- Кітап қорын ұйымдастыру және пайдалану бөлімі
- Tuesday, 28 February 2017
- admin
- Кітап қорын ұйымдастыру және пайдалану бөлімі-қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің құрамындағы бөлім болып табылады.
- Бөлім оқу, пайдалану және қор құжаттарын сақтауды іске асыруды ұйымдастырады және кітап сақтау бөлімінің міндеттерін орындайды.
- Қорды орналастыру кезінде баспалардың сақталу және жайғастыру тәртібі сақталуы тиіс. Өңделмеген баспа басылымдары мен материалдар қолдануға берілмейді.
- Бөгде адамдардың қор сақталатын бөлімдерге кіруіне жол берілмейді.
- Кітап қорын сақтау бөлімінде көпшілік іс-шаралар өткізуге жол берілмейді.
- Кітапхана басылымдарды жаңғырту және ағымдағы жөндеу жұмыстарын(түсіп қалған парақтарды жапсыру, жыртылған жерлерді жапсыру, мұқабаны, қатырма бетті желімдеу) ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
- Ұзақ және тұрақты сақтау мақсатында құнды басылымдардың сақтандыру сандық қоры(электрондық көшірмелері) құрылады.
- Артық дублетті әдебиетті баска кітапханаларға сұранысы бойынша олардың ведомстволық бағыныштылығына қарамастан бере алады.
- Көнерген, дублеттік, жоғалтып алынған, мазмұны бойынша ескірген баспа басылымдары мен материалдар есептен шығарудың тәртібі туралы нұсқаулыққа сәйкес есептен шығарылады.
- Кітапхана қорында сақталатын баспа басылымдары мен материалдар оқырмандардың қолданысына абонемент бөлімі бойынша беріледі.
- Кітапхана қызметкерлері оқырмандық берешектерді болдырмау және жою бойынша тұрақты жұмыстар жүргізеді.
Бөлім меңгерушісі: Алимбаева Н.Р.