Ағыбай батыр

Ағыбай батыр (1802-1885ж Ұлытай өңірінде туған) – Кенесары Қасымовтың Ресей отаршылығына қарсы көтеріліс басшыларының бірі, қолбасшы. Жорықта жолы, болғыштығы үшін «Ақжолтай батыр»атанған. Сарбаздары Абылай есімімен қатар Ағыбай батырды да ұранға айналдырған. 13 жасына қолына қару алып, 1824 ж. Қарқаралы аймағында Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы көтеріліске белсене қатысты. Ағыбай батыр бастаған қол 1826-1849 ж. аралығында Ресей әскерлерімен бетпе-бет шайқасып, бірнеше рет күйрете соққы берген. Ресей империясының Қазақстандағы тірек-орталықтары – Қарқаралы, Ақтау, Ақмола бекіністеріне шабуыл жасап, патша әскерлерін Ырғыз, Тобыл өзендері бойындағы ұрыстарда, Қызылжар, Көкшетау шайқастарында тас-талқан етіп жеңген. Қырғыз манабы Орманға қарсы соғыстарда ерекше ерлік көрсеткен. 1847ж. Кенесары ханның Кекілік тауындағы қырғыздармен айқасында Наурызбай батырмен бірге дұшпан шебір бұзып өткен. Кенесары өлгеннен кейін де Ресей өткемдігіне қарсылығын тоқтатпай, Сыздық төре қолы құрамында соғыс жүргізген. Кейінірек 1849ж.дейін Ресей өкіметінің қамалдарына өз бетінше шабуылдар жасаған. Өмірінің соңғы кезеңінде егіншілікпен, балық аулаумен айналысқан. Дүниеден қайтқан соң Ресей өкіметі оның мәйітін Түркістандағы Қожа Ахмет Иасауи кешеніне жерлеуге рұқсат етпей, батырдың денесі Сарыарқа мен Бетпақдаланың шектескен Тайатқан-Шұнақ деген жерінде жерленген. Кенесарының бас батыры Ағыбай батырдың өмір жолы қазақ тарихшылары мен қаламгерлерінің шығармаларына арқау болған.

Өз ой-пікіріңізді білдіріңіз

Сіз қонақ ретінде ой-пікір білдіре аласыз

0 / 300 Character restriction
Your text should be less than 300 characters
  • Пікір білдіргендер жоқ