«Қайсарлықты үйренген дала қырдан»- әдеби қонақжайдың  сценарийі

Жезқазған қаласының Құрмет азаматы, Қазақстан Жазушылар Одағы, Журналистер одағы, Театр қайраткерлері одағының мүшесі, ҚР мәдениет қайраткері, жазушы Апбаз Қаражігітов.

Өтетін орны:                                                                             Өтетін уақыты:

С.Сейфуллин атындағы                                                   «  22 » ақпан 2017ж

кітапхананың мәжіліс залы                                               сағ.11.00                              

1-жүргізуші: Арқа төсін айналып өтіп кең жазықта еркін көсілген Сарысудай ерекше толқыны,  бөлек екпіні бар өңірде 1923 жылы 15 маусымда дүниеге келген Жезқазған қаласының Құрмет азаматы, Қазақстан Жазушылар Одағы, Журналистер одағы, Театр қайраткерлері одағының мүшесі, ҚР мәдениет қайраткері, жазушы Апбаз Қаражігітов әкеміздің «Қайсарлықты үйренген дала қырдан» атты тағлымы мол әдеби қонақжайға қош келдіңіздер.

1-жүргізуші: Апбаз Каражігітов ауыл мектебінде оқып, 1953 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Еңбек жолын теміржолда стрелочник, колхозда есепші болудан бастаған  А.Қаражігітұлы орта мектептерде мұғалім, мектеп директоры қызметтерін атқарды. 1970 жылдан «Орталық Қазақстан» газетінің Жезқазған, Сәтбаев қалалары, Ұлытау, Жезді аудандары бойынша меншікті тілшісі болды. 1973 жылы Жезқазған облысы ұйымдасқаннан кейін облыстық «Жезқазған туы» газетінің бөлім меңгерушісі, 1990 жылдан 1997 жылға дейін Қазақстан Жазушылар Одағының Жезқазған облыстық С.Сейфуллин атындағы бөлімшесін басқарды. Сонымен шығармашылықпен айналасып, «Ақмоншақ», «Шақпақ», «Әке даусы», «Қайран шеше» әңгіме –хикаятттар кітаптарының, «Майқоңыр», «Абыздар биігі» роман-эсселерінің, «Жанайқай» әңгімелер мен повестер, 2 томдық  Таңдамалы шығармаларын жарыққа шығарған. Ұлы бабасы Қаражігіт бидің ұрпағы Апбаз әкемізге басымызды иіп, үлкен қошемет көрсетіп қоялық.

(Орнымыздан тұрып қол шапалақтау) Гүл шоқтарын  ұсыну 

1-жүргізуші: Ата бабаларымыздың көне қонысынан тапжылмаған жақсы атаның жайсаңдарына ықыласымыз өзгеше. Көненің көзіндей Тайжан мен Болман ақынның өзіндей тоқсанның асуынан асып, топ жарған абыз қартымыздың әдеби қонақжайына келген қонақтармен таныстырайық:

1.Нұрлыбаева Салтанат Сүлейменқызы- Жезқазған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы

2.Мырзабеков Батырбек Тыныштықбайұлы - Қазақстан Жазушылар Одағының Жезқазған қалалық филиалының мүшесі, «Ұлытау және ұлт» - тарихи –танымдық, көркем- әдеби журналдың бас үйлестірушісі және С.Сейфуллин атындағы кітапхананың қаламгерлер клубының төрағасы

3. Көбейсін Еңсебаев -журналист,  Жезқазғанқаласының кұрметті азаматы

4. Қожамсейітов Сағындық Ұсенұлы -   журналист, қоғам қайраткері, мұрағатшы, Жезқазғанқаласының кұрметті азаматы

5.Смағұл Сара Кәрімсаттарқызы- «Ұлытау және ұлт» - тарихи –танымдық, көркем- әдеби журналдың бас редакторы

6. Мұхамедин Ғалым – Тайжан Қалмағанбетов атындағы Жезқазған қалалық филормониясының әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі.

7. Береке Көшенов –Тайжан Қалмағанбетов атындағы Жезқазған қалалық филормониясының әртіс –вокалист, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі.

8.Ештанаев Ғазиз Елеусізбайұлы – филология ғылымдарының кандидаты, доцент, «Ұлытау және ұлт» - тарихи –танымдық, көркем- әдеби журналдың жауапты редакторы, «Тілтану» оқу орталығының басшысы

9.Ахметов Кенжебай Карбозұлы -филология ғылымдарының кандидаты, доцент, драматург

10. Дастанов Абдолла – танымалы журналист.

