creacion de sitos web

bannersa207 bannersa208

Online кітап мерзімін ұзарту

Кітап мерзімін ұзарту

Электронды құжат

Электронды құжаттарды жеткізу seifullina_biblio@mail.ru

 

      1 Маусым балаларды қорғау күні қарсаңында № 9 үлгілі кітапхана-филиалында «Балалар жүрегінің жылуы» атты ертеңгілік өтті. Ертеңгілікке кітапхананың жас оқырмандары қатысты. Оқырмандардың кітапқа  қызығушылығын арттыру, сөз байлығын дамыту мақсатында «Ертегілер еліне саяхат» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

 Кітапхана филиалында «Бір ел, бір кітап» республикалық акция бойынша Дулат Бабатайұлының «Өсиетнама» кітабына  «Ақылы асыл, аты аңыз» патриоттық кеш өткізілді. 

   13 мамыр күні Жамбыл Омаридің «Кетбұқа – жырау, аталық, қолбасшы» атты кітабы бойынша пікір алмасу өтті. «Сарыарқа» күйімен ашылған іс-шара, С.Қожамқұлов атындағы Жезқазған сазды-драма театрының артистері қойған«Кетбұқа» тарихи драмасымен жалғасты. Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақмыс корпорациясының музейі және С.Сейфуллин атындағы  кітапхана «АТАЛЫҚ БИ, ҰЛЫ ЖЫРАУ - КЕТБҰҚА» атты көрмесін ұйымдастырды.

    2016 жылы 11 мамыр күні кітапханамызда «Азаттық жырының ақтаңгері» атты  «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында әдеби сағат өтті.  Мақсаты: XIX  ғасырдың алғашқы жартысында ғұмыр кешкен кемел ақын Дулат Бабатайұлының шығармаларының маңыздылығын, өміршеңдігін түсіндіре отырып оқырмандардың  білімдерін тереңдету, толғаулары арқылы адамгершілікке, шынайылыққа, ұлттық рух пен патриоттық сезімге тәрбиелеу және өмірдегі болатын әділетсіздікке өз тұжырымын жасай алатындықтарын үйрету. 

              04.05.2016 жылы кітапханада  Отан қорғаушылар күніне арналған «Ерлер-жердің қорғаны, елдің тұтқасы» атты  сыр-сұхбат ЖезУ, Муз колледж, ЖПТК  студенттері   арасында  өтті. Оқырман студенттермен №9 мектептің алғашқы  әсери  дайындық  мұғалімі  Сейдахмет  Сапабек  Асқарұлы қатысты.

«Жезқазған — жыр қайнарым, мыс балқып қойнауында тулайды ағын. Көзіндей батыр мінез бабалардың ұлы — мәрт, қызы — көркем нұрлы аймағым!» өлең шумағының авторы кім?
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
Всего голосов:
Первый голос:
Последний голос:

Жаңа кітаптар