18 қазан күні мемлекет және қоғам қайраткері, ақиық ақын С.Сейфуллиннің 125 жылдығына орай ұйымдастырылып отырған апталыққа байланысты М.Әуезов кітапхана-филиалы "Сәкеннің сұлу жырлары" атты әдеби марофон өткізді. Көрермендерге Жезқазған филормониясының әншісі,ҚР-ның еңбек сіңірген әртісі Ғ.Мұхамединнің орындауындағы С.Сейфуллиннің 125 жылдығына шығарылған таспадағы әндер жинағы орындалып тұрды.

Іс-шараның мақсаты жастарға еліміздің тәуелсіздігі мен елдігі үшін күрескен Алаштың ардақтысы С.Сейфулиннің өмірі мен шығармаларын оқып, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу.
С.Сейфуллиннің жерлесі, ақын топырағынан нәр алған мед.колледждің студенті Қызғалдақ Серкебай "Біздің жақта", "Тау ішінде" әнін тамылжыта орындаса, 7 мектеп-лицейінің оқушысы Тоқтамыс Бірмағанбетов Сәкен рөлін сомдап, "Монолог" оқыса, ақынның табиғатты жан жүрегімен нәзік сезініп, сүйсіне жырлаған "Оқжетпес", "Жұмбақтас", "Бурабай" поэмаларын кітапхана оқырмандары, ЖезУ, мед.колледжінің студенттері Шамшат Түзел, Нұршат Күлмұратова, Мөлдір Манарбекқызы мәнерлеп жатқа айтып берді. Жас кітапханашы А.Айтбаева "Келіншектің бесік жырын" көрініс арқылы жеткізді. Сәкенге шығарылған арнау мен өлеңдерді 11,7 мектеп оқушылары, "Жас толқын"поэзия клубының мүшелері А.Ермекбаева, А.Мажитова, Н.Серікбай, А.Қажмағанбетова, М.Иманжанова, Е.Таңатар ж/е жас ақын Бейбіт Сәбит жырмен тебірене жеткізді. Саз колледжінің студенттері Б.Аманғали, Б.Сақанов "Ақсақ киік", "Көкшетау" әндерін тамылжыта орындап әнмен шашу шашты. Іс-шараға 11 мектеп мұғалімі Райхан Қаппар мен мед.колледж мұғалімі Қайырлен Ораз және мед.колледж студенттері қатысты. Іс-шараға белсене қатысқандары үшін жастар дипломмен мараппатталып,естелікке суретке түсумен аяқталды.