Өз ой-пікіріңізді білдіріңіз

Сіз қонақ ретінде ой-пікір білдіре аласыз

0 / 300 Character restriction
Your text should be less than 300 characters

Ой-пікір білдіргендер

Load Previous Comments
  • Қонақ - Қожахмет Айнұр

    Құрметті М.О. Әуезов атындағы Кітапхана ұжымы! Сіздерге тұрақты оқырман ретінде алғысымды білдіргім келеді. Себебі көптен бері қол жеткізе алмай келе жатқан кітаптарымды осы кітапханадан тауып, рухани құндылықтарды шыңайтып жатқан жайым бар! Әрқашан өз оқырмандарыңызды жарқын қарсы алып, керек кітаптармен қамтамасыз етіп отырғандарыңызга улкен рахметімді айтамын! Келе жатқан 65 жылдық мерейтойларыңызбен шын жүректен құттықтай отырып, еңбектеріңізге жеміс, отбасыларыңызға береке бірлік тілеймін!

    Short URL:
  • Қонақ - Сергей Юрьевич

    Я, Калачев С.Ю., являюсь читателем библиотеки им.М.Ауэзова с 1970 года. За долгое время оставался верен библиотеке по причине насыщенности фондов. Благодарю коллектив за внимательное отношение к нам, читателям; благожелательность и профессионализм.
    Поздравляю с 65-летием библиотеки. Хамилу Муслимовну, заведующую библиотекой Анар Жамантаевну и других библиотекарей.
    Желаю успехов, здоровья.

    Short URL:
  • Қонақ - Бектемір ата

    Мен, зейнеткер Аққошқаров Бектемір, М.Әуезов атындағы кітапхананың біраз жылдардан бері тұрақты оқырманымын. Кітап қоры мол, өте қызықты, соңғы жаңалықтарды осы кітапханадан оқимын. Сол үшін кітапхана ұжымына, осында еңбек етіп жүрген қаракөз қыздарыма шексіз ризамын. Биыл кітапхананың 65 жылдығы екен. Мерейтойларың құтты болсын. Кітапхана алға жылжи берсін. Еңбектерің берекелі, отбастарың аман, бақытты болуларыңа шын жүректен ризашылығымды білдіремін.

    Short URL:
  • Қонақ - Сүлейменова Орал

    Мен, М.Әуезов атындағы кітапханасының 15 жылдай тұрақты оқырманымын. Бұл жерден түрлі кітаптар алып, рухани сауатымды көтеріп тұрамын. Осы жылдар аралығында байқағаным: кітапхана қызметкерлері өте мәдениетті, өз істеріне аса жауапты қарайтын жандар. Міне, биыл кітапханаларыңызға 65 жыл толып отыр екен. Кітапханаларыңыз әрі қарай оқырмандарын кітап бұлағымен сусындата беретіндігіне сенемін. 100 жасай берсін. Кітапханашы қыз-келіншектерімізге еңбектеріңіз жемісті, отбастарыңыз аман, дендеріңіз сау болсын дегім келеді. Мәдениет саласындағы еңбектеріңізге сәттілік тілеймін.
    Ширек ғасырдан астам уақыт қаншама оқырмандар келіп кетті десеңізші. Студент кезден зейнет жасына дейін оқып жүрген оқырмандар бар шығар. Сол кісілерге де алғыс білдіремін. Келешек ұрпақ кітап оқудан жалықпасын. Еліне, жеріне жаны ашитын ұрпақ тәрбиелейік.

    Short URL:
  • Қонақ - Қайыртас

    Осы кітапхананың оқырманы Жанбамбетов Қайыртас Шакенұлы кітапхана қызметіне ризамын, оның Қамажай атты кітапханашыға, әр уақытта мазмұнды кеңес береді, жаңа шыққан кітаптармен таныстырып отырады. Кітапхананың 65 жыл мерейтойымен кітапханашыларды құттықтаймын. Кітапханашылар әрқашан кішіпейіл, білімді, осы жолдарыңызды жалғастыра беріңіздер.

    Short URL:
  • Қонақ - Әсем

    Құрметті М.Әуезов атындағы кітапхана ұжымы, Сіздерді мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Денсаулықтарыңыз мықты, аспандарыңыз ашық болсын. Еңбектеріңіз жемісті, берекелі болсын. Оқырмандарыңыздың ыстық ықыласына бөленіп жүре беріңіздер. Ізгі тілекпен Амантаева Әсем.

    Short URL:
  • Қонақ - Жұмағали Кенжалин

    Атамекен -алтын тұрақ бесігім,
    бар жиғаным білім нәрі несібім,
    Кітапхана Әуезовтың атында
    Қымбат маған жиі ашамын есігін.

    Білім біле білсең даналықтың бастауы,
    Оқы-оқы қаламыздың жастары,
    Ғаламторда ғажайып бар десең де,
    Кітап-досың кеңістіктің аспаны.

    Жұмағали деген мен оқырман боламын.
    Оқу үшін қолға кітап аламын.
    Ұлағаттын үлкендердің ұғынып,
    Әуезовтей мен жазушы боламын.

    Short URL:
  • Қонақ - Әлібеков Совет

    Мен, Әлібеков Совет Әжібекұлы, Мұхтар Әуезов атындағы кітапхананың тұрақты оқырманымын. Кітапханаға келмесем отыра алмаймын. Мұндағы кітапханашы қыздарға өте ризамын. Қандай кітап сұрасам да зыр жүгіріп жүріп тауып береді. Мерей тойларың құтты болсын! Оқымандарың көп болып, еңбектерің елене берсін!

    Short URL:
  • Қонақ - Ақтай

    Мен, Телибаев Актай Сыздықұлы, М.Әуезов атындағы кітапхананың оқырманымын. Осы кітапханаға №1475-ші оқырман болып жазылдым. Кітапханадан Ә.Тойғанбектің "Қайран елім" кітабының 1-томын т.б кітаптарды алып оқыдым. Енді 2-3-ші томы түссе деп ойлаймын.
    Осы кітапхананың ұжымына өзімнің ризашылығымды білдіремін. Олар оқырмандармен қай уақытта да жылы шыраймен қарсы алады. Іздеген кітабыңды қай уақытта да тауып беруге тырысады.
    Еңбектеріңіз жемісті болсын!!!

    Short URL:
  • Қонақ - Ағзым

    Мен Құлатаева Ағзым №1 орта мектебінің оқушысымын.Кітапханаға жие келіпп тұрамын.Маған кітапхана және кітапхананың ұжымы қатты ұнайды. 11 сыныпты бітіруне орай кітапханадан ҰБТ-ға дайындалу үшін көркем әдеби және тарихи кітаптарды алып тұрамын. Кітапхананы 65 жылдық мерейтойымен құттықтаймын.

    Short URL:
Ой пікір білдіргеніңізге рахмет