Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында көктем мерекесі - Наурыз мейрамының мазмұнын байыта түсетін тұжырымдама жасауды ұсынған болатын. 

    «Наурыз шуағы» мейрамын тойлауға арналған тұжырымдама аясында № 2 үлгілі кітапхана-филиалы 23-наурызда «Нұр себеле, нұр Наурыз!» атты жоралғы Күніне орай салт-дәстүр кешін ұйымдастырды.  Бұл күні әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер айшықталды. Ұмыт бола бастаған жоралғылар жаңғыртылды.