кездесу)
28. «Өнерін өзіне серік еткен». Кеш. Тамыз. №9 модельді кітапхана-филиалы
(Әнші Б.Тілеухановтың туғанына 55 жыл).
29. «Абай поэзиясының ерекшелігі». Әдеби шолу. Тамыз. №2 модельді кітапхана-филиалы
30. «Ата заңым, ар намысым!». Патриоттық сағат. Тамыз. №9 модельді кітапхана-филиалы
(Заң өкілдерінің қатысуымен)
31. «Кітапхана – білімнің күн шуағы». Ашық есік күні. Қыркүйек
32. «Тіл – ұлттық руханияттың өзегі». Тікелей эфир. Қыркүйек
(«Тілтану» оқу-әдістемелік орталығының қызметкерлерімен)
33. «Ән арқауы, жыр арқауы – Жезқазған!». Дауыстап оқу. Қыркүйек
34. «Өнер – өмірдің кең тынысы». Сазды әуен. Қыркүйек. №2 модельді кітапхана-филиалы, №9 модельді кітапхана-филиалы
(Тайжан Қалмағамбетов атындағы филармония әншісі Қ. Әбеуовтің туғанына 50 ж)
35. «Алашта ат оздырған мәшһүр Жүрсін». Жыр отауы. Қазан.
(Ақын Жүрсін Ерман -70 жас)
36. «Қазақтың дауылпаз ақыны». Жыр кеші. Қазан. №9 модельді кітапхана-филиалы
(Қ. Аманжоловтың туғанына 110 жыл).
37.«Нашақорлық - ғасыр індеті». Дөңгелек үстел. Қараша. №6 кітапхана-филиалы. с.Талап
38. «Тарих тұңғиығынан сыр шерткен». Қонақжай кездесу. Қараша
(қоғам қайраткері, Жезқазған қаласының Құрметті азаматы С.Қожамсейітов 80 жаста).
39. «Жаңа жағдайдағы Қазақстан». Дөңгелек үстел. Қараша. №9 модельді кітапхана-филиалы
40. «Ісімен қадірлі болған жан». Бейне-портрет. Қараша. №2 модельді кітапхана-филиалы
(Мемлекеттік қызмет ардагері Баттал Мұқышұлының туғанына 70 жыл)
41. Желтоқсан оқиғасына 35 жыл. «Тәуелсіздік – ұлттық өрлеудің ұлы күні». Қалалық кітап көрмесі. Тікелей эфир. (Желтоқсан оқиғасына қатысушылармен сұхбат)
42. «Ұлытаудың қос қыраны». Тарихи кеш. № 6 кітапхана-филиалы
(Жазушы Баубек Бұлқышев - 105 жыл, Мұқан Иманжанов -105 жыл).


М.Әуезов атындағы кітапхана -филиалындағы «Парасат жолы» бұрышының жұмыс жоспары


1. «Жер сыры мен жан сыры». Геолог С.Сүтбаевтың қатысуымен дөңгелек үстел. Мамыр.
2. «Жыр аққуы». Поэзиялық марафон. Мамыр.
(Ақын Марфуға Айтхожина -85 жыл).
3. «Шертпе күйдің шебері». Күйшілермен, дәстүрлі әншілермен кездесу кеші. Шілде (Күйші – домбырашы Қаршыға Ахмедиярұлының туғанына 75жыл)
4. «Құрылысшы-мәртебелі мамандық». Металлург Нығмет Ілиясовпен кездесу сағаты. Тамыз
5. «Ата заң еліміздің тірегі, тәуелсіздік!». Библиотрек. Тамыз.
6. «Ұстаздар жолы ұлылық-ұрпағы жүрер ұғынып». Естелік сағаты. Қыркүйек.
(Білім саласының үздігі Н.Шенеуованың туғанына 90 жыл).
7. «Қарт оқырмандармен кездесу». Кездесу сағаты. Қазан.
8. «Ән жырымның арқауы-Тәуелсіздік!». Жыр сағаты. Желтоқсан.

