Болған ана

 

Ортағасырлық сәулет өнерінің ескерткіші. Кеңгір өзенінің Сарсыуға құяр жерінен 10 км жоғары, Қаражар тоғайы ішінде тұр. Құлаған құрылыс үйінділерінің биіктігі 2,4 м. Аумағы 20 м х 17 м. Қазба жұмыстары мавзолейдің төбесі күмбезді болғанын анықтап берді. Мавзолейдің батыс жағында 83 м жерде диаметрі 36 м оба бар. Болған ананы 18 ғасырда П.Рычков, 1946-1948 жылдар аралығында Ә.Марғұлан зерттеген.
Мавзолейдің атына байланысты әртүрлі болжамдар айтылады. Бір деректерде онда Жошы ханның Сырдария мен Талас өзендері арасын жайлаған қаңлы тайпасының билеушісіне ұзатылған қызы Болғанның жерленгені айтылады.