Киелі Кеңгір жобасы аясында  селомыздың  Отбасылық амбулаториялық дәрігері  болған  Қуаныш Хамзеұлының  - 75жылдық мерей тойын еске алу мақсатында  «Деніңе саулық, дертіне шипа сыйлаған» атты  отбасы және әріптестерімен кездесу ұйымдастырылды.  
    Бұл іс-шараға өмірлік серігі болған жан жары болған жұбайы Рахия Бөлегенқызымен, әріптестері Г. Алтаева, М.Есмағанбетова қатысты.  Дәрігерлерді халқымыз әдетте «ақ халатты абзал жандар» деп атайды. Себебі науқастарды емдеп, олардың жандарына араша түседі.   Сондай дәрігерлердің арасында мақтан тұтып айтатын дәрігеріміз ардақты да білімді, өмірінің сонына дейін халыққа қызмет етіп өткен  Қуаныш Хамзеұлы Әбіл. Ақ халатты абзал жан өзі мейірімді,  үлкен кішіге сыйлы, ізетті болған дәрігеріміз   Талап,Теректі, Қорғанбай, Түйемойнақ сонымен қатар қыстақтарды, разьездерге барып халыққа қызмет істеген дәрігер.  Р.Бөлегенқызы  жұбайы Қ.Хамзеұлы жайлы қалай отбасы құрып, өмірінің сонына дейіңгі қызықты сәттерінен айтып өтті. Сонымен қатар әріптесі болған  Г.Алтаева  дірігері Қ.Хамзеұлымен  35 жыл бірге еңбек еткен жыларынан  еске алып жақсы пікірлері мен естеліктері жайлы айтып өтті.