Ақпаратты – автоматтандыру бөлімі – КГУ "Централизованная Библиотечная Система Отдела Культуры И Развития Языков Города Жезказгана"

"Жезқазған Қаласының Мәдениет Және Тілдерді Дамыту Бөлімінің Орталықтандырылған Кітапханалар Жүйесі" КММ

  • Русский
  • Қазақ тілі
  • Құрметті оқырмандар! Кітапхана күнделікті сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, дүйсенбі, тазалық және мереке күндерінен басқа күндері ашық. Сенбі және жексенбі күндері кітапхана жұмыс істейді.

    Ақпаратты – автоматтандыру бөлімі

    Құрманбаева Гүлсара Бақытқызы 1990 жылы 5 шілде Қарағанды облысы Жезқазған қаласында дүниеге келген.

    2008 -2010 жылдары Е.А. Бөкетов атындағы унисерситеттің колледжін «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша бітірген. 2010-2013 жылдары Қарағанды экономикалық Қазтұтынуодағы университетін «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша сырттай қашықтықта оқыды.

    2011 жылы 3 қазаннан бастап Жезқазған қаласының орталықтандырылған жүйесінде кітап қорын толықтыру және өңдеу бөлімінде редактор қызметін атқарды.

    2019 жылы ақпаратты-автоматтандыру бөлімінде меңгеруші қызметін атқарды.

    2023 жылдың қаңтар айынан бастап «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ-де ақпаратты-автоматтандыру бөлімінің басшысы қызметін атқарады.

    • 2013 жылы кәсіби мереке – кітапханашылар күніне орай өз біліктілігін жетілдірудегі орасан зор еңбегі және кітап оқырмандарымен жұмыс атқаруда қазіргі кездегі кітапхананың жаңа ақпараттық технологияларын игеруге ат салысқаны үшін алғыс хатымен марапатталды.
    • 2014 жылы Жезқазған қаласының 60 жылдығы аясында өткен «Жас маманның шеберлігі – білімділігінде» атты сайыста ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды
    • 2015 жылы «Кітапхана – даналық мекені» атты семинар-конкурсына белсене қатысқаны және кітапхана ісін дамытудағы еңбегі үшін «Өнерлі кітапханашы» номинациясымен марапатталды.
    • 2018 жылы «Кітапхана – даналық мекені» атты кітапханашылар мерекесі аясында «Жаңашыл кітапханашы» номинациясымен марапатталды.
    • 2019 жылы Жастар жылы және Жезқазған қаласының 65 жылдығы аясында өткен «Жас кітапханашылар – кемел келешегіміздің кепілі» атты байқауының «Үздік виртуалды кітап көрмесі» номинациясы бойынша дипломмен, «Мен кітапханамды мақтан етемін» бейнеролик дайындау бойынша ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
    • 2022 жылы Жезқазған қаласының құрмет грамотасымен марапатталды.

     

    Бөлім қызметінің негізгі бағыттары:

    • кітапханалық-библиографиялық процестерді автоматтандыру және ақпараттандыру, кітапхананың компьютерлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
    • компьютерлерді жетілдіру, физикалық және моральдық тозығы жеткен компьютер жабдықтарын алмастыру, қолданыстағыларын жөндеу. Қазіргі заманғы программалар жасақтамаларын орнату;
    • кітапхананың жергілікті компьютерлік желісіне техникалық қолдау көрсету;
    • интернетке және электронды поштаға қол жеткізуді ұйымдастыру.
    • кітапхананың электронды каталогын пайдалану және қолдау көрсету үшін ақпараттық инфрақұрылым жасау. Негізгі форматтарды жергіліктендіру;
    • кітапхана сайтына, блогына технологиялық қолдау көрсету. Кітапхананың электрондық қызметтерін жетілдіру.
    • онлайн-каталогтың web-интерфейсін сүйемелдеу.
    • кітапханалық процесінде интернет-технологияны пайдалану. Бейнеконференцбайланыс режімінде шаралар өткізу.