Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында көктем мерекесі - Наурыз мейрамының мазмұнын байыта түсетін тұжырымдама жасауды ұсынған болатын. 
   «Наурыз шуағы» мейрамын тойлауға арналған тұжырымдама аясында № 2 үлгілі кітапхана-филиалы 23-наурызда «Нұр себеле, нұр Наурыз!» атты жоралғы Күніне орай салт-дәстүр кешін ұйымдастырды.  Бұл күні әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер айшықталды. Ұмыт бола бастаған жоралғылар жаңғыртылды. 
Наурыз – жаңа күннің бастауы. Табиғаттың жаңарып, тіршіліктің жанданып, ниеттің тазарып, жақсылықтың, ізгіліктің оянатын шағы.

     "Парасат жолы" орталығында Алаш партиясының бірініші төрағасы Әлихан Бөкейхановтың туғанына 155 жыл толуына байланысты N7 кітапхана-филиалы "Қазақ көсемі" атты дөңгелек стол ұйымдастырды. Дөңгелек столға арнайы қонақтарымыз ақын, журналист Төлеш Асантегі, тарихшы Әуезов Қабдол және қайырымдылық қорының жастары мен С.Сейфуллин атындағы кітапхананың кітапханашылары қатысты.

Пікір білдірді (0) Қаралды: 34
    Киелі Кеңгір жобасы аясында  селомыздың  Отбасылық амбулаториялық дәрігері  болған  Қуаныш Хамзеұлының  - 75жылдық мерей тойын еске алу мақсатында  «Деніңе саулық, дертіне шипа сыйлаған» атты  отбасы және әріптестерімен кездесу ұйымдастырылды.  
    Бұл іс-шараға өмірлік серігі болған жан жары болған жұбайы Рахия Бөлегенқызымен, әріптестері Г. Алтаева, М.Есмағанбетова қатысты.  Дәрігерлерді халқымыз әдетте «ақ халатты абзал жандар» деп атайды. Себебі науқастарды емдеп, олардың жандарына араша түседі.   Сондай дәрігерлердің арасында мақтан тұтып айтатын дәрігеріміз ардақты да білімді, өмірінің сонына дейін халыққа қызмет етіп өткен  Қуаныш Хамзеұлы Әбіл. Ақ халатты абзал жан өзі мейірімді,  үлкен кішіге сыйлы, ізетті болған дәрігеріміз   Талап,Теректі, Қорғанбай, Түйемойнақ сонымен қатар қыстақтарды, разьездерге барып халыққа қызмет істеген дәрігер.  Р.Бөлегенқызы  жұбайы Қ.Хамзеұлы жайлы қалай отбасы құрып, өмірінің сонына дейіңгі қызықты сәттерінен айтып өтті. Сонымен қатар әріптесі болған  Г.Алтаева  дірігері Қ.Хамзеұлымен  35 жыл бірге еңбек еткен жыларынан  еске алып жақсы пікірлері мен естеліктері жайлы айтып өтті.
Пікір білдірді (0) Қаралды: 28

      М.Әуезов атындағы кітапхана-филиалы 2021 жылғы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің мерейтойына арналған «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына - 30 кітап» атты кітап көрмесін ұсынады. Көрме 5 бөлімнен тұрады: поэзия, проза, балалар әдебиеті, драматургия, аударма. Осы 5 бөлімнің бірі проза бөліміне тоқтала өтейін. Проза бөліміне жазушы Тынымбай Нұрмағамбетовтің «Періштелердің өлімі», Тобық Жармағамбетовтің «Отамалы», Сәуле Досжанның «Қасірет пен тағдыр», Юрий Серебрянскийдің «Дәмді де пайдалы қазақстандық әдебиет», Даурен Қуаттың «Бөрісоқпақ», Тұрысбек Сәукетайдың «Желқайық» романы таңдалынып алынды.

     М.Әуезов атындағы кітапхана-филиалының оқырманы Жезқазған медициналық колледжінің 122-ЛД тобының студенті Жанбаева Құндыз Т.Сәукетаевтің «Желқайық» романын оқып, оған қысқаша шолу жасады. Ал, Әбдірашид Аяулым www.nabrk.kz сайтынан С.Досжанның “Қасірет пен тағдыр” кітабын онлайн оқуда. Тамаша үздік туындыларды бірге оқуға шақырамыз!

    Акция аясында ел болып оқитын кітаптар үлкенді сыйлау, сөз тыңдау, ата дәстүрін құрметтеу сияқты дәстүрлерге мән беруге, рух, жан тазалығын, шынайы қасиеттерді сүйіп, толғанулармен оқырман жүрегінде орын табады деген сенімдеміз.

Пікір білдірді (0) Қаралды: 48

     2021 жылдың 3 наурызында кітапханаларды дамыту ісі және әдістемелік жұмыс бөлімі мен ақпаратты – библииографиялық бөлімнің ұйымдастырумен филиал кітапханашыларына «Библиографиялық жазбаларды толтыру» атты практикумдық кеңес өтті. Библиографиялық жазба оның ішінде мерзімді басылым беттерінде жарияланған мақалаларды РАБИС бағдарламасына библиографиялық жазбаны дұрыс енгізу барысында электронды каталогқа әр жазбаны сауатты енгізу, тақырыбын дұрыс ашып жазу, сипаттаманы жіктегенде индексін, деңгейін дұрыс таңдау, кілттік сөзді дұрыс жазу, каталогта берілген анықтаманы дұрыс пайдалана білу, жазбаның сақтау орнын нақты жазу т.б. ақпараттар берілді. Практикумдық кеңес аясында библиографиялық жазбаны енгізу кезінде туындаған қиындықтар туралы өз ойларымен бөлісті.

Пікір білдірді (0) Қаралды: 30
98765