1. Адам-керуен, өмір –жол.

2. Тіршіліктің негізі –еңбек. Еңбекпен ғана адам жақсы тұрмысқа жеткен.

3. Жалпы ынта бөліп, жігер, қайрат болса, өз-өзіне сенген кәміл иман болса, ер жігіттің істей алмайтын ісі жоқ.

4. Жан-жағың түбі жоқ, тұңғиық болса, тұңғиықтан шығуға бір-ақ ауыз болса, ол ауыз –күмәнсіз өлім болса, адам өлімге тайынбай тура қарамақ. Қайта өліммен тезірек айқасуға ұмтылмақ.

5. Оқу –білім қазығы,

Адамның азығы.

Оқу өмірдің сәні,

Тіршіліктің шамы.

6. Жазушы деген сөз қалаушысы, сөз кестешісі, сөз зергері, зергері болғанда жай ғана зергер емес, сөз арқылы адамның жан дүниесін, сана-сезімін тәрбиелейтін зергер. Сондықтан да ол «адам жанының инженері».

7. Ұйымдасып істеген,

Әр істің бір сәні бар.

Әр қимылдың өзінше,

Ырғағы бар, әні бар.

8. Ер қимылдап іс істейді,

Еш жұмысқа ерінбейді.

Қолы күшті білек-батыр,

Жұмыр мойын темірдей.

9. Адамның жайын ауылдасы білмейді, істесі біледі.

10. Еңбекші адам сен, тек бізде бағалы,

Сен тек бізде құрыш болат тағалы...

Бізде ғана еңбек-құрмет –бағалы,

Еңбек елі еткін болат тағалы.