Қазіргі кезде елімізде балаға зорлық-зомбылық көрсету фактілері көбейіп кетті. Кәмелетке толмағандардың қылмыскер құрбанына айналуы көпшілікті алаңдатпай қоймайды. Осыған орай, Жезқазған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің №2 үлгілі кітапхана-филиалы 5 ақпанда «Абай бол, балақай!» атты ақпараттық дайджесті көпшілік оқырман назарына кітапхананың әлеуметтік желідегі парақшаларына ұсынды. Ақапараттық дайджесте зорлық-зомбылық сөзіне анықтама және оны тудыратын факторлар, балаларға зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін не істеу керектігі мен ата-аналар үшін баламен қарым-қатынас орнатып, баланың сеніміне кіріп, қандай жайттарға назар аудару керек екені жайлы ақпараттар берілді. Сонымен қатар, дайджесте еліміздің барлық өңірлеріне бірдей кез келген бала мен жасөспірім көмек сұрап, хабарласа алатын сенім телефоны жұмыс істейтіні жайлы ақпарат ұсынылды.

Пікір білдірді (0) Қаралды: 52

  «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» рухани – мәдени акциясы аясында әдебиетіміздің қазыналы туындыларын насихаттау, оқу мәдениетін қолдау және дамыту, жастарды рухани және патриоттық тәрбиеге баули отырып «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітаптың» ішінен Ыбырай Алтынсаринның «Өнер білім бар жұрттар» атты жинағын ұсынып отырмыз.

   Акция аясында ел болып оқитын кітаптар үлкенді сыйлау, сөз тыңдау, ата дәстүрін құрметтеу сияқты дәстүрлерге мән беруге, рух, жан тазалығын, шынайы қасиеттерді сүйіп, толғанулармен оқырман жүрегінде орын табады деген сенімдеміз.

Пікір білдірді (0) Қаралды: 46

    2021 жылдың 30 қаңтарында № 2 үлгілі кітапхана-филиалы «Кітап оқитын ұлт» Жобасы бойынша «Бір айда бір кітап» акциясы аясында балалар жазушысы Толымбек Әбдрайымның «Алабұға аулаған күн» атты кітабына шолуды онлайн оқырмандарға ұйымдастырды. Іс-шараны кітапханашы Ж.Тукенова жазушының қысқаша өмірбаяны, қызметі, марапаттары, шығармашылығымен таныстырып өтті. «Жанұя» отбасылық клубының оқырманы Камалбек Жұбан осы кітаптағы «Тұнжыр» әңгімесінің қысқаша мазмұнын онлайн бейнеролик арқылы көрермендерге таныстырды. Бұл шығармада Рауан деген баланың тағдыры суреттеледі. Жазушының балаларға арналған әңгімелері оймақтай. Оюлы, сырлы, мағыналы және мазмұнды. Балалардың жанын керемет түсінеді. Жазушының әр туындысы оқырманын имандылыққа, адамгершілікке, патриоттыққа, өнегелікке тәрбиелейді. Жас өркен жан дүниесіне әсер етерлік әңгімелердің оқиғасы қызықты, балаға тән іс-әрекеттерімен оқырманды баурайтынына сенімдіміз.

Пікір білдірді (0) Қаралды: 80
    Жазушы   Мағзом  Сүндетов Атырау облысында 1936жылы  29 қаңтарда дүниеге келген.   Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері. ҚазҰУ-ды бітірген (1959). 1958 - 1959 ж. Қазақстан көркем әдебиет баспасының проза редакциясының кіші редакторы, 1959 - 1990 ж. сол баспада редактор, бөлім меңгерушісі, 1990 - 1996 ж. "Ана тілі" баспасының бас редакторы қызметтерін атқарған. Сүндетов әнгімелері "Ақжелкен", "Парасат", "Қазақ әдебиеті" сияқты белгілі баспасөз беттерінде жарияланған. Сүндетовтің тұңғыш "Жол айырығы" кітабы 1961 ж. жарық көрген. Сүндетовтің повесть, әңгімелері шет ел тілдеріне аударылған. Сүндетов "Еңбек ерлігі үшін" медалімен, Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталган.1999жылы 8 ақпанда  Доссор, Гурьев обласында қайтыс болды.
   Жазушының туғанына биыл 85жыл толуына  орай ұймдастырылып отырған «Көркем сөздің шебері» атты виртуалды көрмені ұсынамыз!
Пікір білдірді (0) Қаралды: 41

    Құрметті оқырмандар және әлеуметтік желілердің пайдаланушылары! Жезқазған қаласының Балалар мен жасөспірімдер кітапханасы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "Әлемге танылған, тәуелсіз Қазақстан" атты кітап көрмесін ұсынады. Бұл көрме циклдардан тұратын болады, олардың әрқайсысы Қазақстан тәуелсіздігінің қалыптасуының белгілі бір онжылдығын ашып көрсетеді және тоқсан сайын толықтырылатын болады. Біздің көрменің алғашқы циклі 1991 жылдан бастап 2001 жылға дейінгі ел тәуелсіздігінің қалыптасу тарихы бойынша  белгілі күндері болып табылады. Мұнда сіз белгілі бір кезеңнің маңызды оқиғаларын көрсететін кітаптарды көре аласыз.

Пікір білдірді (0) Қаралды: 50
98765