31 мамырда «ZOOM» платформасында, Жезқазған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің «Парасат жолы» орталығында № 2 үлгілі кітапхана-филиалы 31 мамыр саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» атты іс-шара ұйымдастырды. Іс-шараны кітапхана меңгерушісі А.Қыдырманова және кітапханашы Ж.Тукенова жүргізді. Іс-шараға кітапхана оқырмандары мен әріптестер және арнайы шақырылған қонақ Жезқазған қаласының Ө.Байқоңыров атындағы университетінің тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Т.К.Алланиязов қатысты. Бұл кісі ұжымдастыру мен қуғын-сүргін тақырыбымен айналысып жүрген, 30 жылдан аса уақыт бойы үзбей зерттеу жұмыстарын жүргізіп, бірнеше кітаптар жазған адам.
        31 мамыр – Қазақстан тарихындағы ең қайғылы беттердің бірі - жаппай саяси қуғын-сүргін мен миллиондаған адамның өмірін қиған жан түршігерлік ашаршылықты еске алу күні. 1997 жылдан бастап жыл сайын Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні атап өтіледі.
    1937-1938 жылдары Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатұлы, А.Ермеков, Х.Досмұхамедұлы және басқа да көптеген көрнекті қайраткерлер ұлтшылдық пен тыңшылыққа айыпталды. 1937 жылы қуғын-сүргін шарықтау шегінде Қазақстанда тұтқындалғандардың саны 105 мың адамға жетті, олардың 22 мыңға жуығы ату жазасына кесілді. Қуғын-сүргінге ұшырағандардың саны біздің республика халқының саны жағынан аздығы үшін демографиялық және зияткерлік әлеуетте орны толмас зиян келтіргендігі жөнінде кітапханашы айтып өтті.
  Жүргізушілердің тарихшыға қойған саяси репрессия және лагердегі жазалау жүйесі дегеніміз не? Степлагта қуғын-сүргінге ұшырағандардың саны, тұтқындардың арасында танымал адамдар болды ма? деген сұрақтарына Т.Алланиязов толық жауап берді. Одан кейін қатысушылардың қойған сұрақтарына да тұшымды жауап алынды. Тарихшы Т.Алланиязов кітапханашыларға жергілікті аймақтың 50-жылдардағы әсіресе, «Кеңгір көтерілісі», көтерілістің себептері мен тарихын көбірек насихаттауды ұсынды.
    Іс-шара соңында кітапханашылар қатысушыларға және арнайы шақырылған қонаққа алғыс айтып, іс-шараны аяқтады.

Пікір білдірді (1) Қаралды: 46

Жезқазған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапханалар жүйесі М.Әуезов атындағы кітапхана-филиалында «Парасат жолы» орталығында қазақтың жыр аққуы атанған ақын қызы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, мемлекеттік сыйлықтың иегері Марфуға Ғалиқызы Айтқожинаның 85 жас толуына орай «Жыр аққуы» атты поэзиялық сағат өтті.

    «Жыр аққуы» поэзия сағатына Жезқазған саз колледжінің «Кітапхана ісі» бөлімінің студенттері мен медициналық колледжінің студенттері қатысты. «Жас толқын» поэзия клубының мүшелері Ә.Барлыбай, Ф.Жұмабекова, М.Тоқмағанбетова ақын М.Айтқожинаның «Алаш азаматтары», «Қош Ана!», «Тілсіз мұң», «Жан аға», «Мұхтар аға» т.б өлеңдерін жатқа айтып берді. Көрерменге «Жыр аққуы» атты бейнеролик көрсетілді. «Парасат жолы» орталығында ақын М. Айтқожинаның 85 жас толуына арнап «Қазақтың жыр аққуы - ақын қыз» атты көрме жасалды. Көрмеге ақынның «Аққу жүрек» көп томдық шығармалар жинағы, «Сырлы саз», «Жапырақтар жауғанда», «Перне», «Жапырақ сілкінген кеш» атты кітаптары мен «Қазақстан жазушылары» энциклопедиясы қойылып, кітапхана ісі бөлімінің студенті Балмұханова Айжан көрмеге шолу жасады.

   Марфуға поэзиясында ерекше бөлек әуен бар. Оның әр өлеңінде ақтарылған сөз моншағы тізіледі. Марфуға ақын қыздың әр өлеңін оқығанда, мәңгі жас, мәңгі жаңа бір көрініске, өмірдің өзі ғажайып суреттерге айналып, жасарғандай, жаңғырғандай, қайта түлегендей әсерде қалары сөзсіз.

Ақын апамыздың мерей тойы құтты болсын!

