2018 жылы 5 қазанда Елбасымыз Н. Назарбаев Қазақстан халқына "Қазақстандықтардың табыс пен тұрмыс әл-ауқатының өсуі:сапасын арттыру" атты Жолдауын ұсынып ел алдына нақты мақсаттар мен міндеттерді нақтылап берді. "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласы жарияланғаны баршамызға белгілі. Осыған орай М.Әуезов кітапханасы биылғы жылдың алғашқы іс-шарасын "Ұлы даланың жеті қыры" атты кітап көрмесін ұйымдастырып, көрмеге шолу жасаудан бастады."Ұлы даланың жеті қыры" атты көрме 7 бөлімнен тұрады.1."Атқа міну мәдениеті", 2."Ұлы даладағы ежелгі металлургия", 3."Аң стилі",3. "Түркі әлемінің бесігі",4."Алтын адам", 5."Түркі әлемінің бесігі",6."Ұлы Жібек жолы", 7."Қазақстан -алма мен қызғалдақтар Отаны".
Осы мақалаға кітапхана қызметкерлері және болашақ кітапхана ісінің мамандары - студенттер Дюсенбекова Айнұр мен Дюсенбаева Дильназ қазақ жеріндегі сан алуан металл кендеріне, аң стилі бабаларымыздың оюлап кескіндеуді, металмен жұмыс істеудің техникасын, әлем назарын аударған Алтын адамға, киелі Алтай даласындағы орта ғасырлық қалаларға, Ұлы Жібек жолының тарихымыздағы алатын орнына, сондай-ақ Қазақстан - Сиверс алмасының түп отаны екенін, қызғалдақтардың 35 түрі өсетініне тоқталып өтті. Көрмеде жылқыны қолға үйрету, Қазақстанның Орталық, Шығыс, Солтүстік аймақтарындағы тау-кен өндіріс ошақтары, аң стилінде құймалардың күрделі түрлері, Есік қорғанынан табылған "Алтын адам" туралы, Әбу-Насыр Әл-Фараби, Ұлы Жібек жолы, алма мен қызғалдақтар туралы кітаптармен бірге қолдан қолөнерлік жолмен тоқылған түйе мен алма, қызғалдақтар және тұлпардың мүсіні көрмеге айрықша көрік беріп тұрды.
Кітапхана қызметкерлері мен дөңгелек үстелге қатысушы студенттер "Ұлы даланың жеті қыры" атты бағдарламалық мақаласы -руханият әлеміндегі соны жаңалықтарға бастайтын құнды дүние. Осы құнды дүниенің барлығын біздің кітапханамыздан алып оқи алуларыңызға болады. Сондай-ақ,
Елбасы мақаласында айтылған ұсыныстарды қолдайтындарын және ондағы белгіленген тарсырмаларды жүзеге асыруда жастар жылында белсенділік танытуға ат салысатындықтарын тілге тиек етті.