«Парасат жолы» орталығында Абылай ханның туғанына 310 жыл толуына орай «Хан Абылайдың арманы – ұлттың ұлы мұраты» атты кездесу Zoom платормасында өтті. Аталмыш іс-шараға Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің «Қазақстан тарихы, экономика және құқық» кафедрасының аға оқытушысы, тарих ғылымдарының магистрі Әуезов Қабдол Жанділдәұлы, модератор, тарихшы Көпбаев Бақытжан Игенұлы және қаламыздағы №1,8,13 мектеп оқушылары мен кітапханашылар қатысты.
     Іс-шараның мақсаты көпшілік қауымға Абылай ханды аса ірі мемлекет қайраткері, дипломат, қолбасшы, өз халқының азаттығы мен тәуелсіздігі үшін күрескен тұлға екеніндігін таныта отырып насихаттау.
    Шара барысында халқына дана, еліне пана болған Абылай ханның қайраткерлік тұлғасы, қазақ елінің іргелі мемлекет болуы жолындағы ерліктері жайында сұрақтар қойылып, тұщымды жауаптар алынды. №13 мектептің оқушысы Қонысбай Нұрсұлтан Абылай ханның « Шаңды жорық» күйін орындады.