12 сәуір - Халықаралық авиация және ғарыш күні мен 2021 жыл қазақтың ғарышкерлері Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаевтың мерейтойлары. Осы даталы күнде «Жезқазған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ №2 үлгілі кітапхана-филиалы «Бүгін ғарышта мерейтой» атты онлайн – викторина ұйымдастырды. Қазақстанның Байқоңыр аймағынан тұңғыш ғарыш кемесі космосқа аттанса, кейінгі жылдары 500-ден аса ғарышкер аспан әлеміне сапар шегіп, ғылыми зерттеулер жүргізді. Солардың ішінде Қазақстанның үш өкілі, өз елінің ұлттық батырлары, ұшқыш-ғарышкерлер: Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев және Айдын Айымбетовте бар. Викторинада еліміздің ғарышкер-ұшқыштары, халық батырлары Т.Әубәкіров, Т.Мұсабаев және А.Айымбетовтың өмірі, қызметтері және космос кеңістігін бағындырудағы жасаған ерліктеріне қатысты сұрақтар желі оқырмандарына ұсынылды.