creacion de sitos web

bannersa207 bannersa208

Елімізде «Цифрлы Қазақстан»бағдарламасын іске асыру, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр.

«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында 2018 жылы «цифрлық дәуір» өнеркәсібін қалыптастыруға арналған индустрияландырудың үшінші бесжылдығын әзірлеуге кірісу керек - делінген. Бағдарлама аясында № 9 үлгілі-кітапхана филиалының кітапханашылары: Т.Игибаева, А.Қажмағанбетова  Жезқазған гуманитарлық колледжіне  барып «Цифрлық білім беру – заман талабы» атты ой- пікір өткізді.

Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауының 7 бағытында көрсетілген «Адами капитал -жаңғыру негізі» аясында «Ұлттың әлеуетін арттыру үшін мәдинетіміз бен идеологиямызды одан әрі дамытуымыз керек»  – деп Елбасы айқындап берген.  Осы бағытқа  орай 6 наурыз күні ОКЖ-сінің  №- 9 үлгілі кітапхана филиалы «АНА ҮЙІ» Қоғамдық қорымен бірлесе отырып, «Ана бақыты-бала бақыты» атты мерекелік арулар байқауын  өткізді. 

Қазақтың көрнекті ақыны, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Ерен еңбегі үшін», «Тәуелсіздікке 10 жыл» медальдарымен марапатталған. Қазақ ақындары жыр мүшәйраларының бірнеше мәрте жеңімпазы,Түркияның Сапанша қаласында өткен  халықаралық жыр мерекесінде «Ақшам жұлдызы» арнайы сыйлығын иеленген. Ресей Халықаралық Жазушылар ұйымының С.Есенин атындағы Алтын медалінің иегері Ғалым Жайлыбай ақынның 60 жылдығына арналған «Жезқазған-жерұйығым жүректегі...» атты жыр кешінде «Жүрегіне жыр ұялаған ақын» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасының  елордасы – Астана қаласының 20 жылдығына арналған халық шығармашылығы мен көркемөнерпаздар өнерінің  ХХVІІІ аймақтық Ұлытау үні фестивалінің аясында Жезқазған қаласының Құрметті азаматы, Мәдениет қайраткері Мөрлібек Мұратбаевты еске алу кеші өтті.

Қазақстан Республикасының  елордасы – Астана қаласының 20 жылдығына арналған халық шығармашылығы мен көркемөнерпаздар өнерінің  ХХVІІІ аймақтық Ұлытау үні фестивалінің аясында С.Сейфуллин атындағы кітапханада қазақтың ұлы күйші-композиторы Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдығына арналған аймақтық күйшілер сайысы өтті. 

Ауғанстан жеріндегі соғыс тарих беттерінде өзіндік із қалдырған. Тарих бетінен сызып алып тасталмайтын бұл соғыстың қысқаша тарихын насихаттауға арналған Кеңгірдің  № 5  үлгілі кітапхана филиалында  «Әке – асқартау» атты ауған жауынгерлерімен кездесу ұйымдастырылды.

1. « Ақмоншақ » , « Қайран шеше » атты повестерінің авторы кім?
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
Всего голосов:
Первый голос:
Последний голос:

Жаңа кітаптар

Сайтқа кіру

Сайтқа кіру Тіркелу

Сайтқа кіру

Сайтқа тіркелу логин есіміңіз
Құпия сөз
Есте сақтау

Жаңа қолданушыны тіркеу

(*) белгіленген жолдарды міндетті түрде толтыру қажет
Есіміңіз
Сайтқа тіркелу логин есіміңіз
Құпия сөз
Verify password *
Email *
email * қайта еңгізіңіз

Сарыарқа газеті

1

Бір ел-бір кітап

4585214

«Бір ел – бір кітап – 2018» республикалық акциясы бойынша биыл үш кітап таңдап алынды.

Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармалары,Немат Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді»және Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» кітаптары таңдап алынды.

Баршаңызды осы кітаптарды оқуға шақырамыз!

Біз әлеуметтік желіде

  

  

ЭКСПО 2017

ekspo

 

QR код

Жезказганский ВЕСТНИК

vestnik