creacion de sitos web

bannersa207 bannersa208

Балалар мен жасөспірімдер кітапханасының  қызметкерлері 18 маусым күні №5 мектептегі «Балауса» жазғы мектепшілік сауықтыру алаңыңа «Өрттен абай бол!» атты тақырыптық кітап көрмемен және өздері әзірлеген ойындарымен қонаққа барды. Жас оқырмандарға адам өміріне өрттің тигізетін зияны, сіріңке мен техникалық заттарды пайдалану қауіпсіздігі туралы айтылып, әңгіме жүргізілді. 

     Мамыр айының 19-ші жұлдызында С.Сейфуллин атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Кітап оқуды қолдау және дамыту: заманауи талаптар» атты көшпелі семинар өткізді. Семинарға Ұлытау ауданының, Сәтбаев және Жезқазған қалаларының кітапханашылары  қатысты.

       2007 жылдан бастап ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен, Қазақстан Кітапханашылар қауымдастығының бастамасы бойынша «Бір ел – бір кітап» акциясы өткізіліп келеді. Биыл 2015 жылы қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы мен қазақтың көрнекті жазушысы Ілияс Есенберлиннің 100 жылдығының тұспа-тұс келуіне орай осы шараға  заңғар жазушының «Көшпенділер» атты тарихи романын оқыту белгіленді.

     Биылғы жыл мерейтойлы тарихи даталарға толы жыл. Солардың ішіндегі ең айтулы оқиғалардың бірі — Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өткелі отырмыз.Ұлы Жеңіске 70 жыл толуына орай С.Сейфуллин атындағы орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты М.Әуезов атындағы кітапхана филиалында «Құрметтейік Жеңістің ерлігін!» атты тарихи кеш болып өтті.

        Жезқазған қаласындағы Сәкен Сейфуллин атындағы орталықтандырылған кітапхана жүйесінің   №2 үлгілі кітапхана – филиалында қазақ халқының ұлы ақыны, ойшылы, данышпаны Абай Құнанбайұлына 170 жыл толуына орай «Ұлт атасы - Абай» атты жыр кеші өтті.

        Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің №9 үлгілі кітапхана филиалы Ассамблеяның 20 жылдығына арналған «Қазақстан – халықтың ынтымақты отбасы » атты достық орбитасын  ұйымдастырды. Іс-шараға татар-башқұрт «Душлық», «Любысток» украин-белорусь диаспараларынан арнайы қонақтар шақырылып, әр ұлт өз өнерін көрсете отырып, өз ұлтының әдет-ғұрпынан аз да болса мағлұмат беріп кетті.

1. « Ақмоншақ » , « Қайран шеше » атты повестерінің авторы кім?
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
Всего голосов:
Первый голос:
Последний голос:

Жаңа кітаптар

Сайтқа кіру

Сайтқа кіру Тіркелу

Сайтқа кіру

Сайтқа тіркелу логин есіміңіз
Құпия сөз
Есте сақтау

Жаңа қолданушыны тіркеу

(*) белгіленген жолдарды міндетті түрде толтыру қажет
Есіміңіз
Сайтқа тіркелу логин есіміңіз
Құпия сөз
Verify password *
Email *
email * қайта еңгізіңіз

Сарыарқа газеті

1

Бір ел-бір кітап

4585214

«Бір ел – бір кітап – 2018» республикалық акциясы бойынша биыл үш кітап таңдап алынды.

Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармалары,Немат Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді»және Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» кітаптары таңдап алынды.

Баршаңызды осы кітаптарды оқуға шақырамыз!

Біз әлеуметтік желіде

  

  

ЭКСПО 2017

ekspo

 

QR код

Жезказганский ВЕСТНИК

vestnik