"Парасат жолы" орталығында Алаш партиясының бірініші төрағасы Әлихан Бөкейхановтың туғанына 155 жыл толуына байланысты N7 кітапхана-филиалы "Қазақ көсемі" атты дөңгелек стол ұйымдастырды. Дөңгелек столға арнайы қонақтарымыз ақын, журналист Төлеш Асантегі, тарихшы Әуезов Қабдол және қайырымдылық қорының жастары мен С.Сейфуллин атындағы кітапхананың кітапханашылары қатысты.