Тарихи маңызы мен географиялық орны жағынан Ұлытау өңірі архитектуралық ескерткіштері тобына кіретін күмбезді кесене. Жарық-Жезқазған темір жолының 189-ші разьезінен солтүстік-шығысқа қарай 2 км жерде, Сарысу өзенінің оң жағалауында тұр. VIII-IX ғасырларда қыпшақтар қолданған сәулет өнерінің үлгісімен салған. Төрт бұрышты қабырға қалауының үстінен барабан шығарылып, оған сегіз қырлы күмбез орнатылған. Ішкі төрт бұрышында сүйірлеп өрілген мехрабтары бар. Есігі оңтүстік-шығысқа қаратылған. Сыртынан өлшегенде ескерткіштің ені мен көлденеңі бірдей – 6м х 6м, биіктігі де 6м. Іргетасы жарты метр, жалпақ тастардан қаланған, құрылысқа көлемі 27 см х 27см х 6см күйдірілген кірпіштер пайдаланылған.
Жұбан ана күмбезі туралы алғашқы жазба деректі  орыс ғалымы П.И.Рычков келтіреді. Бұл ескерткіш жайлы әр кезде осы өңірде болған С.Б.Броневский, А.И.Левшин, А.К.Красовский, И.А.Кастанье жазба мәліметтер қалдырған. Ш.Уәлиханов 1863 жылы күмбездің суретін салып, шағын мақала жазды. Онда жергілікті халықтың бұл кесенені «Әулие қабірі» деп атайтыны айтылады.
Жұбан ана күмбезі республикалық маңызға ие ескерткіштердің тізіміне енгізілген.

Өз ой-пікіріңізді білдіріңіз

Сіз қонақ ретінде ой-пікір білдіре аласыз

0 / 300 Character restriction
Your text should be less than 300 characters
  • Пікір білдіргендер жоқ