2019 жылдың 17 қазаныңда Балалар мен жасөспірімдер кітапханасы  ОКЖ-нің С.Сейфуллин атындағы кітапхананың мәжіліс залында, «Өзіңмен сырласады ұрпақтарын» атты Сәкен апталығы аясында, ақынның 125 жылдығына орай «Сәкен Сейфуллин – қазақтың бір туар ұлы» атты поэтикалық марафон ұйымдастырды. Аз ғана ғұмырында Қазақ елі мен халқына өлшеусіз, мол мәдени мұра қалдырып, олардың дамуына сүбелі үлес қосқан ақынның өмірбаяны мен поэзиясына сыр шерткен бұл кешке, С.Сейфуллин кітапханасының ұжымы, қаламыздағы №8 қазақ гимназиясының оқушылары мен тұрақтар оқырмандар қатысты. Оқырмандар назарына ең алдымен Сәкен Сейфуллин биографиясының қыр-сырын ашатын, оның өмірі мен шығармашылығы туралы бейнеролик көрсетілді. Іс-шара барысында №8 қазақ гимназиясының 8 «В» сынып оқушылары «Ақынның анасына хат жазуы» атты қойылым көрсетсе, оқырман Дәулет Асқар домбырамен  күй шертті. Сондай-ақ оқушылар ақынның  табиғатқа аралаған  «Ақсақ киік», «Көкшетау», «Далада» т.б өлеңдерін мәнерлеп оқыды.  Кітапханашылар көрермендермен ақынның шығармашылығы мен өміріне арналған викториналық ойын өткізді. Шара соңында Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Ғалия Өмірзаққызы Түгелбаева өнер көрсеткен балаларды дипломмен  марапаттап, сый-сияпат беріп, ізгі тілектерін білдірді.