Дүзен кесенесі – Орталық Қазақстанда 19 ғасырда салынған ғұрыптық ескерткіш. Ұлытау ауданы Қаракеңгір өзенінің  оң жақ жағалауындағы Қарақұдық сайында орналасқан. Ғимаратты 1863-66 жылдары халық шебері Сералы Еламанұлы Дүзен Сандыбайұлының қабірінің басына тұрғызған. Ғимарат сол жерден  25 шақырымдағы Алашахан күмбезіне ұқсайды. Дүзен кесенесінің көлемі пештақты күмбезді текшеленген құрылыс болып есептеледі. Ғимараттың бүрмеленген күмбезі он қырлы мойындықпен көтерілген. Ал іргесінің сыртқы өлшемі 8,5-10,2м, ішкі көлемі 5,4х5,4 метр. Пештақтың жалпы көлемі 10 метр. Кесененің оңтүстік- батыс жағындағы ішкі бұрышта төбеге шығатын сатысы бар. Бүрмелі күмбезден ұшар басында бір-бірімен қиылыса орнатылған ағаш діңгектері бар.
Ұлытау-Жезқазған өңіріндегі тарихи және мәдени мұралар тамыры сонау осы өлкеге адам аяғы тиген кезеңнен күні бүгінге дейін жалғасын тауып жатқан халықтық, материалдық туынды ретінде танылады. Қазіргі кезде біз білетін ескерткіштерден білмейтін ескерткіштер көбірек.

Өз ой-пікіріңізді білдіріңіз

Сіз қонақ ретінде ой-пікір білдіре аласыз

0 / 300 Character restriction
Your text should be less than 300 characters
  • Пікір білдіргендер жоқ