Бүгін 15 сәуір шұғылалы көктемнің шуақты күнінде "Жезқазған қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ-нің жанындағы "Парасат жолы Адалдық Алаңы" орталығында қаламыздың "Жас Отан" жастар қанатының мүшелерінің қатысуымен шолу-көрмесі ұйымдастырылды. Келушілерге кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Ә. Бірәлі орталықтың мақсатын, атқарылып жатқан жұмыстарын, жоспарын таныстырды. Шаһарымыздың белсенді жастарына парасатталық, танымдылық, жемқорлықсыз болашақ жайында түсіндірме жұмысын жүргізді. Шара соңында келген кітап сүйер қауымға елімізге белгілі ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Ғ. Ештанаевтің "Нүкте" атты кітабы тарту етілді. Даналықтың мекені кітапханаға асығайық!!!!