Жезқазған қаласының -65 жылдығына арналған «Жер асылы Жезқазған» атты селфи түріндегі интернет – фотобайқауын өткізу туралы

Е Р Е Ж Е

  1. 1.Жалпы ережелері
  2. 1Осы Ереже Жезқазған қаласының - 65 жылдығына арналған «Жер асылы Жезқазған» атты интернет – фотобайқауының (әрі қарай – Байқау) мақсаттары мен міндеттерін өткізу тәртібін белгілейді
    1. 2Осы Ереже байқаудың ұйымдастырылуы мен өткізілуін анықтайды
    2. 3Байқау 2019 жылғы 27 мамыр мен 27 тамыз аралығында өткізіледі
    3. 4Байқаудың ұйымдастырушысы - «Жезқазған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ
  3. 5Байқау жастардың өз қаласы үшін мақтаныш сезімдерін нығайту, жастардың ой санасында туған қаласының киелі орталығы ретінде қалыптастыру, жастар ортасында бос уақытты өткізудің әртүрлі нысандарын қолдау және өрістету мақсатында өткізіледі
  4. 6Байқауға қатысушылар – Жезқазған қаласының жастары, село кітапханаларының 15 – 29 жасқа дейінгі оқырмандары
  1. 2.Байқауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі:
    1. 1Байқауға қатысу үшін біздің Instagram –дағы zhezkazgantsbs парақшасына жазылуыңыз қажет
    2. 2Фотосуретті Instagram әлеуметтік жүйесіндегі #JerasylyJezqazǵan хештегімен орналастыру керек
    3. 3Әрбір фотосуреттің астынан мынандай мәліметтерді белгілеуіңіз қажет:

-толық аты –жөніңіз, жасыңыз;

- өзінің туралы (оқу орныңыз, жұмыс орныңыз, мекен – жайыңыз);

- селфи жасалған жері;

- селфи жасалған жері туралы бірнеше сөйлем (сіздің әсерлеріңіз) немеесе өлең жолдарымен;

2.4 Байқаудың шарттары бойынша фотосурет міндетті түрде азаматтылық пен отаншылдық тақырыбын ашатын болу керек. Суретте Жезқазған қаласының ескерткіштерінің немесе естелік жерлерінің алдында түсуіңіз қажет

2.5 Әрбір қатысушы байқауға үштен (3) көп емес жұмысты ұсынуға болады. Байқауға тек авторлық жұмыстар ғана ұсынылады

2.6 Байқауға қатысушының парақшасына қолжетімділік. Байқаудың аяқталуына дейін ашық болуы керек

2.7 Фототүсірімді өткізген уақытта сіздің өміріңіз бен денсаулығыңызға қауіп төндіретін нысандар бар болған жағдайда сақтық шараларды сақтауыңызды өтінеміз

  1. 3.Байқауды өткізу мерзімі
  2. 1Байқауға 2019 жылғы 27 мамыр мен 27 тамызға дейінгі орналасқан фото –селфи қатысады
  3. 2Дауыс беру мерзімі – 2019 жылғы 27 мамырдан 27 тамызға дейін
    1. 3Байқаудың қортындылары туралы ақпарат 2019 жылдың 7 қыркүйегінде www.кітапхана сайтында және zhezkazgantsbs Instagram парақшасына жарияланады.
    2. 1Байқаудың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі 2019 жылғы қыркүйек айында қала күніне арналған іс – шарасының аясында «Жезқазған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ өткізіледі.
  1. 4.Қортындыларды шығару және марапаттау
    1. 1Байқаудың жеңімпаздары шешім жиналған дауыстың негізінде қабылданады (лайктар мен фото селфидің репосттары)
    2. 2Жеңімпаздар (1- 3 орындар) дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады
    3. 3Байқаудың ұйымдастырушылары дауыс беру нәтижелері бойынша қосымша номинацияларды беруге құқылы
  1. 5.Байланыс ақпараты
  1. 1 «Жезқазған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ Кітапханаларды дамыту ісі және әдістемелік жұмыс бөлімі, жұмыс тел: 8(7102)711033

Жезқазған қ., Есенберлин к.,9 «а»

Е- mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Кітапхананың сайты: www.zhezbiblioteka.kz

Instagram –да парақшасы: zhezkazgantsbs

Пікір білдірді (0) Қаралды: 60