Омари Жамбылдың  «Кетбұқа –жырау, аталық, қолбасшы»  атты  кітап бойынша пікір – алмасудың  сценарийі

Өтетін орны: С.Сейфуллин атындағы кітапхананың мәжіліс залы

Күй: «Сарыарқа»

Жүргізуші : Қайырлы күн құрметті қонақтар, оқырман қауым! Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ұсынған Мәңгілік ел идеясы – халқымыздың сан ғасырлар бойы аңсаған асқақ арманының, асыл мұратының жарқырай көрінуі. Көңілдегі арманның Ұлы идеяға айналуына Ел Тәуелсіздігінің арқасында жеткені де ақиқат. Қалың елдің тұтастығын нығайта түсуде, кемел күндерге жетелеуде Ел тарихын, ел тағдырында өлшеусіз істер атқарған тарихи тұлғалардың алар орны айрықша. Тарихи тұлға- ұлттық мақтаныш қана емес, бүгінгі бізге, ертеңгі ұрпаққа өнеге болар тағлымды жол. Қилы – қилы замандарды бастан кешіп, қысталаң –қыспақты жолдардан өткен халқымыздың тарихындағы Ұлы тұлғалардың бірі XII – XIII ғасырлардағы ел тағдырын шешуде өлшеусіз еңбек сіңірген Ұлық би Кетбұқа.  Бүгінгі «Ұлы тұлғалар өмірі» топтамасынан  жарық көрген Омари Жамбылдың  «Кетбұқа –жырау, аталық, қолбасшы»  атты  кітабы бойынша ұйымдастырылған пікір - алмасуға  хош келдіңіздер.

Жүргізуші : Тарихи тұлғаны тану арқылы Еліңді танисың, Өзіңді танисын. Тарихи тұлғаны ардақтау арқылы Еліңді ардақтайсың, Өзіңді ардақтайсың. Тарихи тұлғаны өнеге ету арқылы  Өз ұрпағына келешегіне жарқын жол нұсқайсың. Осындай ұлыны ұлықтайтын іс-шараның  қонақтарымен таныстырайық:

1.Нұрлыбаева Салтанат Сүлейменқызы - Жезқазған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы

2. Мырзабеков Батырбек Тыныштықбайұлы - Қазақстан Жазушылар Одағының Жезқазған қалалық филиалының және С.Сейфуллин атындағы кітапхананың қаламгерлер клубының төрағасы

3. Бүкіров Төлеген Нұрмағанбетұлы - «Қазақтың Кетбұқасы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі

4. Қожамсейітов Сағындық Үсенұлы – қоғам қайраткері,  Жезқазған қаласының құрметті азаматы

5. Ахметова Дүйсенбай Ахметұлы – қажы, Жезқазған қаласының  құрметті азаматы, медицина саласының ардагері

6. Сүлейменов Шәбден Зейнепұлы – ауыл шаруашылығы саласының ардагері

7. Әлеуханұлы Базарбай –  аймақтық «Дидар» телеарнасының директоры

8.  Балкен Кенжал  -  Қазақмыс корпорациясының музейінің директоры

9. Ештанаев Ғазиз Елеусізбайұлы – филология ғылымдарының кандидаты, доцент, «Тілтану» оқу орталығының басшысы

10. Бөлен Хансейіт Ыбрахымұлы – Ө.А.Байқоңыров атындағы университетінің  оқытушысы, қалалық маслихат депутаты

11. Сембинова Ләззат Әбілқасымқызы  – тарихшы- археолог

12. Байжантаев Бағдат Тілеуліұлы – Жезқазған қаласы мемлекеттік мұрағаттың директоры

13. Карбозова Несіпбала Тілеуханқызы- Қ.И.Сәтбаев атындағы №7 мектеп лицейінің тарих пәнінің мұғалімі

14. Әуезов Ғабдол Жанділдәұлы- тарих  магистрі

15. Көпбаев Бақытжан Игенұлы – Жезқазған ішкі саясат бөлімі Жастар бастамалар орталығының басшысы

16.Смағұлов Сәкен Жақияұлы – «Нұр Отан» партиясының «Қазақмыс» корпорация жанындағы Қарағанды филилалының өкілі

17. Смағұл Сара Кәрімсаттарқызы – аймақтық «СарыАрқа» газетінің бас редакторының орынбасары  

18. Алпанбаева Эльвира Қадіржанқызы   – «Жезказганский вестник» газетінің бас редакторы

19.Түсіпов Ізтөлеу Бекенұлы  – аймақтық «Дидар» телеарнасы директорының кеңесшісі, ҚР Журналистер Одағының мүшесі

Жүргізуші : Н.Ә.Назарбаев «Кетбұқа бабамыз түбі бірге түркіге ортақ ұлы тұлға» деп баға берген. Азулы елінің ағасы  Доспамбет жырау «Кетбұғадай билерден, Кеңес сұрар күн қайда?» деп Шыңғыс хан заманында билік айтқан, Жошыға жанашырлық танытқан, Хулагу ханды Кіші Азияға бастаған Кетбұқа атын сағынышпен еске алатын кітаптың шымылдығын С.Қожамқұлов атындағы Сазды театрының әртістері дайындаған көрнісімен бастайық.

Көрніс:

Жүргізуші : Қазақ халқының ортағасырлық тарихындағы өмірбаяны ертегі – аңызбен өрілген ғажайып тұлғаның кетбұқаға арналған Омари Жамбылдың «Кетбұқа – жырау, аталық, қолбасшы» атты кітабы Астана қаласы: «Алтын кітап» баспасынан шыққан. Жауапты жұмысқа кіріскен авторға ақыл – кеңесін берген қазақтың белгілі елші азаматы, мәмлүк тақырыбына арнап бірнеше еңбек жазған Қайрат Сәки мен ортағасырлар бойынша белгілі маман тарихшы, профессор Тұрсынхан Зәкенұлы. Авторға қолдау жасаған, жігерін жаныған  «Қазақтың Кетбұқасы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Төлеген Бүкіров, Қазақмыс корпорациясының музейінің директоры Кенжал Балкен. Сонымен бүгінгі іс –шараға рухани ырыс сыйлаған  Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Нұрлыбаева Салтанат Сүлейменқызы. Бүгінгі пікір - алмасуды  сіздер ашқанды жөн көрдік. Сөз сіздерде.

Сөз:

Жүргізуші:  Кетбұқаның жастық шағы туралы деректер біздің қолымызда жоқ, бірақ оған дәлелді сипат беру үшін қажет қазақтың шежіресі бар. Бірнеше ғасырлар сақталған тарихи аңыздар да, қазіргі ауызекі әңгімеде де Кетбұқаның Найманның Бағаналы табынан шыққанына ешқашандай күмән жоқ дейді кітаптың авторы Жамбыл Омари. Осы туралы сіздің ойыңыз қандай шыққан тегі, Кетбұқадан бастау алатын ұрпақ, осы күні Қаражал қаласының түбінде Қытай аталатын жер, Кетбұқаның әкесі Қытайдың құрметіне аталған атау төңірегінде Ғабдол Жанділдәұлы  сөз бастасаңыз.

Сөз:

Жүргізуші: Кітапта Кетбұқа тұлғасын сомдауға араб тілді деректер орасан зор көмек жасайды делінген. Араб тарихшыларының еңбектеріне қарасақ Кетбұқа Шыңғыс ханның немересі Хулагудың жанында аталық қызметін атқарып, Әмурдариядан бастап Мысырға дейінгі жолды ашуға аттанған деген деректер туралы Бақытжан Игенұлы тарихи ойыңызды білдірсеңіз?                                                  

Сөз:

Жүргізуші: Азаулы елінің ағасы Доспамбет жырау Кетбұқадан өзі басқарған мемлекеттің басқару жүйесі, сыртқы елдермен саясаты туралы кеңес сұрамақ десек шындыққа жарасады емес пе? Осы туралы Сәкен Жақияұлы тарихи пікіріңіз.

Сөз:

Жүргізуші:  Домбыраның көмейінен күй емес –күйік, әуен емес- өксік, ызың емес – зар төгіледі. Тереңнен шымырлап жоғары көтерілген теңіздің толқынындай күй әуені кеудені керіп, лықси- лықси арнасын керген шер толқыны шарасынан асып барып, қайта, сәл саябырсып алады да, тағы да лықси жөнеледі. Домбыраның мынау солқылдатқан қоңыр үні жүйке – жүйкеңді, тамыр –тамырыңды қуалап, шемен  боп қатқан сезім түйіршіктерін ерітіп, өкініштің уытын өзегіңді өртеген ыстық жалынға айналдырып жібергендей деп суреттелген кітапта.  Қазақтың  дәстүрлі 1000 күйі кітабына енген Кетбұғаның күйі: «Кетбұға» күйін тыңдайық.   

Күй: «Кетбұға»

Жүргізуші:  Кетбұқа абыз бабаның күйшілік өнері туралы Сүлейменов Шәбден Зейнепұлы баяндайды.

Сөз:

Жүргізуші: Кетбұқаның жыраулық өнері туралы сөзді Ғазиз Елеусизбайұлы мен Бағдат Тілеуліұлы сіздер өрбітсеңіздер.

Сөз:

Жүргізуші: Осы кітаптағы мысалдардан-ақ наймандардың Орта Азия аймағындағы қабырғалы күштердің бірі ретінде әрекет еткенін байқау қиын емес. Бұл наймандар біртін –біртін жергілікті халыққа сіңісіп, өзбек, қарақалпақ қауымдастығының бір тармағы болып кетті. Өзбектерде қазақ-найман, күн найман, жуанбұт найман руларының кездесуі сол араласудың бір нышаны. Осы Кетбұқа қарамағындағы болған найман жыршылары елге аталық – жыраудың өсиетіндей қылып «Сақ болғын» сияқты даналық өсиеттерін  ала келді. Олай болса Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Ғалым Мұхамединнің  орындауында тыңдасақ. 

Ән: «Сақ болғын»

Жүргізуші: 1216 жылы батысқа аттанған Жошы хан мен сол кезде найман елінің билігін қолына алған Кетбұқа арасында келісім болған делінген. Әр түрлі деректерді салыстыра келе Кетбұқа аталық қызметі басталды. Кетбұқа бабамыз аталық лауазымды қалай алды деген сұрақ төңірегінде  Несіпбала Тілеуханқызы тарихи мағұлмат берсеңіз?

Сөз:

Жүргізуші: Кетбұқаның Шам аймағын бағындыруы жайлы және шешуші шайқаста Кетбұқаның өлімі туралы Ләззат Әбілқасымқызы  сіз  баяндасаңыз?

Сөз:

Жүргізуші: Қазақ күйшілігінің көне тарихында ерекше туған, күйдің киесі қонған екі адам бар. Бірі – қара қобыздың атасы Қорқыт абыз да, екіншісі – қоңыр домбыраның атасы – Кетбұқа жырау. Қобыз Қорқытқа қолғанат болғаны үшін де қадірлі. Кетбұқа болса баласы Жошының қазасын қайғырып, суық хабарды жеткізген адамның көмейіне қорғасын құймақ болып долданып жатқан Шыңғыс ханға Жошы өлімін домбырамен естірткен. Сөйтіп, ел басына төнген, ауыр қайғыны күймен қуалаған, халықты ханның қаһарынан құтқарған райынан қайтарған. Бір сөзбен айтқанда, домбыра арқылы ажалға араша болған әулие дейді «Ақсақ құлан» Кетбұқа бидің күйлер жинағы кітабының алғы сөзін жазған ақын, филология ғылымдарының кандидаты Иманғазы Нұрахметұлы.

Садуақасов Жалғастың орындауында «Ақсақ құлан» күйін қабыл алыңыздар.

Күй: Ақсақ құлан

Қобыз үні ойнатылады.

1-оқырман:  Айналайын ақ Жайық,

           Ат салмай өтер күн қайда.

Қара бұлан терісін

Етік қылар күн қайда.

Күдеріден бау тағып,

Кіреуке киер күн қайда.

Күмбір-күмбір кісінетіп,

Күренді мінер күн қайда.

Толғамалы ақ балтаны

Толғап ұстар күн қайда.

2-оқырман:  Алты құлаш ақ найза,

Ұсынып шаншар күн қайда.

Садақ толған сайгез оқ,

Масағынан өткеріп,

Басын қолға жеткеріп,

Созып тартар күн қайда.  

Кетбұқадай билерден,

Кеңес сұрар күн қайда

Еділдің бойын ең жайлап,

Шалғынға бие біз байлап,

Орындықтай қара сабадан,

Боз баламен күліп –ойнап

Қымыз ішер күн қайда?!

Жүргізуші: Доспамбет жыраудың асау жырлары Еуразия далалық аймағын жайлаған, бірнеше мың жылдар бойы әлемге үстемдік жүргізген біздің ата –бабамыздың көңілі ерлікке, өрлікке толы. Алтын Алтайда туып, Айн- Джалудте қаза тапқан ұлы би, қолбасшы және аталық Кетбұқаның аты тәуелсіз ұлты мен ұрпағының жадында екені бүгінгі ұйымдастырылған  іс-шара айғағы екені дәлел.  Тарихи тұлғаның іс-шарасын келген қонақтар бір-бір ауыз сөзбен түйіндесеңіздер.

Сөз:

Жүргізуші: Осы кітап арқылы кемел ойлы Кетбұқаны тереңдей таныта білу, тарихи істерін санада жаңғырту, ұрпаққа ұлағат ету кітапхананың басты парызы. ОКЖ- сінің директоры Капкеева Шарипа Құрманқызына сөз берсек. Бүгінгі іс-шараны қорытындыласаңыз.

Сөз:

Жүргізуші: Тарихи тұлғаларымызды асқақтату арқылы өткенімізге тәу етеміз, ертеңімізге жол ашамыз. Ұлағатты тарихымыз бен  Мәңгілік Елдің болашағын жалғастыратын алтын көпір –бүгінгі уақыт, бүгінгі Сіз бен Біз. Келесі кездескенше аман-сау болыңыздар!

Жауапты: ОКЖ директоры Капкеева Ш.Қ.                              

Құрастырған: «Кітапханаларды дамыту ісі және  әдістемелік жұмыс»

                         бөлімінің меңгерушісі  Елубекова Қ.Т.

Өз ой-пікіріңізді білдіріңіз

Сіз қонақ ретінде ой-пікір білдіре аласыз

0 / 300 Character restriction
Your text should be less than 300 characters
  • Пікір білдіргендер жоқ