Есенғабыл

Есенғабыл, Есенбек батырлар (шамамен  ХІХ ғ.ө.с.) – Бағаналы Найманның атақты батырлары. Бізге жеткен ел аузындағы деректер қос батырды елін қорғаған жаужүрек біртуар тұлғалар ретінде дәріптейді. Әкесі – Бағаналының Сарғалдақ батырдан тарайтын Шағатай бұтағынан туған Қырқы есімді қарапайым кісі. Нағашысы Балталыдан шыққан есімі елге белгілі Қашқын батыр. Осы батыр қызын  Қырқыға ұзатарда: «Қызым тек батыр туатын жаратылысты еді, тағдыр мына бір жәутікке бұйыртты-ау!» дегенін құлағы шалып қалған Қырқы Есенғабыл он беске, Есенбегі он үшке келгенде жасы жүзге жетіп отырған атасына екі баласын (жиендерін) көрсете сәлем бергізуге келіп «Бұдан артық маған Әзіретәлі тудыр деймісіз» деген екен. Сонда қасы көзін жапқан Қашқын батыр көзін ашып: екі жиеніне тіке қарап: «Жүректерінің түгі  сыртына шығып, азуларын айға білеп тұр екен. Жаны халқының үстінде шыққан ер болсын!» деп батасын беріпті.

Өз ой-пікіріңізді білдіріңіз

Сіз қонақ ретінде ой-пікір білдіре аласыз

0

Ой-пікір білдіргендер

Load Previous Comments