Мемлекет және қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің 125 жыл толуына орай өтіп жатқан «Өзіңмен сырласады ұрпақтарың» атты Сәкен апталық аясында «Сәкеннің сара жолы» атты әдеби музыкалық көрініс Сәкен Сейфуллина кітапханасының мәжіліс залында өтті. Қазақстанның қоғамдық тарихында абыройлы орын алатын, революционер-коммунист, қазақтың белгілі жазушысы, ақын, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, композитор, қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі, нағыз сегіз қырлы бір сырлы тұлға Сәкен Сейфуллиннің «Сәкен Сейфуллин » атты бейнеролигі көрермен назарына ұсынылды. «Сағындым», «Сыр сандық», «Ақсақ киік», «Көкшетау», «Біздің жақта» өлеңдері орындалып, музыка колледжінің студенттері: Әділет Тұлығожаев,Әділет Мақажанов, Батыржан Саханов, Жарылқасынова Назерке, Рауан Қайрат, Еркеназ Найзабаева, Айда Қуаныш өнерлерін көрсете білді. Іс- шара соңында қатысушылар «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында мемлекет және қоғам қайраткері, ақын С.Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған «Өзіңмен сырласады ұрпақтарың» атты Сәкен апталығына белсене қатысқаны үшін «Диплом»-мен марапатталды.