Жаулыбай Өтегенұлы

Жаулыбай Өтегенұлы – (т.ө.ж. белгісіз) – ХVІІІ ғасырдағы қазақ батырларының бірі. Найманның Бағаналы елінің сарғалдақ Тәңірберлі руынан шыққан. 1690 ж. туған деген болжам бар. Қыста Ащықөл, Телікөл, Қызылжыңғылды қыстап, жазда Ұлытау баурайын жайлаған. Жоңғарлармен арадағы Бұланты-Білеуті шайқасында Бағаналы елі қолының мыңбасы болған. Аңырақай шайқасында Қабанбай, Наурызбай, Бөгенбай, Шақшақ Жәнібек және басқа да қазақ батырларымен үзеңгілес жүріп, басқыншыларды ойсырата  жеңуге үлесін қосқан. Осы ұрыста батырдың екі інісі – Қарабек пен Садыбек шейіт болған. Асқан ерлігі және ұрыс кезіндегі айлакерлігі үшін Шұбартулы Жаулыбай аталған.

Өз ой-пікіріңізді білдіріңіз

Сіз қонақ ретінде ой-пікір білдіре аласыз

0 / 300 Character restriction
Your text should be less than 300 characters
  • Пікір білдіргендер жоқ