« Астана – бірлік символы »

                                       (саяхат викторинасы)

 

Мақсаты: Астана туралы мағлұмат беру.

Елордамыз Астананың көрікті орындарымен таныстыру. Оқырмандарды Отан сүйгіштікке баулу. Ұлттық патриотизм рухында тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Кітап көрмесі, шар, гүлдер, слайдтар, Астана суреттері.

Суреттер көрмесі оқырман балалардың шығармашылығы.

1-    Жүргізуші.

Құрметті оқырмандар, сіздерді бүгін еліміздің бас қаласы-Астананың туған күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Астана қаласының туған күніне арналған отырысымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Бәріміз бірге  Қ. Мырзалиевтың сөзіне жазылған Е. Хасанғалиевтың «Атамекен» әнін бірге шырқайық.

2-Жүргізуші.

Қазақстан Республикасының астанасы – Астана. Ол – бұрынғы Ақмола қаласы. Қала 1824 жылы салынған. 1961 жылға дейін қала – Ақмол, 1961 жылдың 24 сәуірінен бастап Целиноград деп аталады. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 1997 жылдың 16 желтоқсанынан бастап Ақмола қаласы Қазақстан Республикасының жаңа астанасы болып жарияланды. Ал Президенттің 1998 жылдың 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмола қаласының аты Астана болып өзгертілді.

1-жүргізуші.

   Қала Сарыарқада, Есіл өзенінің екі жағасында орналасқан.

            «Астананың өркендеуі - Қазақстанның өркендеуі» деп аталатын бағдарлама бойынша бой түзеген көрікті үйлер, «Океанариум», «Дарын орталығы», «Салтанат сарайы», «Бәйтерек», Астана әуежайы, Елбасының резиденциясы - Ақорда осының бәрі ғажайып ертегілерді еске салады.

           Қазір Астанада С.Сейфуллин атындағы аграрлық университеті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана мемлекеттік медицина академиясы, педагогикалық, медициналық колледждер, бірнеше кәсіптік білім беретін оқу орындары бар.

         Астана ХХ ғасырдың ең жас астанасы ретінде тарихқа енді.

    «Астана-бас қала » әні.  Орындайтын Абилова Ақбота  /Экранда Астана қаласының көріністері/

Сурет-сайыс Астана

2-жүргізуші.

Суы мөлдір ерке Есілдің сол жағалауында орналасқан ХХІ ғасыр қаласы - Астананың бүгінгі заман талабына сай сәулетін сөзбен жеткізу мүмкін емес.

Астана шаңырағы әлі де болса биіктей түспек. Жаңа астананың келешегі бүтіндей XXI ғасырдың еншісінде жатыр. Ал оның ертеңгі еңсесін көтеретін бүгінгі жас жеткіншектеріміз.

Енді бәріміз бірлесе отырып «Астана-елімнің жүрегі» атты викторинаның

сұрақтарына жауап берейік  /Викторинаның жауабы экраннан фото ретінде көрсетіледі/

1.Біздің президент кім?                   /Назарбаев/

2.Қазақстанның астанасын ата.    /Астана/

3.Тәуелсіздік монументі қай қалада орналасқан?  /Астана/

4.Қай жылы тәуелсіздік алдық?                                    /1991 ж./

5. Қазақстанның үлкен қалаларын ата.

6. Сен қай облыста тұрасың?                               /Қарағанды/

6. Мәжіліс өтетін ғимарат                                 /Ақорда/

8.Астана қай өзеннің бойында орналасқан?         /Есіл/

9. Астананың бұрынғы атауы кім                            /Ақмола/

1-    оқушы. Жайлауов Аслан

 

Күн сүйген Сарыарқаның даласында,

Таранған аққудайын қала осында.

Жүрегі еліміздің Астана ол-

Есілдің еркелеп аққан жағасында,

Кезінде көтергенде батыл мұңы,

Көрінді көп ұлттың жан татулығы.

Алып келді Елорданы Сарыарқаға,

Қазақтың Нұрсұлтандай ақылды ұлы.

2-жүргізуші.

Астананың көрікті жерлеріне слайдпен саяхат жасайық. Слайд «Астанаға саяхат».   / фон. музыка А.Жорабаева «Астана»/

  1. «Астана - Бәйтерек»;
  2. «Думан» ойын – сауық кешені;
  3. Елбасының мәдени орталық мұражайы;
  4. «Қазақ елі » монументі;
  5. Пирамида;
  6. Бейбітшілік және келісім сарайы;
  7. Ақорда.
  8. Әділетті билік ескерткіші
  9. Астаның триумфы»
  10. Этнопарк
  11. Цирк

2-    оқушы. Байғалиева Балжан

Тарихта бұл өнердің бар дерегі,

Қарайды заңғар көкке «Бәйтерегі».

Бір көріп келген  адам Астананы,

Аузынан суы құрып айтар еді.

Қазақтың қуат берген даласында,

Нұр құйған әр адамның санасына.

Еліміздің төріндегі Астана бұл,

Айналып жаңа ғасыр қаласына.

  Әні: Е.Серіковтікі

  Сөзі: А. Жапарқұлованікі.

« Жаса Қазақстан» әні орындалады. Қуандық Сағдат, Садуова Жанел,

                                                                    Қалдыбай Ділнәз

1-жүргізуші.

Бәйтерек - төрткүл дүниені құшағына сыйғызған өмір ағашы. Бұл қазақтың кеңдігі мен қонақжайлылығынан, бүгінгі қазақ елінің 130 –астам түрлі этнос пен диаспораны сыйғызып отырғандығынан хабар берсе керек. Ал оның төбесіндегі Самұрықтың ұясы- қазақ халқы бала тәрбиесінде Ар мен Ұждан тазалығын бірінші қатарға қойған. Сондықтан Бәйтерек басындағы құс ұясы осы ел халқы рухының тазалығынан хабар береді.

3-    оқушы. Сейтқазы Аяжан

Жер жұмағы, жыр жұмағы – Астанам,

Әрбір өлең бір өзіңнен басталған.

Сенің сұлу екендігің әлемге,

Алыптайын бәйтерекпен расталған.

Бір өзіңде жарқырап тұр Ақ Ордам,

Сұлулығың Есілменен шомылған.

Елбасы Назарбаев жарлығымен,

Ақмоламыз «Астана» деп аталған.

Би: «Қара жорға». Флеш моб

2-жүргізуші.

Тәуелсіздігіміздің  тірегі, еліміздің жүрегі- Астанамыз асқақтай берсін! Хош-сау болыңыздар!

 

 

 

Өз ой-пікіріңізді білдіріңіз

Сіз қонақ ретінде ой-пікір білдіре аласыз

0 / 300 Character restriction
Your text should be less than 300 characters
  • Пікір білдіргендер жоқ