creacion de sitos web

bannersa207 bannersa208

    Кітапханашылардың қажырлы еңбегін елеп, жылда дәстүрлі түрде ұйымдастырылып отыратын «Кітапхана-даналық мекені» атты мерекелік кеші өткізілді.

       М.Әуезов атындағы кітапхана-филиалында «Күз - берекем, күз-мерекем» деген атпен  «Жас толқын»  клубы мүшелерінің ұйымдастыруымен күзгі эллегия өтті.   

   Қайрат  Нұртастың «Күзгі қайың» әні орындалып тұр. «Жас толқын» клубының мүшелерімен ұйымдастырылған бұл кешті Абай бейнесін сомдаған Қазбеков Данияр Абайдың «Күз» өлеңімен ашты. 

      Қазақтың біртуар ұлдарының бірі, данышпан ақын, кемеңгер ойшыл, дана ғұламаларының бірі, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абайдың 170 жылдығына және ХХ ғасырдағы қазақ поэзиясын жаңа түр, тың мазмұнмен байытқан дауылпаз ақын, ірі мемлекет қайраткері, сарабдал жазушы, драматург, әдебиет зерттеушісі, республика қаламгерлерінің бетке ұстар беделді серкесі, осыларға сал – серілігі мен сирек ұшырасатын сымбаттылығы қосылып, көзінің тірісінде-ақ аңызға айналған Сәкен Сейфуллиннің туған күніне орай «Ұлылықтың күн шуақты кемеңгерлері» атты жыр отауы ұйымдастырылды

     С.Сейфуллин атындағы ОКЖ-де «Нұрлы жолмен жаңа белестерге» атты жаңа кітаптардың тұсау кесу іс-шарасы өткізілді. Басты мақсаты Қазақ хандығының 550 жылдығына, ҚР Ата Заңының 20 жылдығына шыққан кітаптарды, «Даңқты адамдар» сериясымен шыққан және әртүрлі тақырыптағы көркем әдебиеттер, І.Есенберлиннің «Көшпенділер» тарихи романы мен бүлдіршіндерге арналған әдебиеттерді оқырмандарға кеңінен насихаттау болып табылады.

        Тамыздың 28 жұлдызында  Жезқазған қалалық халықтар достығы мен мәдениет үйінде Конституцияның 20 жылдығына орай іс-шара өткізілді. Іс-шараға С.Сейфуллин атындағы ОКЖ-сі де атсалысып «Тәуелсіз елдің  тұғыры – Ата Заң» атты көрме ұйымдастырды. Көрмеде мектеп оқушыларымен қызықты ойындар ұйымдастырылып, тақырыпқа сай бейнемәліметтер көрсетілді. Көрмемен жақын танысуға келген қонақтармен «Ақпаратты библиографиялық бөлімінің» библиографтары Ғазизова Ғ.И., Утебаева А. шолу  жасап  мағлұмат  берді. 

Пікір білдірді (1) Қаралды: 1283

     18 тамыз күні С.Сейфуллин кітапханасы ауласында "Жазғы кітапхана-2015" атты іс-шара өткізілді.Жаңа кітаптарға, «Абыз тұлға, аңыз тұлға Кетбұқа», «Электронды оқулық – заман талабы» атты көрмелер ұйымдастырылып, шолу жасалды. Іс-шара ертең де жалғасын таппақ.

Пікір білдірді (114) Қаралды: 4378
1. « Ақмоншақ » , « Қайран шеше » атты повестерінің авторы кім?
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
Всего голосов:
Первый голос:
Последний голос:

Жаңа кітаптар

Сайтқа кіру

Сайтқа кіру Тіркелу

Сайтқа кіру

Сайтқа тіркелу логин есіміңіз
Құпия сөз
Есте сақтау

Жаңа қолданушыны тіркеу

(*) белгіленген жолдарды міндетті түрде толтыру қажет
Есіміңіз
Сайтқа тіркелу логин есіміңіз
Құпия сөз
Verify password *
Email *
email * қайта еңгізіңіз

Сарыарқа газеті

1

Бір ел-бір кітап

4585214

«Бір ел – бір кітап – 2018» республикалық акциясы бойынша биыл үш кітап таңдап алынды.

Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармалары,Немат Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді»және Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» кітаптары таңдап алынды.

Баршаңызды осы кітаптарды оқуға шақырамыз!

Біз әлеуметтік желіде

  

  

ЭКСПО 2017

ekspo

 

QR код

Жезказганский ВЕСТНИК

vestnik