№ 5 үлгілі кітапхана -филиалындағы «Парасат жолы» бұрышының жұмыс жоспары


1. «Тағдырлы тұлға». Тарихи сұхбат. Сәуір
(Жазушы Қ. Жұмаділов 85 жаста).
2.«Ұлттар достығы – тұрақтылық кепілі». Дөңгелек үстел. Сәуір.
(Өзге ұлт өкілдерімен кездесу)
3. «Бейбіт өмір сыйлаған Ұлы Жеңіс». Тыл ардагерлерімен кездесу. Мамыр.
4. «Зұлмат жылдар зардабы». Тарихи сағат. Мамыр
5. «Ел рәміздері – ел рухы». Интеллектуалдық танымдық сайыс. Маусым
6. «Денсаулық кепілі - тазалық». Экологиялық ақпарат. Маусым.
7. «Домбыра көнеден қалған асыл мұра». Сазды сағаты. Шілде
8. «Арайлы таңдай – Нұрсұлтан!». Тарихи сағат. Шілде
9. «Есірткі – жас өмірді улаушы». Наразылық сағаты. Шілде
(ІІБ қызметкерлерімен)
10. «Мен зорлық - зомбылыққа қарсымын». Ана мен бала қоғамдық бірлестігі өкілдерімен кездесу. Шілде
11. «Менің өмірімдегі кітаптың орны». Кітап оқитын ұлт Жобасы аясында акция. Тамыз
12. «Сенің алғашқы Кітапханаң». Турбо саяхат. Қыркүйек
13. «Тіл тұмар– бір шынар». Мәнерлеп оқу сайысы. Қыркүйек
14. «Өнегелі отбасы-қоғам байлығы». Этнография сағаты. Қыркүйек
(Отбасы күніне)
15. «Қариялы ел қазыналы ел». Кездесу кеші.
(Қарттар күніне арналған ауыл ақсақалдарымен және аналармен )
16. «Дін тәрбиенің бір тұғыры». Дөңгелек үстел. Қазан. (Дін өкілдерімен)
17. «Сайын даланың Сайыны». Бейнеролик. Қазан. (Жазушы С. Мұратбековтың туғанына 85 жыл)
18. «Ортадан өтіп барады менің жасым». Бейнеролик, танымдық кеш. Қараша. (Қожабай Тоқсанбайұлының туғанына 180 жыл).
19. «Тәуелсіздік тұтқасы бізге аманат». Тарихи сағат. Желтоқсан.
(Тәуелсіздік құрдастарымен)


№ 4 кітапхана -филиалындағы «Парасат жолы» бұрышының жұмыс жоспары


1.«Даңқты ерлік пен ар-намыс күні». Әскери ойындар конкурсы. Мамыр.
2. «Қазақ халқының ұлттық аспаптары». Фольклорлық сағат. Шілде
3. «Түгіскен мешіті». Ақпараттық сағат. Тамыз.
4. «Жамбы ату». Сайыс. Тамыз. (Спорт Күні)
5. «Жарқын болашаққа зорлық-зомбылықсыз қадам». Ашық әңгіме. Қыркүйек.
6. «Өмір күзі жылы болғай». Кездесу кеші. Қазан.
(Қарттар күніне арналған ауыл ақсақалдарымен және аналармен)
7. «100 жыл жырлаған жүрек». Тарихи кітап күні. Қазан. (Ақын Ж.Жабаев 175ж).
8. «Ыбырай Алтынсарин шағын мақала шебері». Әдеби ринг. Қараша
9. «Қасымханның қасқа жолы». Тарихи мағлұмат. Қараша
(Қазақ халқының хандық дәуіріндегі әдет – ғұрыптық заң ережелерінің жиынтығының шыққанына 510 жыл)
10. «Көшбасшының өмірбаяны-еліміздің тарихы». Танымдық кеш. Қараша.
11. Желтоқсан оқиғасына 35 жыл. «Қайсар рухты қазақ». Патриоттық кеш. (Желтоқсан оқиғасының куәгері Мұсылманбек Дәулетбаев).