Ақпаратты библиографиялық бөлім – КГУ "Централизованная Библиотечная Система Отдела Культуры И Развития Языков Города Жезказгана"

"Жезқазған Қаласының Мәдениет Және Тілдерді Дамыту Бөлімінің Орталықтандырылған Кітапханалар Жүйесі" КММ

  • Русский
  • Қазақ тілі
  • Құрметті оқырмандар! Кітапхана күнделікті сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, дүйсенбі, тазалық және мереке күндерінен басқа күндері ашық. Сенбі және жексенбі күндері кітапхана жұмыс істейді.

    Ақпаратты библиографиялық бөлім

    Жүніс Ақбаян Тайқызы 1982 жылы Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Сарысу ауылында туған. Ұлты –  қазақ, білімі – жоғары.

    1999-2002 жылдары Жезқазған педагогикалық колледжінде оқыды

    2005-2007 жылдары Ө.Байқоңыров атындағы Жезқазған Университетінде  «Ағылшын тілі» мамандығын бітірді.

    2002 -2009 жылдары «Ағылшын тілі» пәнінің мұғалімі болып жұмыс атқарды.

    2009 жылдан бастап Жезқазған қаласының М.Әуезов атындағы кітапхана-филиалында кітапханашы болып жұмыс жасады.

    2023 жылдың қаңтар айынан бастап «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ-де «Ақпараттық библиографиялық бөлімінің басшысы қызметін атқарады.

    «Тілтану» оқу- әдістемелік орталығынан қазақ тілін толық меңгерген үшін С1 жоғары деңгейі бойынша сертификат берілді.(2019 ж)

    – «Тілтану» оқу- әдістемелік орталығынан қазақ тілін толық меңгерген үшін С1 жоғары деңгейі бойынша сертификат берілді.(2019 ж)

    – «Мәдениет: Кітап. Білім. Тіл» OPENAIR-2023 фестивалінде ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің алғыс хаты

    – «Қазақстандық Ұлттық электронды кітапхана: пайдалану технологиясы» шеберлік сағатына қатысқаны үшін ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының сертификатымен марапатталды.

     

    Бөлім қызметінің негізгі бағыттары:

    – кітапхананың анықтама-библиографиялық аппаратын жаңа мәліметтермен жедел

    толықтыру және құру;

    – анықтама – библиографиялық қызмет көрсету ( анықтамаларды орындау: тақырыптық,

    мекенжайлық, фактографиялық, статистикалық және т.б.);.

    – библиографиялық құралдарды қолдану мәселелері бойынша  оқырмандарға кеңес беру;

    – библиографиялық құралдар, тізбелер құрастыру;

    – виртуалды анықтамалық қызмет көрсету;

    – деректер базасынан ақпарат беру;