11. Дархан Мұханов –«Сарыарқа» газетінің директоры –бас редакторы

12. Алпанбаева Эльвира Кадіржанқызы   –«Жезказганский вестник» газетінің бас редакторы

13.Түсіпов Ізтөлеу Бекенұлы  – аймақтық «Дидар» телеарнасы директорының кеңесшісі, ҚР Журналистер Одағының мүшесі

14Байжантаев Бағдат Тілеуліұлы – Жезқазған қаласы мұрағатының басшысы  

15. Үмбетова Алмагүл Қоғабайқызы – филология ғылымдарының кандидаты,  Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің оқытушысы  

16.Садуақасов Жалғас Сейтқазыұлы- Жезқазған музыкалық колледжінің оқытушысы

17. Сейдахмет Ернұр-  «Қашан үлкен боламын», «Тентек доп» кітаптарының авторы, Республикалық «Астана-Бәйтерек» байқауының ІІІ орын иегері, республикалық «Балауса» бәйгесінде «Еңбек шынықтырады» атты өлеңдер топтамасының ІІІ орын жүлдегері

18. Қарахметов  Медет –жас ақын  

.

1-жүргізуші: Сарыарқа төскейіндегі қаламгердің абызы –Апбаз Қаражігітовке ақ тілегін білдіруге, бүгінгі кештін алғашқы сөзі «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің» басшысы Нұрлыбаева Салтанат Сүлейменқызына берсек.

1-жүргізуші: Апбаз  Қаражігітовтың прозаға қосқан үлесі қомақты. Алғашқы жинағы «Ақмоншақтан бастап, баспада теріліп жатқан «Майқоңыр» романына дейінгі аралықта қаламгер өнімді еңбектеніп оқырманға «Шақпақ», «Әке дауысы» кітаптарын ұсынды.  Олай болса «Әке даусына» енген  «Айхан» әңгімесінен үзінді  тамашалайық. Алдарыңызда М.Әуезов атындағы кітапхана –филиалының оқырмандары.

«Айхан» әңгімесінен үзінді

1-жүргізуші: Байыпты, парасатты проза ғана өмір шындығын, дәуір келбетін көрсете алады. Бәрін бірден алдыңа жайып салмай, оқиғаны суыртпақтап дамытып, әрбір штрих, деталь автор идеясын тереңдете түсуге, кейіпкер тұлғасын сомдай түсуге, қызмет етсе, шығарма жұп-жұмыр, біртұтас көркем дүниеге айналады. Апбаз Қаражігітовтің жазушылық қыры жайлы  Батырбек Тыныштықбайұлы толғамды пікіріңізді білдірсеңіз.

1-жүргізуші: Апбаз Қаражігітовтың «Сөнбеген шырақ» повесі соғыс жылдарыңдағы қазақ ауылы болмысын суреттеуге арналған. Қаламгердің бұл повесінің алдыңғысынан айырмашылығы – жазушы бірінші жақтан баяндау тәсілін пайдаланып, Ұлы Отан соғысының сұрапыл жылдарындағы тыл еңбеккерлерінің ерлігі мен қажырлы еңбегін, халық бастан кешірген сансыз ауыртпалықты бейнелеген. 2014 жылы «Сарыарқа кітапханасы» топтамасымен Фолиант баспасымен «Сөнбеген шырақ» атауымен бір кітабы тағы жарық көрді. «Қайран шеше», «Сөнбеген шырақ» кітаптарына кірген «Абай келгенде» әңгімесінен монолог тыңдасақ. Монологты дайындаған №9 үлгілі кітапхана –филиалының оқырмандары

Монолог: «Абай келгенде» әңгімесінен

1-жүргізуші: Жазушы Апбаз  Қаражігітов шығармаларындағы оқиға мен адамдар өз туған аймақта болған оқиғалар мен өз ауылындағы өмір сүрген адамдар. Көркем дүние құралына айналған осы оқиғалар мен адамдар тарихилығынан алыстап кетпейді. 2013жылы Алматы «Таймас» баспа үйінен «Таңдамалы шығармаларының» қос томдығы оқырманға жол  тарты. Қос томдықтың 2-Томына енген «Базекеңнің әңгімесін» №7 кітапхана –филиалының оқырмандары ұсынады.   

«Базекеңнің әңгімесі»

1-жүргізуші: Апбаз  Қаражігітов газетке де ащы терін төккен бейнетқор қаламгер. Оның қарымды да алымды қаламынан шыққан очерк, толғаулар газеттің ажарын ашып тұратын. Тегінде Апбаз Қаражігітов серпінді сөздің яғни публицистиканың ұстасы. Ол нендей тақырыпқа жазбасын жан бітіріп жайнатып жіберетін – деп жазған жазушы Өмір Кәріпұлы. Сара Кәрімсаттарқызы бұл туралы сіз не дейсіз және « Абыздар биігі» публицистикалық –ғұмырнамалық эссе туралы ойыңызды білдірсеңіз. Сөз сізде.

1-жүргізуші: «Жанайқай» хикаяты өткен заманның өктемдігін уытты тілмен әшкерелейді. Өткеннің өксігін немересіне баяндаған кейіпкер қарт: «Биікте желбіретіңдер бақыт туын! Бақыт жолының да сан тарау екенін ұмытпаңдар. Мына жол –айқын жол, адалдықтың, халық игілігінің ақ жолы» деп айта келіп, өз атынан да, кейіпкерінің атынан да жүрек жарды тілегін білдірген. «Жанайқай» деген атпен әңгімелері мен повестері енген кітабы 2005 жылы Астанадан «Сарыарқа» баспасынан  жарық көрді. Осы кітапқа енген «Аққу мен қыз» әңгімесі бойынша №2 үлгілі кітапхана –филиалының оқырмандары дайындаған шағын көріністен үзінді көрелік.  

