Ескерткіш  Ғарышкерлер бақжолы бойындағы  «Сулпак»  дүкенінің  алдындағы алаңға орнатылған. Жалпы Жезқазған өңірінен ауған соғысына 126 жас азамат қатысты. Олар  Отан алдындағы борышын адал орындады. Бірқатары Кеңес Одағы мен Ауған мемлекеттерінің орден-медальдарымен марапатталды. Ауған соғысында құрбан болғандар да бар. Жезқазғандықтар олардың есімдерін, майдан даласындағы ер жүректілігі мен тапқырлығын ардақ тұтады.Ескерткіш граниттен, металдан және  бетоннан өрілген.

Авторлары  Жезқазған университетінің окытушылары: дизайнер Қайрат Мұхамеджанов, мүсінші Өмірхан Жүнісбеков, суретші Ғазиз Оспанов.

Өз ой-пікіріңізді білдіріңіз

Сіз қонақ ретінде ой-пікір білдіре аласыз

0 / 300 Character restriction
Your text should be less than 300 characters
  • Пікір білдіргендер жоқ