Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы 2021 жылды – Тәуелсіздіктің 30 жылдығы ретінде жариялады. Мемлекет басшысы былтырғы қазан айының 22-і күні ұйымдастырылған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында биылғы жаңа жыл Тәуелсіздіктің 30 жылдығы атауымен айрықша атап өтілетіндігін айтқан болатын. 

   Бұл – өткен жолымызды зерделеуге жақсы мүмкіндік. Мерейтой саяси-экономикалық реформалар, цифрландыру, балалар мен мүгедектердің құқығын қорғау, экология мәселесін шешу аясында өтеді, – деді Қасым-Жомарт Кемелұлы. Отырыс барысында Президент қазір осынау маңызды тарихи датаға орай көптеген салтанатты шара өткізетін уақыт еместігін де атап айтты. – Біз маңызды істерді ұзаққа созбай, қысқа мерзімде нақты нәтижелерге қол жеткізуіміз керек, – деді Мемлекет басшысы.
 
Өлке ақындары жырлайды
 
 
Мерзімді басылымдар 
 
 
Кітап көрмесі