Бүгінгі таңда қоғамдық өзгерістер, қоғамның өркениетті деңгейге көтерілуі кітапханалардың  жаңа бағытта жұмыс істеуін талап етеді. Көпшілікке белгілі уақыт ағымына сай дәстүрлі баспа өнімдерін электронды түрге айналдыру кітапхана жұмысының бағыттарының бірі болып отыр.

         Кітапты, баспа беттерін цифрлаудағы мақсат: өлке тарихы бойынша қорларды сақтау және  пайдаланушыларды кітапхананың құнды басылымдарымен  қамтамасыз ету, кітапханадағы сирек өлкетану кітаптары мен мерзімді басылымдардың электронды көшірмесін жасау негізінде толықмәтінді электронды өлкетану каталогын құру.

        Жалпы цифрлау дегеніміз- кітапты  қағазды нұсқасынан электронды қалыпқа көшіру. Электронды көшірмелер-электронды кітапхана құрып желіде таралады.

    Барлық сандық түрге көшірілген құжат кітапхананың электронды каталогына библиографиялық жазбалар бойынша Рабис бағдарламасына енгізіліп, байланады.

      Қазіргі күні өлке тарихына, жерлес ақын-жазушыларымыздың шығармашылығына қызығушылық күн санап артып келеді. Дегенмен, жергілікті авторлардың шығармалары кітап дүкендерінде тапшы және шектеулі таралыммен шығады. Сондықтан да,оқырманға жергілікті авторлардың туындылары колжетімді бола бермейді. Ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз етуге сандық түрге көшірілген кітаптардың нұсқасы мүмкіндік береді.

      Цифрлық форматтағы құжаттарды автордың рұқсатынсыз кітап көшірмесін енгізе алмайды. Жергілікті ақын-жазушылардың әдеби туындыларын кітапханаға пайдалану құқығын беру туралы екі жақты келісім шарт жасасады. Егер сіз кітап немесе мақаланың авторы болсаңыз,  біз сіздің авторлық құқығыңызды ескере отырып, сіздің шығармаңызды электронды нұсқаға көшіреміз. Сіздің еңбегіңіздің электронды нұсқасына қол жеткізіп, әлемдік деңгейге таныла аласыз. 

        Кітапхананың негізгі мақсаттарының бірі-ескіріп, жыртылып, тозып бара жатқан басылымдар мен қолжазбаларды сақтау. Осы бағытта өлке  құжаттарын сақтау және пайдаланушылардың сұранысын толық қолжетімді ету мақсатында “Fine Reader” бағдарламасына цифрлау жұмысы жүргізіледі.    Қазіргі таңда бөлімде жергілікті баспасөз беттерінен өлкетану құжаттары  цифрланып локальді жүйе  «Архив-К» арқылы «РАБИС» ке байланған. Электронды папканың аты: «Туған  өлкем     тұнған шежіре» . Төмендегідей тақырыптарға бөлінген.

 

 

Пікір білдірді (0) Қаралды: 692