М.Әуезов атындағы кітапхана-филиалы «Президенттің жолдауы: Еліміздің жарқын болашағы» атты бейне ролигын ұсынамыз. 2020 жылы 1 қыркүйек Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына «ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН: ІС-ҚИМЫЛ КЕЗЕҢІ» атты биылғы Жолдауды ұсынып, бүкіл әлемді алаңдатып отырған пандемиямен күрес жолдарын, оның елімізге алып келген зардабы мен өзгерістерін айта келіп, еліміздің әлеуметтік дамуына, ел тұрғындарының табысы мен жұмыс орындарының сақталуын, халқымыздың денсаулығы мен өмірін сақтау жолындағы жұмыстарға басты назар аудару керектігін қадап айтты. Бүгінгі ел Президентінің жолдауы еліміз

Пікір білдірді (0) Қаралды: 67
   Елімізде сыбайлас жемқорлықпен күреске жалпы мемлекеттік саясат мәртебесі берілген, оны жүзеге асыру бойынша ұйымдастырушылық және құқықтық іс-шаралар жүргізу арқылы жалпы жүйелік және кешенді сипатқа ие боламыз. Жемқорлық билік еткен қоғамның алға баспайтынын ескерсек, оны кезек күттірмес мәселелер қатарында тез арада реттеуге тиістіміз. Осыған орай, № 2 үлгілі кітапхана-филиалы пайдаланушылар назарына «Сыбайлас жемқорлық – әлеуметтік қастық» атты шок урок ұсынып отыр. Пайдаланушылар осы бейнероликтен сыбайлас жемқорлықтың ел экономикасының дамуына үлкен қатер тудырып жатқан, пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыратын мағлұматтармен таныс болады. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» ҚР Заңы, сыбайлас жемқорлық тақырыбында баспасөз беттерінде жарық көрген мерзімдік басылымдар ұсынылды. Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық адамның азаматтық борышы деп білуіміз керек.
Пікір білдірді (0) Қаралды: 56

    Кеңгір селолық N5 үлгілі кітапхана-филиалы "Жолдау-ел дамуының алтын бағдары" атты мекеме қызметкерлерімен дөңгелек үстел өткізілді. "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" атты Президент Қ.К.Тоқаевтің Қазақстан халқына  арнаған Жолдауында көп мәселелер айтылды. Жыл сайынғы әрбір Жолдауда көтерілетін мәселелер өз мәнінде атқарылуда. Биылғы жолдауда да еліміздің әлеуметтік жағдайларына көп көңіл бөлінді. Атап айтқанда, Халықтың зейнетақы қорындағы салымдарын қажетіне қарай рұқсат етілген жайлы әкімшілік маманы С.Ермағанбетов айтып өтті. Оның ішінде баспана сатып алуға, қымбат емінің  ақысын төлеуге пайдалана алатыны жайлы айтылып өтті. Сонымен қатар мәдениет үйінің меңгерушісі К.Мағзұмов білім саласы қызметкерлеріне үстем ақы төлеу жөнінде айтылды. Денсаулық сақтау саласы мамандарына да қамқорлық жасау қажеттілігі жайлы,  мәдениет қызметкерлері де құр қалмайтыны айтылды. Жалпы алғанда Жолдауда сөз болған барлық мәселелер көпшіліктің көкейіне қонып, ертеңге деген сенімін оятты.

Пікір білдірді (0) Қаралды: 39
   10 қаңтар М.Әуезов атындағы кітапхана-филиалында  қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен  қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген, өлеңдерін жанына тұмар еткен «Жас толқын» поэзия клубының «Өнерлі ұрпақ – ел болашағы» атты бейнеролик ұсынамыз. Халқымыздың асыл мұрасына айналған ақын жазушылардың құнды дүниелерін таныстыру негізінде және жас қаламгерлердің өз шығармаларын дәріптеу мақсатында «Жас толқын» жас ақындар клубы  ұлттық тәлім тәрбиені басшылыққа ала отырып, әртүрлі кештер ұйымдастырып, ән-жырымен өрнектейді. Бүгінде сол үрдіспен кітапханамызда  «Жас толқын» жас ақындар клубы жұмыс істеп келеді. Сізді «Жас толқын» поэзия клубына шақырамыз! 
Пікір білдірді (0) Қаралды: 46

     Әнет баба Кішікұлы – Орта жүз биі, тобықты руынан. Бұхар медресесінде оқып, ғұлама атанған.Түркістанда хандық құрған. Әз Тәукенің кеңесші биі болған, әдет заңы – «Жеті жарғыны» жасасқан. Әнет баба – қазақ хандығын нығайтуда, қалмақ-жоңғар шапқыншылығынан елін қорғауда ақылшы мәмлегерлігімен халық сеніміне ие болған би. Бейне – шолудың мақсаты өскелен ұрпақты қазақ билерімен кенінен таныстыра отырып, тарихқа шолу жасау.

Пікір білдірді (0) Қаралды: 50
98765