Басшылар – КГУ "Централизованная Библиотечная Система Отдела Культуры И Развития Языков Города Жезказгана"

"Жезқазған Қаласының Мәдениет Және Тілдерді Дамыту Бөлімінің Орталықтандырылған Кітапханалар Жүйесі" КММ

  • Русский
  • Қазақ тілі
  • Құрметті оқырмандар! Кітапхана күнделікті сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, дүйсенбі, тазалық және мереке күндерінен басқа күндері ашық. Сенбі және жексенбі күндері кітапхана жұмыс істейді.

    Басшылар

    Махмұтова Анар Жамантайқызы

    Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің

    басшысы

    1976 жылы Қарағанды облысы, Теректі стансасында туған.

    1995 жылы -Жезқазған педагогикалық институтының жеделдетілген «Қазақ тілі мен әдебиеті» факультетін, 1998 жылы – «Қазақ тілі мен әдебиет орыс мектептерінде» факультетін, 2008 жылы – Алматы қаласындағы Қыздар педагогикалық институтының «Кітапхана және кітапханатану» бөлімін  сырттай оқып бітірді.

    1995 жылдан М.Әуезов атындағы  орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің оқу залында  кітапханашы, 2012 жылдан М.Әуезов атындағы кітапхана-филиалының меңгерушісі.

    2023 жылдың қаңтар айынан бастап «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ басшысының қызметін атқарады.

    2013 жылы ОКЖ арасындағы «Білікті маман – білімнің көшбасшысы» атты сайыста  М.Әуезов атындағы кітапхана -филиалы 1-орын иеленуіне өзіндік үлесін қосты.

    2013 жылы ОКЖ-сі ұйымдастырған «Библиографиялық құралдар жәрмеңкесі  -2013»шебер класс сайысында «Тарих-археологиялық мұражайы ашылғанына – 35 жыл» – ақпараттық- дайджест шығарып, «Мультимедиялық әдістемелік-библиографиялық құрал» номинациясымен марапатталды.

    2018 жылы Қазақстан Республикасы «Өрлеу» білім-ғылым технология порталында «ШЫҒАРМАШЫЛ ҰСТАЗ» «Үздік кітапханашы» төсбелгісі және мадақтамасымен марапатталды.

    2019 жылы Жезқазған қаласы әкімінің «Жылдың үздік кітапханашысы» номинациясы және 100 000 теңге сыйақысымен марапатталды.

    2023 жылы Ұлытау облыс   әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

    Сүйіндікова  Гүлназира  Қайырқұлқызы

    Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің

    басшысының орынбасары

    1970 жылы Жезқазған облысы, Ақтоғай ауданында   туған. 1987 жылы Н.Әбдіров атындағы орта мектепті бітірген.1987-1989 жылдары Жезқазған мәдени ағарту училищесін  оқыған.

    Еңбек жолын 1990 жылы Жезқазған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты  №13 Сарыкеңгір селолық  кітапхана-филиалында бастаған.

    1996 жылы  Жезқазған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің  кітап қорын толықтыру және өңдеу бөлімінің кітапханашысы,

    2009 жылы методикалық-ақпаратты бөлімінің библиографы,

    2010 жылы Жезқазған қаласының С.Сейфуллин атындағы кітапханада Ақпаратты автоматтандыру бөлімінің меңгерушісі,

    2011 жылы оқырмандарға қызмет көрсету  бөлімінің меңгерушісі,

    2012 жылы кітапханаларды дамыту ісі және әдістемелік жұмыс бөлімінің әдіскері,

    2013-215 жылдарда  кітап қорын толықтыру және өңдеу бөлімінің кітапханашысы,

    2015-2018 жылдар аралығында №7 кітапхана-филиалында кітапханашы,

    2019-2022 кітапханаларды дамыту ісі және әдістемелік жұмыс бөлімінің әдіскері,

    2022 жылдың шілде айынан бастап бөлім меңгерушісі,

    2023 жылдың қаңтар айынан бастап Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің  басшысының орынбасары болып қызмет атқарады.