Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі
Қожырбаева Құралай 1972 жылы қазан айының 06 жұлдызында Қарағанды облысы, Жезді ауданы , Қарсақбай поселкесінде дүниеге келген.
Қожырбаева Құралай Сламбекқызы – 1993 жылы Жезқазған қаласының мәдениет училищесін қызыл дипломмен бітіріп шыққан.
1993 жылы шілде айының 20 жұлдызында Жезқазған қаласының М,Әуезов атындағы «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің” оқырмандарға қызмет көрсету бөліміне кітапханшы болып еңбек жолын бастаған.
2007 жылы –Қарағанды облысының мәдениет департаменті Құралай Сламбекқызы Қожырбаеваға мамандық біліктілікті арттыратын облыстық курстың: «Кітапханалық қызмет: жаңа бағыт» тақырыбы бойынша аудандық, қалалық кітапханашылар тобында дәріс алған үшін берілді.
2007 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне орай өткізілген «Кітапхана – даналық мекені» атты семинар – конкурсқа белсене қатысқаны және кітапхана саласын дамытудағы ұзақ жылғы жемісті еңбегі және үлесі үшін «Ізденімпаз кітапханашы» номинациясымен марапатталды.
2012 жылы «Кітапханашылар күні» аясында өткізілген «Кітапхана – даналық мекені» семинар – конкурсына белсене қатысқаны және кітапхана ісін дамытуға қосқан үлесі үшін «Кәсіби шеберлік» номинациясымен марапатталды.
«Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» ММ-не қарасты кітапхана мамандарының арасында өткізілген «Библиографиялық құралдар жәрмеңкесі-2013» атты шебер класс байқауында біліктілігін жетілдіру мақсатында, жаңа технологияны пайдалана отырып, библиографиялық құралдарды жоғары деңгейде құрастырғаны үшін «Кәсіби шеберлік» номинациясымен марапатталды.
2014 жылы Жезқазған қаласының 60 жылдық мерейтойы аясында қаланың қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны және мәдениет, өнер саласына қосқан шығармашылық үлестері үшін алғыс хатпен марапатталды.
2014 жылы Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамы қарсаңында өткен «Наурыз – думан» мейрамына белсене қатысқаны үшін және кітапхана саласын дамытуға қосқан үлесі үшін «Мадақтамамен» марапатталды.
2018 жылы Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай ұйымдастырылған «Рухани қазына – 2018» республикалық байқауына қатысқаны үшін Қазақстан Республикасының мәдениет министрінің алғыс хатымен марапатталды.
2017 жылы Жезқазған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Тілтану» оқу – әдістемелік орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдің құзыреттіліктері бойынша» В1 орта деңгейін меңгергендігін растайтын сертификат берілді.
2018 жылы «Жезқазған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Тілтану» оқу – әдістемелік орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2018 жылы сәуір- шілде айлар аралығында Ағылшын тілі курсының А1 деңгейі бітіргені үшін сертификат берілді.
2018 жылы за прохождение курса обучающего семинара по теме: «Основы медиации, ее преимущества, медиация в трудовых отношениях» выдан сертификат.
2021 жылы«Жезқазған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Тілтану» оқу – әдістемелік орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2021 жылғы қыркүйек – қараша айлары аралығында Ағылшын тілі курсының А2 деңгейі – Elementary деңгейін растайтын сертификат берілді.
2022 жылы қала әкімінің «Жылдың үздік кітапханашысы» номинациясымен марапатталды.
Бөлім қызметінің негізгі бағыттары:
Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінде оқырмандар топтарына ғылым салалары және құжаттар түрлері бойынша жеке дара қызмет көрсету.
Оқырмандар сұранысын жылдам орындауды қамтамасыз ету.
Орындалмаған әдебиеттер сұранысына талдау жасау және шаралар қолдану.
Бөлім оқырмандарының әдебиеттерді мерзімінде қайтаруын қадағалау және кітап берешектерін ескерту жұмыстарын жүргізу.
Оқырмандардың оқу бағдарламасы, кәсіптік мамандығы, ғылыми тақырыптардағы ақпараттық сұраныстарына сәйкес абонементтің қосымша қорын қалыптастыру.
Пайдаланушылардың ақпараттарға сұранысын талдау негізінде кітапхана қорын толықтыруға қатысу.
Кітапхананың басқа құрылымдық бөлімдерімен бірлесіп мәдени-көпшілік, ақпараттық жұмыстарға қатысу.