М.Әуезов атындағы кітапхана-филиалы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын, журналист,  айтыс өнерінің ұйымдастырушысы Жүрсін Ерманның 70 жас мерейтойына орай  «Ұлытаудың ұлымын» атты бейне-слайдын  ұсынады. Қасиетті Ұлытау топырағынан тамыр алып, бүгінде ұлттың сөзін сөйлейтін тұлғаға айналған ақын Жүрсін Ерманның поэзиясы оқыған адамды бей-жай қалдырмасы анық. Ол қазақтың қамын тек айтыс сахналарынан ғана саңқылдап айтқан жоқ, оңашада өлеңмен сырласқан сәттерінде де бір сәтке есінен шығарған емес. Жүрсін Ерман өзі өмір сүрген қоғам мен адам тағдырын ұштастыра жырлауда шеберлік биігінен көтерілген шығармашылық иесі. Ақын шығармаларының көркемдік қуаты, парасат-пайымы өте жоғары.
Пікір білдірді (1) Қаралды: 50
      18 ақпанда №2 үлгілі кітапхана-филиалы Жәңгір ханның 220 жылдығына орай «Ел жадындағы әмірші» атты тұлға көрме ұйымдастырды. Бөкейұлы Жәңгір ханның өмірбаяны, билік құрған кездегі тарихи деректер, қазақ балаларына ашқан мектебі, ескерткіштер, Жәңгір хан туралы кітапханада бар кітаптар, кітап көрмесімен таныстырылды. Бөкейұлы Жәңгір хан (1801—1845) - Кіші жүздің Әбілқайыр хандығынан бөлініп шыққан. Бөкей ордасының соңғы ханы, Әбілқайырдың шөбересі, Нұралының немересі. Оның шын аты Жиһангер. Әкесі Бөкей Еділ мен Жайық арасындағы елін әуелі сұлтандық дәрежеде басқарады да, кейін орыстың қазақ хандықтарын бөлшектеп, әлсірете беру саясатына орай 1812 жылы хан атағын алады. Бірақ ол хандықтың қызығын көп көре алмай, 1815 жылы қайтыс болады. 1815 жылы әкесі мұрагерлік салтқа сәйкес хандық тақты Жәңгірге берген. Алайда, Жәңгір хан жас болғандықтан, Бөкейдің тапсыруы бойынша хандықты Бөкейдің інісі Шығай сұлтан басқарады. 1823 жылға дейін Жәңгір Астрахань губернаторы Андреевскийдің үйінде тәрбиеленіп, еуропаша білім алады. Сол жерде хандықты әкімшілік тұрғыдан басқару әдіс-тәсілдерін үйренеді.
     Кеңгір селолық N5 үлгілі кітапхана-филиалы " Ғасырдың ғаламат ақыны" атты поэзия кешін ұсынады.  
    Құрметті кітапсүйер,өлеңсүйер, өнерсүйер қауым! Биыл ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туылғанына-90 жыл. Тума талант, дарынды ақын бұл күнде өмірден өтсе де, барша казақтың жүрегінде берік орныққан. М.Мақатаев шығармашылығы-қазақ поэзиясының алтын қоры.   ХХ ғасырдың  бірінші жартысында дүниеге келген,ұлттық бастауларды рух пен тәнге сіңірген талант өз халқының ең сүйікті ақыны болды.Оның шығармаларын зерттей отырып,  Отанды сүюді,табиғатты қорғауды,адамдарды,ата-анамызды және жақындарымызды бағалауға үйренеміз. Оқырман жүрегіне поэзияны сүюге, оны бағалай білуге,сыршыл да сыншыл да шыншыл ақын өлеңдерінің мәні мен маңызына үңілдіруге, рухани танымын кеңейтуге ықпал етеді.
Пікір білдірді (0) Қаралды: 57

      №2 үлгілі кітапхана-филиалы өлкемізден шыққан, республикаға танымал ақын Жүрсін Ерманның 70 жасқа толуына орай «Өмірі өшпес өнеге» атты әдеби бейне салон ұйымдастырды.

     Жүрсін Молдашұлы Ерман 1951 жылы 12 ақпанда Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Құрайлы ауылында дүниеге келді. Еңбек жолын 15 жасында Жезді аудандық «Октябрь туы» газетінде әдеби қызметкер болып бастаған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ҰУ, Алматы жоғарғы партия мектебін бітірген.

Елі ардақтаған Баубек Бұлқышев пен Мұқан Иманжановтың артында кейінгі ұрпағына үлгі қыларлықтай із қалдырды.

Ұлт ұясы- Ұлытаудан қанаттанған тұғыры биік тұлғалар қайсар мінез, жалын жүректі жауынгер –публицист Баубек Бұлқышев пен саналы ғұмырында қазақ әдебиетін әлем әдебиетіне қарай сүйреген дарабоз жазушы Мұқан Иманжановтың туғанына 105 жыл толуына орай С.Сейфуллин атындағы кітапханада «Қияға самғаған тау ұлдары» атты видеослайд.

Аталарымыздың 105 жылдығы құтты болып, бабаларымыздың рухы елімізге бейбітшілік, тыныштық сыйлағай!

Пікір білдірді (0) Қаралды: 46
98765