М .Әуезов атындағы кітапхана-филиалы «Мерей той» кітабы атты виртуалды көрме ұсынады. «Айман-Шолпан» — лиро-эпостық жырының жарық көргеніне биыл 125 жыл толып отыр.
   1896 жылы алғаш жазып алып, баспаға ұсынған – Жүсіпбек Шайхысыламұлы. 1910-1913 жылдары Қазан баспасынан жеке кітап болып басылып шықты. «Айман-Шолпан» — реалистік мәнерде шығарылған, аса көркем жырлардың бірі.1934 жылы Мұхтар Әуезов «Айман-Шолпан» жыры бойынша музыка драмасын жазды. Қазақтың мемлекеттік академиялық опера және балет театрының репертуарынан көп жылдар бойы түспей келді. 1960 жылдан драмалық театрлар сахналарында қойыла бастады. Бүгінде «Айман-Шолпан» кітабы МЕРЕЙ ТОЙ кітаптар қатарында КІТАП ОҚЫП,РУХАНИ БАЙ БОЛАЙЫҚ! 
 
Пікір білдірді (0) Қаралды: 32

    Бүгін 15 сәуір шұғылалы көктемнің шуақты күнінде "Жезқазған қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ-нің жанындағы "Парасат жолы Адалдық Алаңы" орталығында қаламыздың "Жас Отан" жастар қанатының мүшелерінің қатысуымен шолу-көрмесі ұйымдастырылды. Келушілерге кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Ә. Бірәлі орталықтың мақсатын, атқарылып жатқан жұмыстарын, жоспарын таныстырды. Шаһарымыздың белсенді жастарына парасатталық, танымдылық, жемқорлықсыз болашақ жайында түсіндірме жұмысын жүргізді. Шара соңында келген кітап сүйер қауымға елімізге белгілі ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Ғ. Ештанаевтің "Нүкте" атты кітабы тарту етілді. Даналықтың мекені кітапханаға асығайық!!!!

Пікір білдірді (0) Қаралды: 28

    12 сәуір - Халықаралық авиация және ғарыш күні мен 2021 жыл қазақтың ғарышкерлері Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаевтың мерейтойлары. Осы даталы күнде «Жезқазған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ №2 үлгілі кітапхана-филиалы «Бүгін ғарышта мерейтой» атты онлайн – викторина ұйымдастырды. Қазақстанның Байқоңыр аймағынан тұңғыш ғарыш кемесі космосқа аттанса, кейінгі жылдары 500-ден аса ғарышкер аспан әлеміне сапар шегіп, ғылыми зерттеулер жүргізді. Солардың ішінде Қазақстанның үш өкілі, өз елінің ұлттық батырлары, ұшқыш-ғарышкерлер: Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев және Айдын Айымбетовте бар. Викторинада еліміздің ғарышкер-ұшқыштары, халық батырлары Т.Әубәкіров, Т.Мұсабаев және А.Айымбетовтың өмірі, қызметтері және космос кеңістігін бағындырудағы жасаған ерліктеріне қатысты сұрақтар желі оқырмандарына ұсынылды.

Пікір білдірді (0) Қаралды: 27

     Кеңгір селолық N5 үлгілі  кітапхана-филиалы "Өнегелі отбасы қоғам байлығы"  атты этнографиялық сағатын ұсынады. Бұл іс-шараға кітапхананың отбасылық тұрақты оқырмандары Әбдіхалықовтар отбасы және "Өркен" үйірмесінің мүшесі Бақыт Әмзееқызының отбасы жайлы ұсынамыз. Айта кетсек Бақыт Әмзееқызы ұлағатты ұстаз 34жыл еңбек жасап қазіргі танда зейнеткер. Немерелерімен бірге кітапханаға келіп көркем әдеби, поэзиялық, лиро.эпостық, балаларға арналған ертегілерді алып оқиды.

Пікір білдірді (0) Қаралды: 32
      «Парасат жолы» орталығында Абылай ханның туғанына 310 жыл толуына орай «Хан Абылайдың арманы – ұлттың ұлы мұраты» атты кездесу Zoom платормасында өтті. Аталмыш іс-шараға Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің «Қазақстан тарихы, экономика және құқық» кафедрасының аға оқытушысы, тарих ғылымдарының магистрі Әуезов Қабдол Жанділдәұлы, модератор, тарихшы Көпбаев Бақытжан Игенұлы және қаламыздағы №1,8,13 мектеп оқушылары мен кітапханашылар қатысты.
     Іс-шараның мақсаты көпшілік қауымға Абылай ханды аса ірі мемлекет қайраткері, дипломат, қолбасшы, өз халқының азаттығы мен тәуелсіздігі үшін күрескен тұлға екеніндігін таныта отырып насихаттау.
    Шара барысында халқына дана, еліне пана болған Абылай ханның қайраткерлік тұлғасы, қазақ елінің іргелі мемлекет болуы жолындағы ерліктері жайында сұрақтар қойылып, тұщымды жауаптар алынды. №13 мектептің оқушысы Қонысбай Нұрсұлтан Абылай ханның « Шаңды жорық» күйін орындады.
Пікір білдірді (0) Қаралды: 37
98765