«Аққу мен қыз» әңгімесі

1-жүргізуші: Апбаз  Қаражігітов сіз әуелі  әдебиетсүйер қауымға ақын ретінде танылдыңыз. «Жетім», «Тас жарған емен» атты жыр жинақтарыңызды кезінде оқырман қауым жылы қабылдаған. Ол қаламын өлеңмен ұштады. Поэмалары оқиғалары, көркем, жүрдек оқылады. Өзіне тән салмақты ой, құнарлы тіл жыр жолдарында молынан кездеседі. Өлеңдер топтамасына кезек берейік.  

Өлеңдері: «Жол- арғымақ», «Ғарыштағы ғажайып» «Ақындар туралы сыр»

1-жүргізуші: Апбаз Қаражігітовтің

Сөйлемейін десем де сөйлемейін,

Дамыл таппай ауызым сөзге бейім.

Сөйтсем сөзден рахат, бақыт тауып,

Өмір сүрдім осынау кезге дейін – деп жыр толғаған ақынның  өлеңдері туралы Ештанаев Ғазиз Елеусізбайұлы сіздің ой пікіріңіз.  

1-жүргізуші: Апбаз  Қаражігітов балалар театрларынан тұрақты орын алған шетел драматургтері И.Грановскаяның «Ақылды Гүлжан туралы ертегі», Н.Осипованың «Бір жарым уыс», Е.Чаповецкийдің «Жарайсын Мыцик, Ян Вилковскийдің «Тигрик Петрик» сияқты қызықты драмаларын қазақ тіліне аударды. Сахнаға өзінің төл туындыларымен қатар әлем әдебиетінде аты қалған алыптардың шығармаларын сахналап ұсынуда да аз тер төккен жоқ.  Балаларға қалам тартқан туынды «Ақылды Гүлжан» туралы ертегіден  үзінді тамашалайық. Алдарыңызда балалар мен жасөспірімдер кітапханасынының жас бүлдіршіндері.

«Ақылды Гүлжан» туралы ертегі

1-жүргізуші: Апбаз  Қаражігітов сахна сәні драматургия саласынна да өз өрнегін салды. Оның жалынды публицист Баубек Бұлқышев өміріне арнаған «Баубек», Сейфуллиннің тағдырына байланысты «С.Сейфуллин» атты драмасы республикамыздың театрларында қойылып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Бүгінгі жастар өмірін бейнелейтін «Махаббат азабы» драмасы, «Қияндағы жалғыз үй» де дара дүниелердің бірі болып қала береді. Демек Апбаз Қаражігітов жазушылығының сыртында драматург десек дөп басқанымыз болар.  С.Сейфуллин атындағы кітапханасының оқырмандары сіздерге А.Қаражігітовтің «Ағайымның көзі» повесінен  үзінді ұсынады.

«Ағайымның көзі»  повесінен

1-жүргізуші: Апбаз  Қаражігітовтің нағыз қарымды, қайратты қаламгер екендігіне таңқалып, тамсана қарайтынымыз еш өтірік емес. Оның прозалық шығармалары бір төбе де, драматургия жанрындағы жазған пьесалары бір төбе. Драмалық шығармасы жайлы  Ахметов Кенжебай Карбозұлымен ой бөліссек. 

1-жүргізуші: Тәуелсіз қазақ елінің кешегісі мен бүгінгі жетістіктерін,   кемелдігін, талант қарымын жас ұрпақтың санасына ұялатуға, сондай  Аппаз Қаражігітов өз соқпағын, мәнің тауып, айналған жазушы екенін  оқырманға насихаттау кітапхананың басты парызы. Бүгінгі іс-шараны қорытындылау үшін сөз  ОКЖ-сінің директоры Капкеева Шарипа Құрманқызына беріледі. 

1-жүргізуші: Абыз Апбас әкеміз осы жасқа үнемі шығармашылық жұмыс үстінде келгені барша әріптестерін, оқырмандарыңызды сөзсіз қуантады. Бүгінгі кешке жиналған әдебиет сүйер қауымға Апбас Қаражігітов әкеміз ақ тілегіңізді білдіріп, ақ батаңызды берсеңіз. 

1-жүргізуші: Халқына қаламмен  ерен қызмет еткен, көркем тілдің қуаты, ой тереңдігі арқылы оқырмандар қауымын ондаған кітаптарымен қуантқан Апбаз Қаражігітовтің шығармашылығын оқудан жалықпайық. Келесі көріскенше  амандықта болайық!

Жауапты: ОКЖ директоры Капкеева Ш.Қ.

                                                      

Құрастырған: «Кітапханаларды дамыту ісі және

                                                       әдістемелік жұмыс» бөлімінің меңгерушісі  Елубекова Қ.Т.

Өз ой-пікіріңізді білдіріңіз

Сіз қонақ ретінде ой-пікір білдіре аласыз

0

Ой-пікір білдіргендер

Load Previous Comments