Кітапханаларды дамыту ісі және әдістемелік жұмыс бөлімі
Жанибекова Айнекен Байдешқызы, 1963 жылы қазанның 05 жұлдызында Қарағанды облысы, Жезді ауданы, Байқоңыр совхозында дүниеге келген.
1983 жылы Жезқазған педагогикалық институтының география және биология факультетіне оқуға түсіп, аталған факультетті 1988 жылы аяқтап, география және биология мамандығы бойынша мұғалім деген диплом алып шықтым.
2012 жылы қаңтардың 04 жұлдызынан бастап Жезқазған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі КММ-сі М.Әуезов атындағы кітапхана-филиалында кітапханашы болып еңбек етті.
2015 жылы кітапханашылар мерекесіне орай «Кітапхана-даналық мекені» атты семинар конкурсына белсен қатысқаны және кітапхана ісін дамытудағы еңбегі үшін «Ізденімпаз кітапханашы» номинациясымен марапатталды.
2018 жылы кітапханашылар мерекесі аясында мәдениет саласын дамытуға және кітапхана ісін өркендетуге қосқан үлесі үшін «Кәсіби шеберлігі үшін» номинациясымен марапатталды.
2023 жылдың қаңтар айынан бастап, кітапханаларды дамыту ісі және әдістемелік жұмыс бөлімінің басшысы қызметін атқарады.
2023 жылы 21- мамыр Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне орай Жезқазған қаласының әкімі Қ.Шайжановтың Құрмет Грамотасымен марапатталды.
Бөлім қызметінің негізгі бағыттары:
- кітапханалық қызмет көрсету сапасын жетілдіру;
- кітапхана –филиалдарына әдістемелік көмек көрсету;
- кітапхана мамандарының кәсіби біліктілігін арттыру (зерделі кеңестер, тренингтер, кеңестер);
- озық іс-тәжірибені жинау және тарату;
- әдістемелік құралдар шығару;
- кітапханалардың есептері мен жоспарларын талдау;
- кітапхана ісінің мониторингін құрастыру