Пікір білдірді (0) Қаралды: 30

     М.Әуезов атындағы кітапхана-филиалының «Парасат жолы» орталығында ҚР-ның Құрметті геологы, Еңбек ардагері, «КСРО Жер қойнауының барлау үздігі», «Құрметті жер қойнауының барлаушысы», гидрогеолог Сұлтан Сүтбайұлының 85 жасына орай «Жақсы адам ел жұртының панасындай» атты кездесу кеші өтті.
    Кездесу кешке Жезғазған қаласының құрметті азаматы, «Қазақмыс корпорациясы» ардагерлер кеңесінің төрағасы, Техника ғылымдарының кандидаты, "Қазақтың Кетбұқасы" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бүкіров Төлеген Нұрмағанбетұлы, Жезқазған қаласының Құрметті азаматы Филипович Станислав Валентинович, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Құрмет белгісінің иегері Нұрлыбаева Салтанат Сүлейменқызы, "Жезқазған қаласы ішкі саясат бөлімінің жастар ресурстық орталығының» кадр мәселесі жөніндегі маманы Түсіпов Ізтілеу Бекенұлы, орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Түгелбаева Ғалия Өмірзаққызы, Ө.Байқоңыров атындағы ЖезУ-дің геология бөлімінің студенттері және кітапхана қызметкерлері қатысты.
    Келген қонақтар С.Сүтбайұлының еңбек жолы, істеген қызметтері мен қызықты сәттерін айтып, құттықтау лебіздерін білдірді. Іс-шара барысында Сұлтан аға жайлы өмірінен сыр шертетін бейне ролик көрсетіліп, студенттер қойған бірнеше сұрақтарға, ардагер геолог С.Сүтбайұлы геолог маманы қазіргі уақытта қоғамдағы үлкен назар аударарлық ең өткір мәселелердің бірі екенін айтып берді.
Жастарымыз жақсы адамның адал да парасатты еңбек жолы жайлы маңызды мағлұматтарын тыңдап, кен қазбалар жайлы жер сыры мен жан сырын ұға отырып, қызықты да мағыналы мағлұмат ала білді .
     С.Сүтбайұлы тек геолог маманы ғана емес, ол кісі ойлы мақалаларымен қалам тербеген жан. Өзінің төл туындысы «Жер сыры мен жан сыры» кітабындағы жүрек жарды өлеңдерін «Жас толқын» поэзия клубы мүшелері нақышына келтіріп айтып берсе, саз колледжнің студенттері күмбірлі күйімен қонақтар назарына ілікті. Ал Ізтілеу Бекенұлы өзінің сыйлас, жақсы көретін Сұлтан ағасына ән-шашуын арнады.
    Болашақ жастарға бұқара халық пен шығармашыл зиялы қауым өкілдерімен бірлесіп, қоғамдағы парасаттылық идеологиясын ілгерілету, парасатты тәрбие беру, мәдениеттілік қалыптастыру, еңбек ардагерінің еңбек жолын жастарға үлгі ету мақсатында еңбек ардагері, геолог С.Сүтбайұлына арнап «Жер қойнауының үздік барлаушысы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге Сұлтан Сүтбайұлының төл туындысы «Жер сыры мен жан сыры» атты кітабы мен мақалалары қойылып, кітапханашы Жәнібекова А. көрмеге шолу жасады. Жезқазған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Түгелбаева Ғалия Өмірзаққызы құттықтау хатпен құттықтап, жылы жүздесуімізді қорытындылады.

      Ұлан байтақ даламыздың қойнауына жасырған тұщы су көздерін зерттеуге, анықтауға үлес қосқан, ел игілігіне мол үлес қосқан гидрогеолог
Сұлтан Сүтбайұлы 85 жасыңыз құтты болсын! Деніңіз сау болсын!, Мерейіңіз үстем, мәртебеңіз биік болсын дейді кітапхана қызметкерлері.

Пікір білдірді (0) Қаралды: 35

      М.Әуезов атындағы кітапхана-филиалы «100 жаңа оқулық жаһандық білімге төте жол» атты  жаңа гуманитарлық білім, қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулықтарды ұсынады. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында отандық гуманитарлық ғылым-білім саласының дамуын көздеген тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзекті шараларға бастау болған ауқымды мәселені баяндағаны белгілі. «100 жаңа оқулық жобасы» танымды байытып, рухани жаңғыруды арттыра түспек. Кітаптың сарқылмайтын қазына екені бұған дейін де айтылып келді. Ғасыр мен ғасырды, қоғам мен қоғамды тоғыстыратын кітап және ондағы түйдектелген білім екенін ескерсек, бұл жобаның да қазаққа берері мол екені даусыз. Олай болса, жобаның қадамы қарымды болғанын біз де қалаймыз...

Пікір білдірді (0) Қаралды: 43
    Ұлы Отан соғысы елдің елдігін, ердің ерлігін сынға түсірді. Тілі басқа, тілегі бір жандар тізе қосып, Отанды қорғауға аттанды. Соғыс жылдары жауға қарсы ерлікпен күрескен біздің жауынгерлеріміз еліне деген шынайы махаббаттың озық үлгісін көрсете білді. Қазіргі біздің сәулетті өміріміз үшін жас жанын қиып, кеудесін оққа тосқан батырлар, сіздердің ерліктеріңізді кейінгі ұрпақ біздер ешқашан ұмытпаймыз және әрдайым тағзым етеміз. Осы мақсатта, 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай «Ерлікке құрмет – елдікке міндет» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
    Ұлы Жеңіс күніне орай барлық ардагерлерімізге, тыл еңбеккерлеріне мықты денсаулық және берекелі өмір тілейміз. Еліміздің аспаны ашық болып, өркендей берсін! Ұлы Жеңіс мерекесі құтты болсын, оқырмандар!
Пікір білдірді (0) Қаралды: 37
98765