Жезқазғаннан Қарағандыға қарай жүргенде сексен шақырымдай жердегі анда-санда ғылыми кітаптарда еске алынып , есімі аталып кеткені болмаса, түбегейлі зерттеуді күтіп жатқан,  тарихы тылсымға, тастары таңбаға толы «Теректі әулие»  гранит қырқалар кешенінің адамзат тарихының ашылмай жатқанбеттерін атқаруға септігі тиюі әбден ықтимал. Төбешіктердің үстінде де, қапталдарында да белгілі бір заңдылықпен бедерленген қосақталған түйеден бастап, жалаңаяқ адамның ізіне дейінгі таңбалар... Бірақ оларға қарап белгілі бір пайым, түйін тұжырым жасауға негіз таба алмайсың. «Теректі әулие» - әзірге тылсым сырын ішіне бүгіп жатқан  әлемде теңдесі де, ұқсас сыңары да жоқ жәдігер.
«Теректі әулиедегі» суреттер (пиктограмма,петроглифтер) тас бетінде қашалып салынған. Кейбір тастардың мұқият өңделгені соншалық, олардың беттері күні бүгінге дейін айнадай жалтырайды. Жергілікті халық оны әулиенің сырғанағы деп атап кеткен. Қалай болса да осыншама күрделі кешен маман ғалымдар тарапынан тиянақты зерттелуін күтіп жатыр. Тастағы мүсіндердің ермек үшін салынбағаны, олардың осы өңірде құтты қонысы еткен ежелгі адамдардың тыныс-тіршілігі мен наным – танымынан түсінік беретіндігі ақиқат.

Өз ой-пікіріңізді білдіріңіз

Сіз қонақ ретінде ой-пікір білдіре аласыз

0 / 300 Character restriction
Your text should be less than 300 characters

Ой-пікір білдіргендер

  • Қонақ - Гүлжамал

    Теректі әулиенің өзі туралы дерек бар ма? Ол тарихта болған адам ба?

    Short URL: