«Балалар жүрегінің жылуы»

                                                (Ертеңгілік).

Мақсаты: Балаларымыздың бойына халқымыздың әдет-ғұрып, салт- дәстүрін, өнегелі қасиеттерін сіңіре отырып, әдептілікке, имандылыққа, отанын сүюге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: гүлдер, шарлар.

Жүргізуші: Құрметті балалар, ата- аналар, қонақтар, ұжым қызметкерлері!

Біз бүгін сіздермен өте  қуанышты мерекені қарсы алып отырмыз. Бүгінгі қуанышты мерекенің иесі сендер, келешек ұрпақ, өлкеміздің ертеңін биіктетер, ұлттық салт- дәстүрімізді, өнерімізді және тілімізді көркейтер ұрпақсыңдар. Сондықтан да әрқашан жер аман, ел тынышта ойнап-күліп осындай мерекелерді бірігіп өткізе берейік дей отырып, мерекені бастау үшін кітапханамыздың меңгерушісі Айнур Тұрсынбековнаға сөз береміз.

Жүргізуші:

 Оу, халайық, халайық.

Әсем әнеге салайық.

Бүгінгі балалар тойын көңілді,

Бәріміз бірге қарсы алайық.

« Қошақаным » әні  орындалады.

Бүгін бізде қонақта ертегі ханшайымы.

Ертегі ханшайымы: Балалар, біз сіздермен көп ертегілер ү.йрендік, ендеше, білетін ертегілеріңді атап шығыңдаршы. (Конфетке салынған сұрақтар).

  1. Ешкі, қасқыр, лақтар ертегісі қалай аталады?
  2. Қыз, сағыз, мысық ертегісі қалай аталады?
  3. Кім жылдам санайды? 5- санына дейін тура, әрі кері санау.
  4. Шалқан, қарт, кемпір, ит, мысық, тышқан ертегісі қалай аталады?

Балалар, өте жақсы, жарайсыңдар, өте көп ертегі біледі екенсіңдер.

Ал енді балалар, жұмбақтарды шешіп көрейікші.

  1. Басында екі таяғы бар

Төрт аяғы бар

Адам деуге болмайды.

Бірақ сақалы бар. (Ешкі).

  1. Күнде оған қараймын,

Қара шашты тараймын. (Айна).

  1. Шыр-шыр етеді,

Құлағыңнан өтеді.

Ұстай алсаң, сөйлеп кетеді. (Телефон).

  1. Күндіз бәрі қашады,

Түнде аспанда болады. (Жұлдыз).

«Бипыл » биі орындалады.

«Кетті, кетті орамал» ойыны ойналады.

«Күншуақ» ойыны ойналады.

«Әрқашан күн сөнбесін» әні хормен оындалады.

«Қара жорға» биі биленеді.

Ертегі ханшайымы:Балалар, сіздермен уақытты өте жақсы өткіздім. Сіздер сондай ақылды, өнерлі, тәрбиелі екенсіздер. Мен сіздерге ризашылығымды білдіріп, келесі кездескенше хош-сау болыңыздар дегім келеді.

Жүргізуші:

Күлімде, күн, күлімде,

Күлсін бәрі, бала шат.

Берекелі бүгінде,

Бейбіт болсын болашақ.

-        Бейбіт өміріміз туралы әсем суреттер салайық.

«Біз бақытты балдырған» атты тақырыпта асфальтта бормен сурет саламыз.

Жүргізуші:

Қайырлы күн, әрқашан күн сөнбесін,

Күн біздерге жылуын төге берсін.

Күндей жарық көңілді күн кешейік,

Бәріміз дос болып бөлісейік.

Мерекелік қызықты сәттерімізді,

Әрқашан қуанышпен осылай өткізейік.

          ФЛЕШМОБ БИ

Аға ақылы

 Кім үлкенді тыңдаса,

  Кім үлкенді сыйласа,

 Үлкен болған кезінде

 Сыйлы болмақ өзі де.

Күнім менің

Аналар-күнім менің,

Балалар гүлім менің,

Өзендер-күйім менің,

Асқар тау-үйім менің.

Жарыс

Әкесі жүгіреді,

Анасы жүгіреді

Тәтесі жүгіреді,

Баласы жүгіреді

Мысығы жүгіреді

Бәрі жарысып жүгіреді

      Анашым

Айналайын, анашым,

Мен деп күйіп-жанасың,

Шексіз жақсы көресің,

Мейіріңді төгесің.

Құс боп маған ұшасың,

Құшағыңа қысасың

Құшағыңда қысылып,

Өсіп келем ысылып.

Ешкі, қасқыр, лақтар ертегісі қалай аталады?

Қыз, сағыз, мысық ертегісі қалай аталады?

Кім жылдам санайды? 5- санына дейін тура, әрі кері санау.

Шалқан, қарт, кемпір, ит, мысық, тышқан ертегісі қалай аталады?

Өз ой-пікіріңізді білдіріңіз

Сіз қонақ ретінде ой-пікір білдіре аласыз

0 / 300 Character restriction
Your text should be less than 300 characters
  • Пікір білдіргендер жоқ